Клиенттің банктегі ақшалары клиентке жарияланған барлық талаптарды орындау үшін жеткілікті болған жағдайда ақшаны алып қою клиенттің немесе өзге де түлғалардың тапсырмасы түсу тәртібімен, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе (күнтізбелік кезектілік) жүзеге асырылады. Клиенттің банктегі ақшасы клиентке жарияланған кезекті талаптарды қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болса, банк аталған талаптарды жеткілікті дәрежеде қанағаттандыру үшін клиенттің пайдасына түскен қажетті соманы, заң актілеріне сәйкес бөліктей орындалатын жағдайларды қоспағанда, жинайды.
Егер клиентке бірнеше талаптар қойылатын болса, онда банк клиенттің ақшасын алып қоюда төмендегідей кезектілікті жүргізіледі: бірінші кезекте адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген залалды өтеу туралы және алименттерді өндіру талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз ететін атқару құжаттары бойынша ақшаларды алып қою жүзеге асырылады; екінші кезекте еңбек шарты бойынша, оның ішінде келісім шарт бойынша жұмыс істейтін адамдармен демалыс жәрдемақылары мен еңбек ақы төлеу бойынша, авторлық шарт жөнінде сыйақы төлеу бойынша, клиенттің міндеттемесі бойынша жинақтау зейнетақы бойынша міндетті зейнетақы жарнасын аудару бойынша ақша алу жүргізіледі; үшінші кезекте клиенттің бюджет алымындағы міндеттемелері бойынша; төртінші кезекте басқа да ақшалай талаптарын қанағаттандыру үшін көзделген атқарушы құжаттар бойынша; бесінші кезекте басқа да атқарушы құжаттар бойынша күнтізбелік кезектілік тәртібімен клиентке қойылған талаптарды орындау үшін ақша алу жүргізіледі. Бір кезекке жататын талаптар бойынша банктен ақша алу атқарушы құжаттардың түскен уақыты бойынша кезектілікпен жүргізіледі.
Банктің клиенті болып табылатын заңды тұлға таратылған жағдайда несие берушілердің талаптары Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің 51-бабында көзделген кезектіліктер бойынша жүргізіледі. Банктік қызмет көрсету шарттарында клиенттерге банктік қызмет корсету шарты бойынша банктің олар-ға қызмет көрсетуіне ақы төлеу көрсетіледі, оның ішінде банктер банктің төлеу комиссиясымен қоса, берешекті акцептсіз есептен шығару аталған шарттарда қарастырылады (банктің кұқықтарын қорғау шарасы және міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету тәсілі банктің шоттарындағы ақшаларды шо-ғырландыру кезінде банк жүйесінде неғүрлым тиімді колданылады.)
Банк «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңға сәйкес төлем құжаттарын қолдан жасалғанын растайтын құжаттар болғанда, сондай-ақ оларды аударуда қателік фактісі анықталған кезде клиенттердің келісімінсіз олардың (депозиторлардын) ақшаларын шоттан алып қоюға құқылы. Бұл орайда заң шығарушы шотқа қателікпен түсіп оған тыйым салынған ақшаны кері қайтару механизмін жасамаған. Қазақстаннын бас Прокурорының 2002 жылғы 21 қарашадағы №60 «Әлеуметтік-экономикадағы жүйеде адамы мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтауға заңдардың қолданылуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы» бұйрығында банктегі ақша мен мүлікке тыйым салу туралы қаулыны санкциялау ғана айтылады, анықтау және тергеу атқару өндірісі органдары тек анықтау және тергеу органдарының өндірісінде, сондай-ақ атқару өндірісі органдарының ісіндегі қылмыстық істерді зерттегеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Бұл орайда «бөтен ақшаларды» қалайша кері қайтару жөнінде ештеңе айтылмайды. Біздің пікірімізше, банк ақшаны жөнелтушінің тарапынан қате аударылым болғанын айғақтайтын жазбаша дәлел болған кезде шоттың иесі қателікпен түскен ақшаны өзінің ақшасы еместігін мойындау туралы мәлімдегеннен сон, шоттағы тыйым салынған тұлғаға хабарлау арқылы ақшаны қайтаруға міндетті.
