Қазақстандық теңгенің қолма-қол ақша айналымы ережелермен реттеледі. Айналымдағы Қазақстан Республикасының барлық ақша белгілері банкноттан (айналымға қағаз түрінде шығарылған банктік билет) және монеталардан тұрады. «Монета» сөзі Юнон Сақтаушы құдай — Juno Moneta атынан шыққан, Римдегі Капиталий қыратындағы храмда көне мемлекеттің бірінші монеттік сарайы болды.
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының сату бірлігі тиын болып табылады. Бірақ та Қазақстан Республикасының Президенті 2001 жылғы 7 ақпандағы №549 «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының әрекет етуінің кейбір мәселелері» Жарлығына сәйкес қолма-қол ақша белгілерінің ақша айналымынан тиын алынып тасталды. Бұл орайда барлық төлем құжаттарында тиынды көрсету және қолма-қолсыз төлемдерді тиынды пайдалану тәртібі өзгеріссіз қалдырылды.
Осыған байланысты мемлекеттен бөлінетін әлеуметтік төлемдердің барлық сомасы тиындардың жалпы сомасына қарамастан бір теңгеге дейін тиынмен есептеледі. Қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алып қою, сондай-ақ қолма-қол тиындарды қабылдау және айырбастауды Қазақстан Ұлттык Банкінің Басқармасы белгілейді.
Қазакстан Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 3 наурыздағы №572 қаулысымен бекітілген қолма-қол ақша белгілері ақша айналымынан тиында алып қою ережелерінде 1993 жылғы үлгідегі 2, 5, 10, 20 және 50 қолма-қол тиындары-монеталары Қазақстан Республикасынын акта айналымынан алып қоюға жататындығы көзделген, ол ақша айналымынан оларды толық шығаруды жүзеге асыратын қандайда бір мерзімді белгілемейді.
Қазақстанның барлық банкноттары мен монеталары (А. И. Худяковтың пікірінше Ұлттық валютаның ішкі құрылымын сипаттайтын ақша белгілерінің түрлері) төлемдік және өзінің төлемдік қабілеттілігін жоғалтқандар болып бөлінеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2003 жылғы 26-желтоқсандағы №477 Ережесімен Қазақстан Ұлттық валютасының банкнот және монеталарының төлемділігі айқындалды.
Жойылған банкноттар дегеніміз белгіленген тәртіпте айналымнан алынған, механикалық өнделген (шаншылған), онда банкноттың заңдық төлем құралының күшін жойғанын куәландыратын тиісті белгілері (кертіктері) болатын банкноттар. Ұлттық Банк жойылу белгілерінің сипаттамасын уәкілеттік банктер мен заңды тұлғаларға жекеше мәлім етеді.
Техникалық шарттарды сақтай отырып Ұлттық
Банктің белгіленген параметрлері бар (графикалық бейнелер, ауданының көлемі, түсі, су белгілері, сериялық немірлері) Казақстан Ұлттық Банкінің арнайы бөлімшелерімен (ұйымдарымен) дайындалған банкноттар мен монеталар түпнұска банкноттары мен монеталары болып есептеледі. Төлем банкноттары мен монеталары тозуының деңгейіне қарай айналымға жарамды, ескі, ахаулы (бүлінген) болып бөлінеді.
Айналымға жарамды банкноттар мен монеталар өз кезегінде эммисиялық бумадағы банкноттар мен монеталарға және бұрын айналымда болған банкноттар мен монеталарға бөлінеді.
Төлемдік банкноттар мен монеталар (ескі банкноттардан және ахаулы (бүлінген) монеталардан басқа) Қазақстан Республикасы аумағында барлық төлемдер мен ақша аударулар үшін қабылдануы тиіс. Ескі төлем банкноттары және ахаулы (бүлінген) монеталарды уәкілетті банктер және заңды тұлғалар жарияланған сомаға қарамастан барлық төлем түрлері мен ақша аударулары үшін қабылданады.
Төлемдік емес банкноттар және монеталар төлемді жүзеге асыру үшін қабылданбайды. Қолдан жасалған банкноттар мен монеталар белгіленген тәртіпте аумақтық құқық қорғау органдарына беріледі.
Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген банкноттар көлемінен елу пайызынан артығы сақталған, банкноттың түпнұска екеңдігін анықтауды қиындататын бүлінушілігі бар күдікті банкноттарды уәкілетті органдар қабылдайды және олардың түпнұсқа екендігін анықтау үшін сараптамаға жібереді. Сараптама түпнұска деп таныған банкноттар белгіленген тәртіпте банкноттардың жарамды айналымына айырбастауға жатады.
