Оқытуды ұйымдастыру формасы – оқыту процесінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс–әрекеттерінің сыртқы көрінісі. Ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бірыңғай жүзеге асады.
Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқытудың ұйымдастыру тәсілдері де өзгеріп тұрады. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тарихында, оның негізінен үш түрлі формасы қалыптасқан: жеке –дара, топтық және сынып–сабақтық жүйе.
Жекелеп оқыту жүйесі көне орта ғасырларда пайдаланылды. Мұғалім жеке оқушының орындаған жаттығу жұмыстарын тексеріп, мәтінді оқытып тыңдайтын, қалай оқу керектігін көрсететін, үй тапсырмаларын орындау амалдарын түсіндіретін, музыкалық құралдармен пайдалануды үйрететін. Дене шынықтыру тәрбиесінен жарыс және бәсеке жұмыстарын ұйымдастыратын, жеке не бірнеше оқушымен әңгіме жүргізу әдістерін де қолданатын.
Бұрын қазақ еліндегі молдалардың балаларды оқытуы да осы орта ғасырлық оқу жүйесіне өте ұқсас еді. Әр жастағы балалар молданың алдында жүгініп отырып, әр кітаптан оқыған.
Жаңа дәуірде Англияда оқытудың “белл – ланкастер” жүйесі тарады.”Сатылы” немесе “өзара оқыту” түрінің ерекшелігі: бір оқу жылында жас шамалары, білім дәрежелері әр түрлі, құрамы тұрақты емес оқушыларды жылдың қай мезгілінде болмасын оқуға қабылдап отырған. 200–300 немесе 600–ден астам оқушыны мұғалім сатылап оқытуды ұйымдастырған, түске дейін ересектерді оқытса, түстен кейін олар өз кезегінде жасы кіші оқушыларға өздерінің мұғалімнен алған білімдерін үйретіп отырған.
Америка Құрама Штаттарында XX ғ. Басында “дальтон – жоспар” оқу формасы тұңғыш рет қолданылды. Бұл жүйенің ерекшелігі- оқу формасы тұңғыш рет қолданылды. Бұл жүйенің ерекшелігі-оқу жеке дара, әрбір оқушының өз күшімен, белгілі бір бағдарламаларды бөлшектеп оқытуды ұсынды. Мұндай оқытуды ұйымдастыруда мұғалімнің басшылық рөлі төмен болды.
Кеңес мектебінің алғашқы жылдарында оқу ісінде балалардың бірлесіп атқаратын жұмысы ретінде бригадалық зертханалық әдіс жүйесі ұсынылды. Бұл әдіс бойынша, оқу сыныптары 3–4 топқа бөлінеді. Әр топты басқаратын бригадирлер (жақсы оқитындары және ұйымдастыруға қабілетті балалар) белгіленді. Бригадирлер өз тобындағы оқушылардың орындаған тапсырмаларын жинақтап, мұғалімге бригада мұғалімге бригада атынан жауап берді. Бригадирдің жауабына қарай,бригадаға оқушылар білімінің бағасы қойылды. Мұндай жағдайда оқушының жеке басының ерекшелігімен санасушылық болмады. Мұғалім тек консультант есебінде ғана жұмыс атқарды.
Оқытудың кең таралған сынып–сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос Коменский болды. Ол өзінен бұрын өткен және ағымдағы педагогикалық тәжірибелерді зерттеп , оқу ісін жүйелі ұйымдыыыыастыруды ұсынды.
- Оқушыларды сыныпқа жас шамалары мен таным қабілеттері бойынша топтастыру.
- Сыныптағы оқушылар құрамының әр кезде тұрақты болуы.
- Жеке пәндерді тұрақты оқу кестелері арқылы алмакезек оқыту.
- Оқытуды оқу жоспарына, оқу бағдарлмалары және оқулықтарға негіздеу.
- Оқытуды жылдың тұраааақтыыыыыы бір мезгілінде бастап , аяқтау.
- Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізілуі.
Қорыта айтқанда, мұғалім бір мезгілде жас шамалары бірдей, құрамы әр кезде тұрақты оқушылар тобымен жұмыс істейді.
Неміс педагогы И.Ф.Гербарт сабақтың негізгі төрт кезеңін ұсынады. Мұғалімнің оқу материалын мазмұндау кезеңі, жаңа материалды өткен материалмен байланыстыру кезеңі, сабақты жаттығу әдісімен жүргізу кезеңі және қысқаша қорытынды жасау кезеңі.
