Банктік шот шартын жасасу алдында клиент банкке:
1) өзіне банктік шот ашу туралы өтініш;
2) заңды тұлғаны құру туралы шешімнің көшірмесі және құрылтайшылардың жарғысы не ерікті түрде құрылатын заңды тұлғанын құрылтайшы құжаттары;
3) есеп айырысу құжаттарына қол қоюға құқығы бар заңды тұлғаның, лауазымды адамдарының қол қою үлгісі бар карточка және тиісті құжаттарға соғылатын мөрдің таңбасы;
4) клиенттің салық органында салық есебіне қойылғанын растайтын құжат;
5) клиенттің сақтандыру жарналарын төлеуші ретінде тіркелгенін растайтын кұжат сияқты және т.б. қажетті деп табылатын құжаттарды табыс етуге тиіс.
Қандай болмасын банк банктік шот шарты бойынша ағымдағы және корреспонденттік шот ашқан кезде клиенттің пайдасына түскен ақшаны қабылдауға, клиентке немесе үшінші адамдарға тиісті ақша сомасын аудару (беру) туралы клиенттің нұсқауын орындауға және банктік шот шартында көзделген басқа да қызмет көрсетуге міндеттенеді.
Банктік шот шартында:
1) шарттың мән-жайы;
2) салық қызметі органы берген құжатта көрсетілген салық төлеуші-клиенттің тіркеу нөмірі;
3) банктік шотта жатқан ақшаны жұмсау тәртібі;
4) банктің қызметтер көрсету шарттылығы және оларға ақы төлеу тәртібі көрініс табуға тиіс.
Банктік шот шартында тараптар келісімдеген өзге де мән-жайлар көзделуі мүмкін. Сонымен қатар банктік шот шартын-заңнамада белгіленген қосымша талаптар да болуға тиіс. Банктік шот ашу барысында клиенттер: I) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары-резидентері және олардың оқшауланған бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері): қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжат; клиенттің салық есебіне қойылу фактісін растайтын, салық комитеті органы берген құжаттың көшірмесі; статистикалық карточкасының көшірмесі; уәкілетті мемлекеттік орган берген, клиенттің мемлекеттік (кайта тіркеуден) өткендігін растайтын, белгіленген құжаттың көшірмесі; филиалдар мен өкілдіктер — филиалдың және өкілдіктің басшысына Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы берген сенімхаттың көшірмесі; жарғының (ереженің) немесе үлгі жарғысының негізінде клиенттің қызметін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі; мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің рұқсаты;
2) Қазақстан Республикасының жеке тұлғалары-резиденттері: қол қою үлгісі бар құжат; клиенттің салық есебіне қойылу фактісін растайтын, салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі; заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратьи жеке тұлғаларға уәкілетті орган берген, олардың мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткендігін растайтын белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі; жеке басын куәландыратын құжат.
3) Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғалары және олардың оқшауланған бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері): қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар қүжат; клиенттің Қазақстан Республикасында, филиалдар мен резидент емес заңды тұлғалардың өкілдіктері үшін — олардың Қазақстан Республикасында тіркелген жері бойынша салық есебіне қойылу фактісін растайтын салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі; резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне уәкілетті орган берген олардың мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуден) өткендігін растайтын белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі, тиісті филиал немесе өкілдік туралы ереженің мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған, нотариалды куәландырылған көшірмесі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғасы филиалдың немесе өкілдіктің басшысына берген сенімхаттың көшірмесі; сауда тізілімінен не осындай сипаттағы, резидент емес заңды тұлғаны тіркеген орган, тіркеу нөмірі, күні және тіркеу орны туралы ақпараты бар, мемлекеттік немесе орыс тіліне аудару арқылы белгіленген тәртіппен расталған және қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына немесе қатысушысының біреуі Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес жария етілген құжаттан үзінді-көшірме; қол қою және мөр таңбасының үлгілері бар құжатка сәйкес клиенттің банктік шотын жүргізуге (банктік шоттағы ақшаға билік жасауға) байланысты операциялар жасау кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;
4) Қазақстан Республикасының резидент емес жеке тұлғалары: қол қою үлгісі бар құжат; заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғаларға уәкілетті орган берген олардың — мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткендігін растайтын белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі; жеке басын куәландыратын құжат.
