Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының айналымдағы ақша белгілерін ауыстыру

Қазақстан Ұлттык Банкі белгілеген жаңа және ескі үлгідегі ақша белгілерін қатар айналымға салу кезеңі аяқталғаннан соң ескі үлгідегі ақша белгілері Қазақстан Республикасы аумағында барлық төлем түрлері бойынша заңды төлем құралы болудан қалады. Екінші деңгейдегі банктер жаңа және ескі үлгідегі ақша белгілерінің қатар айналымы кезеңі аяқталған күннен бас-тап 12 ай ішінде: заңды және жеке тұлғаларға ескі үлгідегі ақша белгілерін қабылдауға және айырбастауға; операциялық кассада бар ескі үлгідегі ақша белгілерін Қазақстанның Ұлттық Банкінің филиалдарына тапсыруға міндетті. Белгіленген 12 ай мерзім өткеннен кейін екінші деңгейдегі банктердің заңды және жеке тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін қабылдауға құқығы жоқ және 5 банктік күн ішінде операциялық кассада бар ескі үлгідегі ақша белгілерін Қазақстан Ұлттық Банкі филиалдары­на тапсыруға міндетті. Ұлттық Банктің филиалдары аталған 12 ай мерзім өткеннен кейін 10 жыл ішінде заңды және жеке тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін қабылдау жүргізеді және олардың тұпнұска екендігі сараптама арқылы анықталғаннан соң қолданыстағы ақша белгілеріне айырбасталады. Бұл орайда Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасы заңды және жеке тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін қабылдау мен айырбастаудың белгіленген мерзімін ұзартуға құқылы.

Ескі үлгідегі ақша белгілерінің дайындалған сомасы мен жойылған сомасының арасындағы номиналды құндылық бойын­ша пайда болған айырма Қазақстан Ұлттық Банкі кірісіне есептеледі.

Қазақстан Ұлттық Банкі ұлттық валютасының айналымдағы ақша белгілерін ауыстыру Ұлттық Банктің бөлімшелеріндегі құндылықты сақтауды қамтамасыз ету және эмиссиялық-кассалық операцияларды ұйымдастыру тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының ескі жойылған банкноттарын айналымнан шығарып жоюдың тәртібін реттейтін Қазақстан Ұлттық Банктің нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес ескі үлгідегі ақша белгілерін жоюды жүзеге асырады.

Қазақстан Ұлттық Банкі жүргізетін 1-ден 50 теңгеге дейінгі ұсақ номинал банкноттарын қолма-қол ақша айналымынан алып қою бойынша шаралары ұлттық валютаның ақша белгілерінің сапалық жағдайын қолдау мақсатында, оларды кейін монеталармен ауыстырумен жүзеге асырылады. Сондай-ақ ескі үлгідегі банкноттарды қорғаудың жаңа күшейтілген элементтері бар 200, 500, 1000 және 2000 теңге номиналдарды ауыстыру жүзеге асырылады. Ескі үлгідегі банкноттарды жаңа үлгідегі банкноттарға ауыстыруды ауыстырудың кезең-кезеңімен және мерзімінің ұзақтығымен енгізу заңды және жеке тұлғалардың мүдделеріне қандай да бір нұқсан келтірмей, толық түрде ауыстыруға мүмкіндік береді.

Банктер қолма-қол ақшамен әр түрлі операцияларды жүзеге асырады, бұл инкассация бойынша — қолма-қол ақшалар мен құндылықтарды жинауды кассалық ұйымдастыру және оларды несие мекемелерінің кассаларына жеткізу операцияларын жүргізуді білдіреді.

Инкассация әркез адамдар мен құндылықтар үшін белгілі бір тәуекелге байланысты болады, өйткені, әр түрлі себептермен бүліну, оны жоғалтуға қауіптің төнуі, ұрлық пен стихиялық дүлей күштердің әсері болуы мүмкін. Сондықтан мұндай операциялар өзіне ерекше назар аударуды талап етеді және мемлекетпен реттеледі. Қазақстан Ұлттық Банкі өзінің нормативтік-құқықтық актілерімен бекітілген негізде, сондай-ақ банктер мен ұйымдар алған тиісті лицензиялары негізіндс инкассациямен айналысады.