Сынып – сабақ формасы оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Себебі, ол ң алдымен мұғалімге оқытатын пәннің мазмұнын жүйелі түрде баяндауына мүмкіндік береді. Сондай–ақ, сабақ баланың оқу әрекетінің сыныптан тыс және үйдегі түрлеріне де бағыт–бағдар беріп, жетекшілік рөлін атқарады.
Сабақ – оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты формасы болғандықтан, ендігі жерде оның атқаратын қызметі мен оқыту процесінде алатын орны ерекше болды. Сабақта, оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани – адамгершілік қасиеттері мен ақыл–ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді.
Сабақ – күрделі психологиялық және дидактикалық процесс, онда оқушылармен педагогикалық қарым–қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері іске асырылады.
- Сабақтың мақсаты айқын, мазмұны, жоспары және оның құрылымы алдын – ала белгілі болуы тиіс.
- Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет.
- Сабақтың ғылыми мазмұны оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай ұғынымды, түсінікті болуы керек. Сондай–ақ сабақта оқушылардың бойына біліктер мен дағдыларды қалыптастыру міндеті жүзеге асырылуы тиіс.
- Сабақта мазмұны оқытатын пәннің бағдарламасына сәйкес болуы және әрбір сабақ басқа сабақтар жүйесінің буыны болуы міндетті нәрсе.
- Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығуын арттыру үшін сабақтың құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, көрнекі және техникалық құралдарды, түрлі ойындарды тиімді қолдану керек. “Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек”–деп Ж.Аймауытов жайдан– жай айтпағанын ескеру керек.
- Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін проблемелық міндеттер мен тапсырмаларды орындауға басшылық ету қажет.
- Сабақтың сапасын жақсарту үшін мұғалім оқушылармен қарым–қатынас жасау шеберлігін арттырып отыруы керек. Педагогикалық қарым–қатынас мұғалімге оқушылармен рухани байланыс жасауға мүмкіндік береді. Білім арқылы қарым–қатынас жасау және қарым –қатынас арқылы білім алу керек деген қағиданы іске асыру пайдалы.
- Сабақта, оқушыларға білім берумен қатар, оларды өздігінен білім алудың әдіс–тәсілдеріне үйрету міндет.
- Сабақта оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметін біртұтастық принципке сай жүргізуі тиіс.
- Сабақтың дидиактикалық құрылымы немесе кезеңдері бірізділікте, бір–бірімен өзара байланыста, бірін–бірі толықтырып тұрылуы қажет.
- Сабаққа дайындалу және оны өткізу барысында мұғалімнің сыныптағы, мектептегі нақтылы жағдайды (оқу кабинетінің жабдықталуы, оқу – техникалық, көрнекілік құралдарының нақты қолда болуы, тұрғылықты жердегі табиғат, өндіріс ресурстарын пайдалану т.с.с) ескеріп отыруы шарт.
И.Н.Казанцев бойынша:
- 1. Алғашқы сабақ –әр пәннен оқу жылының басында өтетін сабақтар.
- Кіріспе сабақ – бағдарламаның күрделі тараулары мен тақырыптарынан өтетін бірінші сабақ.
- Жаңа білімді меңгеру сабағы–жаңа оқу материалы өтетін сабақ.
- Пысықтау сабағы–өткен оқу материалын пысықтау сабағы.
- Жаттығу сабағы–оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы.
- Тәжірибелі сабақ–оқушылардың алған білімін өмірде қолдану жолдарын көрсететін сабақтар.
- Қайталау –қорыту сабағы–өткен күрделі тараулар мен тақырыптарды қайталау –қорыту сабақтары.
- Тексеру сабағы –оқушылардың білімін тексеретін сабақтар.
- Білім сапасын бағалау сабағы–оқушылардың алған білімін бағалау сабақтары.
- Қорытынды сабақ–оқу жылының ақырында әр пәннің жылдық курсын қорыту сабақтары.
С.В. Иванов бойынша:
- Кіріспе сабақтар.
- Оқу материалымен алғашқы рет танысу сабағы.
- Жаңа білімді меңгеру сабағы.
- Меңгерген білімді тәжірибеде қолдану сабағы.
- Дағдылану сабағы.
- Қайталау, пысықтау және қорыту сабақтары.
- Бақылау сабағы.
Б.П. Есипов бойынша:
- Аралас сабақтар.
- Жаңа оқу материалымен танысу сабағы.