5) шаруа (фермер) қожалықтары: қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжат; клиенттің салық есебіне қойылу фактісін растайтын салық комитеті органы берген құжаттың көшірмесі; уәкілетті орган берген мемлекеттік тіркеуден (кайта тіркеуден) өткендігін растайтын белгіленген нысандағы құжаттын көшірмесі.
6) таратылатын банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) салымдары, олардың филиалдары (қаржылық ұйымдар); қаржылық ұйымды тарату комиссиясының бірінші және екінші қол қою үлгілері не бірінші қол қою үлгісі және таратылатын қаржылық ұйымның мөр таңбасы бар құжат; таратылатын қаржылық ұйымды салық есебіне қою фактісін растайтын салық қызметі органы берген құжаттын көшірмесі; қаржылық ұйымды тарату және тарату комиссиясын тағайындау туралы сот, уәкілетті орган не акционерлердің жалпы жиналысы шешімінің көшірмесі; сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына, банктік және басқа да операцияларды жүргізуге берілген лицензияны қайтарып алу туралы уәкілетті органның шешімінің көшірмесі; Қазақстан Үлттық Банкінің банктер мен олардың филиалдарына таратылатын қаржылық ұйымының екінші денгейдегі банктерде ағымдағы шотын ашуға берген рұқсатынын көшірмесі;
7) шетелдік дипломатиялык және консулдык өкілдіктер қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжат; Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінен, оның тіркелгенін растайтын белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі сияқты құжаттарды банкке тапсырады.
Клиенттің банктік шот ашуға қажетті құжаттарды банкқа ұсынуы негізінде оған бір банкте бір мезгілде бірнеше банктік шот ашуға жол беріледі.
Банктік шот ашу үшін клиент табыс еткен құжаттардың клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттан (кәмелетке толмаған клиенттің тууы туралы куәлігінен) басқасы банкте әрбір клиент бойынша арнайы ашылған істе шартпен біріктіріліп, сақталады.
Банктер заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаға немесе жеке тұлғаға банктік шот ашғаннан кейінгі үш жұмыс күні ішінде осы жайында тиісті салық қызметі органдарын хабардар етеді.
Уәкілетті банкте ашылған резидент емес банктің корреспонденттік шоты арқылы жүзеге асырылатын ақша төлемі мен аударымы тек аудару тәртібімен жасалады.
Банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтатып қою немесе банктік шотта жатқан ақшаға арест салу Қазакстан Республикасының заң кесімдеріне сәйкес банктік шоттар, шығыс операцияларын тоқтатып қоюға немесе клиент банктік шотта жатқан ақшасына арест салуға құқығы уәкілетті органдардың тиісті шешімдері (қаулылары) негізі жүргізіледі.
Банкке уәкілетті органдардың тиісті банктік шоттар арқылы жүргізілетін шығыс операцияларын тоқтатып қою туралы шешімдері түскен жағдайда, банк мұндай шоттан шығыс операцияларын жүзеге асыруды тоқтатады.
Занды тұлғалар, олардың филиалдары немесе өкілдік банкке мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған № 1 косымшаға сәйкес нысан бойынша бірінші және екінші қол үлгілері және мөр таңба белгісі бар құжаттарды ұсынады.
Жеке тұлғалар және кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын жеке түлғалар банкке мемлекет және орыс тілдерінде жасалған № 2 қосымшаға сәйкес нысаны бойынша қол қою үлгісі бар құжаттарды ұсынады.
Банк қол қою үлгілері және мөр таңба белгісі бар құжат енгізілген адамдардың қойған қолын нотариаттың растауын талап етуге құқылы. Нотариусы жок елді мекендерде қол қою үлгілері және мөртаңба белгісі бар құжатқа енгізілген адамдардың қойған қолын жергілікті атқарушы билік органы растайды.
Клиент шот ашу үшін ұсынатын қол қою үлгілері және мөртаңба белгісі бар құжаттар данасының қажетті санын банк белгілейді. Оның бір данасы банктің операция жасайтын қызметкерінде тұрақты түрде, екіншісі — банк клиентінің іс қағаздарында сақталады.
Банктік шот шарты бойынша банктер орындайтын міндеттіліктер (операциялар) ағымдағы банктік шот шартының, жинақ, шоты-банктік депозит шартының, карт-шот шартының және корреспондентгік шот шартының негізінде жүзеге асырылады.