Күдікті монеталарды уәкілетті банктер және заңды тұлғалар қабылдап, олардың түпнұсқа екендігін анықтауға жолдайды. Сараптама түпнұсқа екендігін анықтаған монеталар белгіленген тәртіпте жарамды монетаға айналымға айырбастауға жатады. Уәкілетті банктерге және заңды түлғаларға түскен төлемдік ескі, ахаулы (бүлінген) банкноттар мен монеталар сұрыпталып айналымға жіберілмейді және Қазақстан Ұлттык Банкінің филиалына беріледі. Төлемдік ескі ахаулы (бүлінген) банкноттар мен монеталар уәкілетті банк және заңды тұлғалардың белгіленген тәртіпте жарамды айналымға сөзсіз айырбастауға жатады. Жасалған айырбастау үшін қосымша ақы өндірілмейді. Күмәнді банкноттар мен монеталар белгілі тәртіпте олардың түпнүсқалылығы мен оларды айырбастау мүмкіндігі мәсе-лесін шешу үшін Қазақстанның Ұлттык Банкі филиалына сараптамаға жіберіледі.
Уәкілетті банктердің және заңды тұлғалардың кассалық қызметкерлері бүлінген банкноттардың сақталған ауданын айқындау кезінде арнайы торды қолданады. Бүлінген банкнот тиісті номиналы, яғни сериялық нөмірін және сақталған шетін тордың шетіне дәл келуін қарайды. Егер банкноттың бірде-бір шеті толық сақталмаса онда банкноттың неғұрлым аз бүлінген шеттері тордың төменгі және оң жақ шекарасына орналастырылады, бұл орайда оның бағыты маңызды рөл атқармайды. Бүлінген банкнот контур бойынша айналдырылады. Контурдың желісі өткен клеткалар саны қосылып екіге бөлінеді. Шыққан санға банкнотты қойған кезде жабылып қалған тордың клеткаларының саны қосылады. Алынған нәтижеден бөлшек алынып тасталады. Егер алынған нәтиже тордың 140 және одан көбін құраған жағдайда, банкнотты айырбастауға жатады деп есептеуге болады. Тормен жұмыс істеу кезінде Қазақстан Ұлттық Банктің банкноттар мөлшерін белгілеген шектен рұқсат етілетін ауытқу шегінде банкноттардың өлшеміндегі ауытқу есепке алынбайды. Рұқсат етілетін ауытқулар шегін Қазақстан Ұлттық Банкі уәкілетті банкке және заңды тұлғаларға жеке мәлімдейді.
Белгіленген көлемнен рұқсат етілетін ауытқу болса, банкнотпен толықтай жабылмаған тордың торшалары толық жабылған деп есептеледі. Толтырылған торлар уәкілетті банк пен заңды тұлға кассасының жеке ісінде сақталады және Қазақстан Ұлттық Банк филиалының талап етуі бойынша ұсынылуы мүмкін. Торға оны толтырған касса қызметкері қолын қойып, уәкілетті банктің, заңды тұлғаның касса меңгерушісі арқылы куәландырылады. Бірнеше фрагменттерден тұратын (оның ішінде әр түрлі номиналдар) банкноттарды тексеру кезінде, егер аталған фрагменттер мәліметтерінің Қазақстан Ұлттык Банкі белгілеген банкнот мөлшерінің елу пайызынан артығы сақталса немесе бұл бірнеше фрагменттердің Қазақстан Ұлттык Банкі белгіленген банкнот өлшемінің жалпы жиынтығы елу пайыз-дан артығын кұрайтын, банкноттың біріне сөзсіз жататын болса, олар белгіленген тәртіппен айналымға жарамды айырбастауға жататындығы (егер ол түпнұска болған жағдайда) есепке алынуы тиіс. Бұл орайда банкноттың жыртылған (кесілген) бөлігінің қаншалықты екендігі рөл атқармайды. Фрагменттерді талдау кезінде бөлу (кесу) желісі, су белгілері, графикалық бейне, шетінің өлшемі, сериялық нөмірлері назарға алынады. Егер әр түрлі банкноттардың екі фрагментінен (оның ішінде әр түрлі номиналдардан) құралса, және әр фрагменттердіңкөлемі Қазақстан Ұлттык Банкісі белгіленген банкнот өлшемдерінің 50 пайызынан (елу пайызы) артығын құраса, онда аталған фрагменттер мәліметтерінің әрқайсысы жеке банкнот ретінде, егер ол түпнұска болса, белгіленген тәртіпте айналымға жарамды банкноттарға айырбастауға жатады.
