Оқушының ақыл- ой мүмкіншіліктернің диагностикасының әдіснамасы

I.Оқушының аты- жөні , туған жылы , денсаулығы, отбасындағы тұрмыс – тіршілігі, үлкендермен қарым – қатынасы, отбасы тәрбиесіндегі негізгі бағыттың дұрыстығы.

II.Мектепке қатынасы және оқушылар ұжымымне өзара қарым – қатынасы :

  1. Сыныпқа жалпы мінездеме ( оқушылардың жетілуі, тәрбиелігі, дәстүрлер мен сынып ұжымына талап деңгейі т. б.)
  2. Ұжымдағы жағдайы ( беделі , жауапкершілігі, көрінісі )
  3. Сыныпқа қатынасы ( оны жақсы, немқұрайды немесе жек көреді, ұжым пікірін бағалауы, кіммен дос және неге негізделген, балалармне жиі ренжісе ме, болса оның себебі неде?)
  4. Ұжымдағы өзінің жағдайына қанағаттама , немесе қандай жағдайда болғысы келеді?
  5. Мектепте болған кезін бағалайма, ондай жағдайда негізінен ненібағалайды?
  6. Тәрбиешілер мен мұғалімдерге қатынасы (оларды жақсы көре ме, сыйлайма, олармен қарым – қатынас жасай ма ? т.б)

Оқу әрекеті.

  1. Үлгерімі, пәндерге ықыласы мен қызығушылығы, білім деңгейі.
  2. Ой -өрісі , көп оқығандығы.
  3. Тіл байлығы (көркем сөйлеуі , сөз қоры, өз ойын жеткізе білуі)
  4. Оқуға қатынасы мен білімге қызығушылығы ( ынтасы , қай пәнге қыласы жоғары, бағаға көз қарасы, оқу әрекетінің негізгі түрткісі т.б.)
  5. Оқу қабілеті :

  • зейін ерекшелігі ( зейіннің ырықты даму дәрежесі, оның шоғырлануы, тұрақтылығы , бөлінуі)
  • оқу материалын ұғынып, байыптап, саналық пен қабылдауы.
  • есте сақтаудың дәрежесі мен сипаты (түсінбей , ықтиярсыз немесе ұғынып , саналы жаттап алу, ықтиярлы есте сақтаудың т.б. жеке –дара ерекшеліктері)
  • ойдың дамуы (құбылыс пен заттың негізгі және қосалқы көрінісін айыра білуі, шешімнің жолдарын тез арада таба алуы)
  • қиялдың дамуы (әр түрлі оқу -әрекетіндегі қиялдың шығармашылық қайта жасау бейнелерінің көрінісі)
  1. Оқу әрекетіндегі ынта – жігері.

Еңбек әрекеті

  1. Еңбеке қатысы ( ыждағатты, ыждағатсыз көңіл бөлуі, өз пайдасы үшін ынтығама? Еңбек етуге құштарлығы жәнет оны нақты не нәрсе қызықтырады т.б)
  2. Еңбек дағдысымен шеберлігін меңгеруі
  3. Еңбек процесіндегі жауапкершілігімен тәртібі
  4. Ұзақ еңбек дағдысына машықтануы
  5. Еңбек әрекетінің түрін қалауы.

Жеке бастың бағыты және арнайы қабілеті
  1. Қызығушылығы (не нәрсеге қызығады, бәрін көрсету)
  2. Сенімі, арманы. Мінезінде асқақтық байқала ма?
  3. Қайсыбір әрекетінде қабілеті ерекше ( ән күйге, сурет салуға т.б)
  4. Нені армандайды және келешекте не істеуге ниет етіп жүр

Тәртібі

  1. Мінез – құлқына сипаттама (өзін байсалды, ұстамды ұстай ала ма, немесе артық қимыл көрсетеді ме?)
  2. Мектеп ережесін орындауы (тәртіпті сақтайды, әдейілеп немесе байқамай бұзады, т.б.)
  3. Үлкендердің талабын орындауы шын ниетпен немесе зорлықпен: оларды орандауда жиі қарсылық көрсетеді ме, атап айтқанда олар қандай. (Тәртіп бұзу түрін көрсету)

Темпераменті мен мінезіндегі ерекшеліктері

  1. Мінезіндегі оң және теріс қасиеттері:

  • Адамдарға, оқуға, еңбекке, тіпті өзіне бағытталған мінезіндегі ерекшеліктері;
  • Қайырымдылығы, кішіпейілділігі, ұжымшылдығы, өзімшілдігі, жауапкершілігі, қарапайымдылығы, тәкәппарлығы, ұстамдығы, дөрекілігі, қызбалылығы, қызғаншақтығы, күйгелектігі, сылбырлылығы, мемендігі;
  • Мінезіндегі жігер келбеті ( қайсарлығы, дербестігі, қиқарлығы, тез иланғыштығы);
2. Темперамент ерекшелігінің көрінісі (әсерлену, қызығушылық өрісі, еңбек қорлығы, алғырлығы, ептілігі, ширақтығы, көпшілдігі)
  1. Көңіл – күй көтеріңкілігі (ақжарқын, көңілді, солғын, жабырқаңғы т.б.) Көңіл – күйінің өзгеруіне қандай жағдай әсер етеді.

Жалпы психологиялық – педагогикалық қорытынды.

  1. Оқушының жеке басының қалыптасуындағы негізгі жетістік пен кемшіліктер, оның ақыл – ой деңгейінің дамуын (төмен, орташа, жоғары) және адамгершілік тәрбиесінің сапасын анықтау)
  1. Мұғалімнің алдында тұрған негізгі психолгиялық – педагогикалық міндеттерді және келешекте оқушылармен актқарылатын тәрбие жұмыстарының бағыттарын анықтау.
  1. Оқушының жеке тұлғасының психологиялық мінездемесін анықтайтын бағдар.

Бағдар кесте оқытушының уақытын үнемдеу арқылы оқушының толық психологиялық мінездемесін айқындайды. Психологиялық педагогикалық мінездемені құрастыруда оқу жұмысының түрі ретінде ғана қарамай, оны сынып жетекшсінің міндеттерінің бірі деп қарау керек.

Педагог тәрбиеші өзінің сынып оқушыларының әр қайсысына дара ерекшеліктерін аша білуі керек. Сыныппен жұмыс жасау мерзіімі аралығында оқушылардың қызығушылығын, білімдігін, іс -әрекетке көзқарасын, қоғамдық келбетін, үлгермеушілігі мен, қызбалылығының себептерін анықтап, әрі қарай әсер ету жолдарын белгілейді.

Кесте үш бөлімнен тұрады:

  1. бала туралы жалпы мәлімет (сауалнамалық мағлұмат: баланың денсаулығы, сабақ үлгерімі, сабақтан тыс шұғылданатын іс — әрекет туралы берілуі керек)
  2. баланың мінез –құлқында өзіне тән қасиеттердің айқындалуы
  3. психикалық құбылыспен эмоциядағы ерекшеліктер.

Кестені толтыру, “керек жерлердің астын сызу” түріндегі әдіспен орындалады. Яғни оқытушы оқушының бойындағы қасиеттерін ашу мәніне сәйкес келетін бөлімдердің астын сызуы керек.