Банктердің инкассация бойынша операцияларын лицензиялау Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының 1996 жылғы 29 акпандағы №503 қаулысымен бекітілген банкті ашуға, банкті қайта құруға рұқсатты, банк операцияларын және өзге банктік қызметті жүргізуге лицензияны беру, кері қайтарып алудың, олардың күшін жою мен тоқтатудын, банктің филиалдарын ашу, қосу және өкілдіктерін ашуға келісімді кері қайтарып алудың Ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады, ал ұйымдастыру — Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 10 қазандағы №401 каулысымен бекітілген, банктер болып табылмайтын заңды тұлғалардың, банкноттарын, монеталары мен құндылықтарын инкассациялау, жөнелту жөніндегі қызметін лицен-зиялау мен реттеуді жүзеге асыратын Ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Монеталар мен құндылықтарды инкассациясы мен жөнелту қызметін ұйымдастыруға лицензия олардың техникалық талаптарды, оның ішінде инкассация қызметінің ғимаратына, құндылықтарды сақтауға, қару-жарақты сақтауға, қаруларды оқтау-оқсыздандыруға, автокөлікке, инкассация кадрларына қойылатын талаптарды, және өзге де өзіндік ерекшеліктері бар талаптарды орындау жағдайына орай беріледі.

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды жүргізу Ережелерімен инкассаторлық қызметтің тәртібі, банктік өзіне тән ерекшеліктерін есепке ала отырып, азаматтық-құқықтық сипаттағы инкассацияға типтік шарттар жасауды қоса алғанда, ай-қындалады.

Инкассация қызметтерімен құндылықтарды тасымалдауды Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы №110′ қаулысымен бекітілген және Қазақстан Ішкі істер министрлігімен келісілген Қазақстан Республикасында автомобильді инкассаторлық тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі Нұскамамен реттеледі. Автомобильді инкассаторлық тасымалдау Қазақстан Ұлттық Банк филиалдарының, екінші деңгейдегі банктердің және банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау және тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысуға Қазақстан Ұлттык Банктің лицензиясы бар заңды тұлғалардың инкассация қызметтерімен банкноттарды, моне­талар мен кұндылықтарды инкассациялау және тасымалдау үшін жүзеге асырылады. Автомобильді инкассаторлық тасымалдау­ды атқару кезінде жүргізуші-инкассатор Қазақстан Республи-касы жол қозғалысы Ережелерінің, жол қозғалысы жүйесіндегі өзге де ережелердің, нормативтер мен стандарттардың талаптарын сақтауға міндетті, сондай-ақ инкассаторлар бригадасы ин­кассация тәртібіне, тасымалданатын құндылықтың сақталуына және инкассаторлардың қауіпсіздігіне қатысты Қазақстан Ұлттық Банктің нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарын сөзсіз сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.

Инкассациялық қызметтің айырықша тәуекелінің үлгісіне Алматы қаласында «БанкТуранАлем» АҚ инкассация кызметі автомашинасының біріне қарулы шабуыл жасалған жағдайда айтуға болады, соның нәтижесінде аталған банкке залал келді әрі адамдар каза тапты. Банк ақшадан айырылғанына қарамастан банк салымшылары зардап шеккен жок. Банк өз кезегінде, шабуыл жасағандарды ұстауды ынталандыру шараларын алды, ал құқық корғау органдары аз уақыт ішінде бұл міндетті орындап та шықты.

Сөйтіп, қолма-қол ақшаны күзету мәселесі маңызды міндет болып қала береді, оны банктер инкассациялық қызметті жүзеге асыру арқылы ойдағыдай шешуде.

Сонымен, банктердің клиенттерге көрсететін есеп айырысу-кассалық қызметі айырықша түрде шарт жасау сипатында көрінеді, банк пен клиент арасындағы тиісті шартпен реттеледі және сенімгерлік сипаттың «айырықша қатынастары» болып табылады.