Экономикалық мәнінде сақтандыру ретінде төленетін сақтандыру төлемдері есебінен арнайы сақтандыру жағдайы 3 басталуы нәтижесінде сақтанушыға келтірілген зиянды өтеуге арналған ақша қорларын құру түсіндіріледі. Белгілі бір елде үстемдік ететін саяси және экономикалық құрылысқа қарай банк ісіне ұқсас сақтандыру ісі де: а) тек мемлекеттік болуы; б) жеке кәсіпкерлік сипатында болуы; в) оларды үйлестіруі де мүмкін. Қазақстанға келсек, ол нарықтық қайта құрудың барысында, мемлекеттік және жекеше сақтандыру ұйымдары бар үшінші үлгіге өтті.
Америка Құрама Штаттарының банк жүйесінің үлгісінде «Ақша, банк ісі және ақшалай-несиелік саясат» кітабының туындыгерлері нарықтық экономикада депозиттерді сақтандырудың қалай жүзеге асырылатынын көрсетеді. Депозиттерді Сақтандыру жөніндегі Федералдық корпорация (ДСФК) депозиттерді сақтандырумен шұғылданатын негізгі ұйым болып табылады, оған міндетті түрде Федералдық резервтік жүйенің банктері, басқа коммерциялық және өзаралық жинақ банктері, сонымен қатар банктер мен қарыз-жинақ институттарына сақтандыру қызметін көрсетуге арналған жеке сақтандыру қорлары кіреді. ДСФК-на сақтандыру жарнасы жалпы банк депозиттерінің әр пайызының 1/12 құрайды, бұл ретте жарналардың бөлігі банктерге кері қайтарылады. ДСФК жекеше тұлғалар мен фирмалардың депозиттерін кез келген банкте 100.000 АКДІ доллар сомасына сақтандырады. Бұдан басқа, ДСФК қаражаттық қиындыктарды бастан кешірген банктерге «өлсіз» банкті күшті және тұрақты банкпен қосу жолымен көмек көрсетеді; банктің банкроттығы және депозиторларға сақтандыру сыйақысының барынша көп сомасын төлеу; банкке оның шоттарына қажетті соманы аудара отырып, тапсырма. Сақтандырудың осы жүйесіне қатысты тұрақтылығына және тәуекелге салынып жүргізетін операцияларына қарамастан, барлық банктерге арналған бірыңғай сақтандыру жарнасына боласын айтылуда, сондықтан депозиттерді сақтандырудың ажыратылған ставкаларын енгізу және банктерге жыл сайынғы есептерде нәтижелерінде проблемалы қарыздардың көлемдерін жария ету міндеттеу ұсынылады, мұны ФРС қолдамайды, себебі мұндай ашықтық банктерде депозиттерде тұрған ақшаның жаппай кетіп қалуына апарып соғып, көпшілік үрейін тудыра алады. ДСФК сонымен қатар сондай үрейді болдырмау жөне психологиялық функцияны орындау үшін құрылған. ДСФК қарсыластары сақтандыру тәжірибесі депозит бойынша пайданы барынша көбейту мақсатын ғана көздей отырып, банк сенімділігін бағалауға қатысты салымшының құштарлығын төмендетеді және тәуекелі жоғары операцияларды жүргізетін банктерге депозиттік ақшаны тарту жағдайын туғызады деп атап көрсетеді. Кейбір туындыгерлердің атап көрсеткеніндей, дамыған елдерде депозиттерді сақтандыру түрлі сұлбалар бойынша жүзеге асырылады. Банктерден шығатын жеке сақтандыру және жалпы сақтандыру (жоғарыдан караңыз) болып бөлінеді.