Төлем банкноттарын қалыптастыру және буып-түю 100,200, 1000,2000,5000,10000 тенге номиналы бойынша жүзеге асырылады, он мың теңгелік 2003 жылдың 28 шілдесінен бастап айналымға түсті.
Кассирлер кассаға өздері қабылдаған ақшаларды құнына қарай, сосын айналымға жарамдылығы, ескілігіне және айналымнан шығарылатындығына қарай сұрыпталады. Банкноттың ескі түріне жататын банкноттар айналымға жіберілмейді әрі белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан Ұлттық сұрыпталған банкноттар құндылығына, ескі банкноттарға, айналымнан алынғандарына орай (бет жағы үстіне қаратылып) жеке-жеке буылып-түйіледі. Бір құндылықтағы 100 банкнот парағы бір бумага салынып, бандерольды көлденеңінен орайды. Бандерольге мынадай белгілер қойылады: банктің атауы, банктік бірыңғайландырылған коды, буып-түю датасы, атаулы мөр таңба және сұрыптаушы кассирдің қолы және қолма-қол ақшаны қайта есептеу. Бір құндылықтағы әрбір 10 бума 1000 парақ болып бірге буылады. Стандартты жоғарғы бетінде банктің атауы, банктің бірыңғайландырылған коды, құндылығы, сомасы, буып-түйілген күні немесе қолма-қол ақшаларды санап, бумага салған кассирдің атаулы мөртаңбасы (штамп) немесе жеке қолы көрсетіледі. Ескі ақшалар буылып-түйілген буманың бет жағына «Ескілер» деген қосымша мөртаңба қойылады. Буманы айналдыра байлаң-ған шпагатка буманың төменгі жағына кассир пломба салады. Банкноттарды буып-түйген кезде шпагатпен бірге вакуумды буып-түю әдісі де қолданылады.
Жарамды монеталарды салу мен буып-түю номинал бойынша жүргізіледі. Бір қапқа салынатын монеталардың саны мынадай ретпен болады: 1 теңге — 3 000 дана; 3 теңге — 2 000 дана; 5 тенге — 1500 дана; 10 теңге — 1 000 дана; 20 тенге — 500 дана; жаңа монета қатарындагы монета үшін: 1 тенге — 4 000 дана; 5 тенге 3 000 дана; 10 теңге — 2 500 дана; 20 тенге — 2 500 дана; 50 тенге — 1 500 дана; 100 тенте — 1 000 дана; мерейтойлық — 2-500 дана. Бір қапқа салынған монеталардың сомасын өзгерту немесе жаңа монеталарды шығару туралы қолма-қол ақшалармен жұмыс бойынша жөніндегі мекеме Қазақстан Ұлттық Банк филиалдары мен банктерге мәлімет береді.
Монеталардың бөлігін қаптан алғанда немесе оған қосымша салғанда қалган монеталарды жекелеп міндетті түрде қайта санау керек, ал пакетке салып буылған монеталар сыртындағы жазу бойынша саналады. Монеталар пакетпен және бостай қапқа салынады, онда банктің атауы, буылып-түйілген күні, монеталардың номиналы, сомасы, кассирдің қолы және атаулы мөртаңбасы немесе коды қойылады.
Бұл орайда Қазақстан Ұлттық Банкі мерейтойлық және еске алуға қатысты әр түрлі номиналда металл монеталарын шығарады, олар онда белгіленген номиналға сәйкес төлем қабілеттілігіне ие болады, сондай-ақ нумизмат құндылығын еншілейді. Ең бастысы бұл монеталардың мәдени-ағартушылық мақсатта қолданылуы болып табылад. Бұл орайда «пруф» (өте жақсы) делінетін жоғары сапалы, бетіндегі бедерлер, суреттер мен сызықтар айқын көрінетін монеталар болады, оның бетінде дақ түспейді, сыртқы әсерлерден бүлінбейді.
Қазіргі кезде Қазақстанның монеталары Өскемен қаласындағы монета сарайында жасалады. Қазақстан Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 1999 жылғы 7 казандағы №436 қаулысымен бекітілген 2000-2005 жж. кезеңге арналған мыс-никель қорытпаларынан жасалатын Қазақстанның мерейтойлык және еске алу монеталарының тақырыбы бекітілді: «Архитектуралық және тарихи ескерткіштер», «Қазақстанның Қызыл кітабы», «Қол өнері», «Көрнекті оқиғалар мен адамдар», «Қазақстанның петроглифтері», Жыл сайын Базель қаласында болатын Бүкіләлемдік нумиз-маттық конференцияда, көрме-сауда-саттығында Қазақстан монеталарының композициялық және көркемдік безендірілуіндегі жаңалыктар атап өтіліп, коллекциялық монеталардың нарығын құру мен әлемдік нарыққа шығуды қамтамасыз ететін жоғары баға берілді.