Банктік құпияларды банктің сақтауы мен кепілдік етуі маңызды мәселе болып табылады. Қазақстанның Азаматтық кодексіндегі бұл жаңа категория онын 745-бабында көзделген. Бұл қатынастарды реттейтін ол сілтеме сипатына ие болады.
Құпия ақпарат дегеніміз — жалпы ешкімге айтылмайтын, яғни ешкім білмейтін абсолюттік құпия. Бірақ банктік құқықтық қатынас жағдайында абсолюттық құпия дегеннің өзі, жаңа банктік өнімдерден басқа, әлі күнге дейін адамзаттың ойлап таппаған нәрсесі. Әр дәуірде мемлекеттердің билеушілері мемлекеттегі құпияларды сақтауға қатысты талай-талай арнайы зандар шығарды. Мысалы көне Римде соған байланысты айыппұл салынатын болды. Ресей империясында несиені корғайтын нормалар болды. КСРО да кұпияға байланысты шараларды сақтауға алды. Шетелдерде, АҚШ-тан басқа, коммерциялық құпия туралы бірыңғай нормативтік құжат әлі күнге дейін жоқ.
Бұл орайда банктік құпия ақпарат ретінде белгілі бір адамдар арасында (бір адамға) белгілі болады, бірақ қалғандары оны білмейді. Мұндай салыстырмалы кұпияның өз иесі болады және заңмен қорғалады.
Ресейлік ғалымдар «банктік кұпия ұғымына кешенді сипат беріп, оның кешенділігін банк құқығына жатқызады, оның қайнар көздері банктік құпияны құрайтын мәліметтер көлемін белгілейтін Азаматтық кодекстің, сондай-ақ банктер туралы арнайы заңның нормалары болып табылады және ол аталған заңдағы тізім болуы да мүмкін емес. Бұл орайда кейбір ғалымдар әлемдік банк тәжірибесінде қолданылатын, банк ұғымын неғұрлым кеңірек білдіретін банктер туралы заңды бірінші қояды. Өзге авторлар Азаматтық кодекстегі ұғымдарға жүгінуді дұрыс санайды және оны азаматтық құқықтың айрықша институты деп есептейді. Банктік қүпия дегеніміз материалдық игілік не ақпарат болып табылады, ол жеке адамның және отбасылық құпиямен өзара байланысты және абсолюттілігімен сипатталады. Заңдарда көрсетілген шектелген жағдайларда оған ешкім тиісе алмайды. Бұл орайда банктік құпияға ешкімнің тиіспеушілігі бұзу құқығы бар адамдардың тізімі заңмен айқындалады. Ондай адамдардың (оргаңдардың) шеңбері үлкен болған сайын оның сақталуы мемлекетте және қоғамда төмендей түседі. Ал керісінше құпияны білетін адамдар аз болған сайын банктік ақпараттың қорғалуы арта түседі, бұл жеке бастың еркіндігінен мемлекет пен коғамның даму дәрежесі айқындалады.
Сонымен қатар мемлекеттің толықтай араласпауы террористер сипаты бар жасырын-кылмыстық капиталдың өсуіне мемлекеттік биліктің әлсіреуіне әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан банктік құпияны құрайтын мәліметтердің тізімі және оны беру негізі жеке адамның даму стратегиясын басымдылығын қамтамасыз етумен, банк қызметін реттейтін заң актілерімен айңындалады. Ал бұл президент институтының құзыретті, сондықтан ондай заңда банк қызметі саласындағы жалпы әлемдік ағымдар негізінде ондай бағыттар Президенттің белгілеуімен бағытымен жүруі тиіс.