- Пысықтау сабағы.
- Қайталап жинақтау, қорыту сабағы.
- Оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы.
Сол секілді елдер тәжірибесінен, атап айтсақ, Чехословакия мектептерінен мысал келтірсек, ондағы сабақты жіктеуде біздің тәжірибемізге ұқсастығын байқаймыз.
- Жаңа оқу материалын мазмұндау сабағы.
- Жаттығу сабағы.
- Қорыту сабағы.
- Қайталау, білім сынау сабағы.
- Аралас сабақ.
- Қорыта айтқанда, қазіргі мектеп тәжірибесінде көптеп қолданылатын сабақ түрлеріне мыналарды жатқызуға болады:
- Кіріспе сабағы.
- Жаңа білімді хабарлау сабағы.
- Білімді, білікті және дағдыны бекіту сабағы.
- Жаттығу және тәжірибе сабақтары.
- Зертханалық сабақ.
- Қайталау –қорыту сабағы.
- Оқушылардың білімдерін, біліктіліктері мен дағдыларын тексеру және бақылау сабағы.
- Аралас сабақ.
- Өздігінен білім алу сабағы.
Сабақты бұлай жіктеу кездейсоқ емес, оның бұлай қалыптасуында белгілі бір заңдылықтар бар. Атап айтсақ, сабақтың мақсатына байланысты мұғалім оқушыларға жаңа білім беруді көздесе, осыған орай ол “Жаңа білімді хабарлау сабағы” деп аталса, сабақта оқушылардың қабылдаған жаңа білімін іс жүзінде пайдалана білу жолын қарастырса, онда ол “Жаттығу немесе практикалық сабақ” деп аталады.
Сол секілді мұғалім өткен оқу материалын оқушылардың есіне салу қайталау мақсатын көздесе, ол “Қайталау–қорыту сабағы” деп аталады.
Ал сабақтың “Аралас сабақ” түрі оның құрылымына байланысты болып келеді.
Мұғалім сабақтар жүйесінде дидактикалық бірнеше мақсаттарды жүзеге асырады. Демек, оқушыларға жаңа білім береді, оны өмірде, практикада пайдалану жолын үйретеді, өткен оқу материалын қайталап қорытады, сонымен бірге оқушылардың білім көлемі мен сапасын сынап, оны бағалайды. Мұндай жағдайда көпшілік сабақ оның бірнеше элементтері (кезеңдері) арқылы аралас өтеді. Міне, осындай сабақ түрі “Аралас сабақ” деп аталады.
- Сонымен сабақ құрылымы деп сабақтың барысында (45 минут) оның құрамды бөліктерінің, кезеңдерінің бір бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуын айтады. Олар мынадай болып келеді:
- Сабақты ұйымдастыру бөлімі (сабақтың тақырыбын белгілеп, оның мақсат, міндеттерін тұжырымдау).
- Сабақта үй тапсырмасын тексеру.
- Жаңа білімді немесе оқу материалын баяндау, түсіндіру.
- Жаңа білімді пысықтау, бекіту (ауызша, жазбаша жаттығулар жасау, тәжірибелік және зертханалық жұмыстар жүргізу).
- Қорытындылу (оқушылар білімін бағалау), сабақтың аяқталуы.
- Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Сабақ құрылымын белгілеу оқу жұмысын неғұрлым айқын және дұрыс ұйымдастыру үшін маңызы ерекше. Мұның өзі мұғалімнің сабақ жоспарын құрудағы аса елеулі кезеңі болады. Сөйтіп, сабақ түрін жіктеу және құрылымын құру өзара байланысты, бірақ әрқайсысының өзіне тән өзгешелігі болады.
- Сабақта оқушылардың жеке дара, топтық және ұжымдық танымдық іс–әрекеттері. Мұғалім сабақты пысықтау, бекіту және соған орай оқушылармен практикалық жұмыстарды орындау барысында олардың белсенділігін оятуы тиіс. Әсіресе, оқушылардың қабілетімен қатаң санасып отыруы керек. Сондықтан, олармен жеке дара немесе топтық және ұжымдық әрі фронталдық жұмыс түрлерін ұйымдастырады. Оқыту процесі – мұғалімнің бір мезгілде барлық оқушыларды бірыңғай оқытуы болғанымен де, негізінен ол оқушының жеке дара жұмысының түрі. Себебі, әрбір оқушы оны өзінің шама– шарқысы, дайындық жағдайына байланысты өзінше қабылдап, меңгереді. Соған орай жеке дара жұмыс әр оқушының өз бетімен жұмыс істеуге, білімді саналықпен ұғынуға дағдыландырады, оларды қоршаған ортадағы құбылыстардың заңдылықтарын оқып білуге ықыласын тудырады, ойлау белсенділігін арттырады.Оқушылардың жеке дара жұмыс түрлері: а) Оқулықпен жұмыс істеу. є)Практикалық жұмысы: ауызша, жазбаша жұмыстары (есеп шығару, шығарма жазу, диалог құру т.б.). б) Мұғалімнің тапсырмасы бойынша әр түрлі лабароториялық тәжірибелерді орындау.