Ережелерге сәйкес айналымдағы ұлттық валютаның ақша белгілерінің Қазақстан Ұлттық Банкі Баскармасының 2000 жылғы 20 шілдедегі №3012 қаулысымен бекітілген дизайны (түрі) өзгерген кезде оны ауыстыру мәтінге, графикалық бейнелерге өзгерістер енгізу, қолдан жасауға тосқауыл қоятын қосымша элементтер енгізу, көлемін, түрін, тусін, бастапқы материалы мен ақша белгілері нысанындағы өзге де белгілер енгізу, айналымдағы ескі дизайнды ақша белгілерінің тиісті жаңа белгілеріне ауыстыру кезеңінде жүзеге асыру және кассалық операцияларды есепке алу жүзеге асырылады.
Ұлттық валютаның ақша белгілерінің дизайнына өзгерістер енгізу туралы шешімді Қазақстанның Ұлттық Банкі Басқармасы қаулысымен қолма-қол ақшалармен жұмыс жөніндегі мекеменің ұсынысы бойынша қабылдайды. Ақша белгілерінің дизайнына өзгерістер енгізуге мыналар негіз болуы мүмкін: қолдан жасаудан қорғайтын қосымша элементтер енгізу; ұлттық валютаның ақша белгілерінің төлемділігін қамтамасыз етуге қажетті өзге де негіздер. Ақша белгілерінің дизайнына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдау кезінде бірнеше номиналдар бір мезгілде өзгертілуі мүмкін.
Айналымдағы ескі үлгідегі ақша белгілерін Қазақстанның Ұлттық Банкінің жаңа үлгідегі ақша белгілеріне ауыстыру кезінде бұқаралық ақпарат құралдарында (баспасөз органдарында) Басқармасынын қаулысы мен ресми хабар жарияланады, баспасөзде, телевидение мен радиолар ақша белгілерін айырбастау мерзімі мен тәртібін қоса алғанда, түсіндіру (түсіндірме) жұмыстары жүргізіледі. Қазақстан Ұлттық Банкінің мұндай ресми хабарында мынадай ақпараттар қамтылуы тиіс: жаңа үлгідегі ақша белгісінің айналымға түсетін датасы (күні), оның номиналы және дизайнның (нысаннын) қысқаша сипаттауы; жаңа үлгідегі ақша белгісінің айналымға түскен күнінен бастап ақша белгілерінің ескі және жаңа үлгілерінің қатар айналымда жүруі кезеңі; Қазақстан Республикасы аумағында ескі үлгідегі ақша белгілерінің заңды төлем құжаты болуы тоқтатылатын кезден бастап ақша белгілерінің жаңа және ескі үлгілерінің қатар айналымда жүру кезеңінін аяқталу датасы (күні). Қазақстан Ұлттық Банкі ай ішінде шет мемлекеттердің орталық банктеріне айналымдағы ұлттық валютаның ауыс шарттары мен мерзімін мәлім етеді, жаңа үлгідегі ақша белгілерінің үлгілері мен сипаттамасын жолдайды.
Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің қатар айналымда жүру кезеңі Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасы қаулысымен белгіленеді. Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің қатар айналымда жүру кезеңі заңды төлем құралы болып табылады, Республика аумағында барлық төлемдер бойынша ешқандай кедергісіз қабылдануға, сондай-ақ банк шотына есепке алыну үшін және аудару операциялары үшін міндетті болады.
Бұл орайда Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері: заңды және жеке тұлғаларға операциялық кассалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін беруді тоқтатады; ескі үлгідегі ақша белгілерін жаңа үлгідегі ақша белгілеріне не айналымдағы өзге де ақша белгілеріне айырбастау мен қабылдауды ешқандай кедергісіз жүргізеді; Қазақстан Ұлттық Банкі филиал-дарына екінші денгейдегі банктердін кассалық операцияларын жүргізуді реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес ескі үлгідегі ақша белгілерінің қалдығын және операциялық кассаға түскендерін міндетті түрде тапсырады. Қазақстан Ұлттық Банк филиалдары: екінші деңгейдегі банктердің айналым кассаларынан заңды және жеке тұлғаларға ескі үлгідегі ақша белгілерін беруді тоқтатады; екінші деңгейдегі банктерден Қазақстан Ұлттық Банкі бөлімшелерінде құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету мен эмиссиялық-кассалық операцияларды жүргізу тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес екінші деңгейдегі банктердің тиісті корреспонденттік шотына ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерін кейіннен қолма-қолсыз эквиваленттен аудару үшін шектеусіз қабылдайды.