Жеке дара жұмыс оқушыларды өз бетімен білім алуға ынталандырады, тәртібін күшейтіп, оқуға ықыласын арттырады. Сабақта оқушылардың оқу–таным әрекетін ұйымдастыруда жеке–дара жұмыс түрінен басқа олардың топтық және ұжым болып жұмыс істеуінің маңызы ерекше.
Оқушылардың топтық танымдық жұмыстары сабақ барысында оқу міндеттерін шешуде, өзара көмекке негізделген екі, төрт, алты т.с.с оқушылар тобының белгілі бір жұмыс көлемін атқаруын көздейді.
Жұмыстың бұл түрі негізінен екі бағытта іске асады: біркелкі немесе бірыңғай (однородный) және бірнеше бөлшекке бөлу (диференция) жағдайында ұйымдастыру.
Оқушылардың бірыңғай, біркелкі оқу жұмыстары мұғалімнің барлығына ортақ бірыңғай тапсырмасын шағын топтарға бөліп өзара әрекеттесу жағдайында орындауы жатқызылады.
Ал бөлшекке бөліп оқыту – бір мезгілде бірнеше тапсырманы әр түрлі тәсілдермен оқушылардың бірнеше тобы арқылы орындалуы қарастырылады.
Жұмыстың бұл түрі топ ішінде оқушылардың тапсырма мақсатын, мазмұнын, оны орындау тәсілдерін бір–бірімен өзара ақылдасып шешуі, оның нәтижесін талдауы, бағалауымен ерекшеленеді. Оқушылардың өзара осындай өзара бірлесіп атқаратын оқу–танымдық жұмыстары олардың жеке дара жұмыстарына қапрағанда әлдеқайда жемісті болып келеді. Әрі уақытты з және тиімді пайдалануға мүмкіндік туғызады.
Сонымен қатар, бір сыныптағы оқушылардың оқу міндеттерін топ болып шешуде өзара әрекеттесуі немесе жарысы олардың ортақ іске деген жауапкершілік сезімін тудырады.
Мұндай жұмыс барысында оқушылардың өз тобының нәтижесіне өзара әсерленуінің (переживание) маңызы ерекше.
Мұғалімінің топтық жұмысты нәтижелі ұйымдастыру шартына:
- оқушыларды өздігінен жұмыс істетуге үйрету;
- жолдастарымен ақылдасуға үйрету;
- оқушылардың жекеленген топтарына оқу тапсырмалары жүйесінің нақты болуы;
- тапсырмаларды оқушылардың жекелеген топтарына үлестіру іскерлігінің болуы т.б.
Оқытуды осындай тәртіппен ұйымдастыру оқушылардың тәрбиесіне, атап айтқанда өздігінен білім алу белсенділігін, олардың өзара тату–тәтті ұжымдық қарым–қатынасын, жауапкершілігін, әсерленушілдігін (күйінішін, сүйінішін) т.б. әлеуметтік қасиеттерін қалыптастырады.
Оқушылардың ұжымдық жұмысы дегеніміз – ортақ мақсатты көздейтін жұмыс. Алайда, бұл ортақ мақсатқа жету жолына оқу әрекетінде белгілі бір өте күрделі еңбек бөлінісіне жол беріледі. Оған сыныптағы оқушылардың жеке–дара және топтық жұмыстарының элементтері кіреді.
Сондықтан, ұжымдық жұмыстың ерекшелігі өз бетімен істейтін дара жұмысқа бөгет болмайды, керісінше әрбір оқушыға өзінің алдына қойылған міндеттерін жақсы ұғынуға көмектеседі.
Фронталдық жұмыс ерекшелігі – бір сыныптағы барлық оқушылардың бір бағытта бәріне ортақ бірыңғай тапсырманы мұғалім басшылығымен біркелкі жағдайда орындауы.