Ағымдағы банктік шот шартының негізінде банк:
1) банктегі клиенттің ақшасының ол талап еткенде немесе ол тапсырма бергенде қажетті мәлшерде болуын (сақталуын) қамтамасыз етеді;
2) клиенттің банктік шотындағы ақша қаражатының белгілі көлемін банктік кредиттеу процесінде пайдаланады;
3) клиенттің атына (пайдасына) түскен ақшаны оның банктік шотына есептейді (қабылдайды);
4) аталған шартта белгіленген тәртіппен клиенттің қолма-қол ақшасын қабылдайды;
5) клиентіне аталған шартта көзделген тәртіппен қажетті мөлшерде қолма-қол ақша сомасын береді;
6) клиенттің банктік шотындағы ақшасын пайдаланғаны үшін банктік шот шартында айқындалған мөлшерде және көзделген тәртіппен клиентке сыйақы төлейді;
7) клиенттің талап етуіне орай шартта көзделген тәртіппен банктегі (банктік шоттағы) ақшасының сомасы және банктік шоты бойынша жасалған операциялар туралы клиентке ақпарат береді;
8) шартты көзделген тәртіппен клиенттің өз банктік шоты үшінші тұлғалардың пайдасына ақша аудару жөніндегі үкімін орындайды;
9) тиісті заңнамалық актілерде немесе шартта көзделген кездер бойынша клиенттің банктік шотынан өздеріне тиесілі ақша сомасын алып қою туралы үшінші тұлғалардың өкімін орындайды;
10) клиентке шартта, тиісті заңнамалық актілерде көзделген және банктік тәжірибеде қолданылатын іскерлік айналымы дағдыларына орай өзге де банктік қызметтер көрсетеді.
Банктік депозит (салым) шартының негізінде банк:
1) клиенттің жинақ шотындағы оған тиесілі ақшаның (депозиттің/салымның) болуын қамтамасыз етеді;
2) клиенттің аталған банктік шотындағы ақша қаражатын пайдаланады;
3) клиенттен немесе үшінші тұлғадан клиенттің жинақ шотына қолма-қол және қолма-қол емес тәсілмен ақша қабылдайды;
4) клиенттің ақша қаражатын әз мүддесіне орай пайдаланғаны үшін оған осы шартта көзделген тәртіппен және айқындалған мөлшерде сыйақы төлейді;
5) клиенттің үшінші тұлғаның пайдасына депозит енгізу жөніндегі өкімін орындайды.
Банктік карт-шот шарты негізінде банк:
1) клиенттің шоттағы ақшасының ұдайы болуын қамтамасыз етеді;
2) клиенттің атына (пайдасына) түсетін ақшаны осы шотқа есептейді;
3) шартта кәзделген тәртіппен клиенттің төлемдік карточкасын пайдалана отырып үшінші тұлғалардың пайдасына төлемдер жүргізеді;
4) заңнамалық актілерде немесе аталған шартта көзделгеи негіздерге орай шоттағы клиент ақшасының өздеріне тиесілі сомасын алып қою жөніндегі үшінші тұлғалардың өкімін орындайды;
5) заңнамалық актілерде немесе шартта айқындалған тәртіппен клиенттің қолма-қол ақшасын қабылдайды;
6) клиенттің төлемдік карточкасын пайдалана отырып оған қолма-қол ақша береді.
Коммерциялық банкті алғашкы рет құру және оның жарғылық қорын қалыптастыру барысында Қазақстан Ұлттық Банкінің де ашылған корреспонденттік шот, сондай-ақ басқа коммерциялық банкпен (банктермен) өзара жасалған корреспонденттік шот шарты негізінде көбінесе есеп айырысу, банк жүйесінің резервтік қорын қалыптастыруға қатысу, ақша аудару, ақша қаражатын корреспонденттік шотқа есептеу, корреспонденттік
шотты кредиттеу сияқты және т.б. осы корреспонденттік шот арқылы жүргізілуге тиіс банктік операцияларды жүзеге асыру жөніндегі корреспонденттік банк пен респондет банктің (керісінше респондент банк пен корреспондент банктің) банктік операциялық қызметі болып табылады.
Корреспондент банктің респондент банкке ашатын корреспонденттік шоты «ЛОРО», ал респондент банкте «НОСТРО»деп аталады.
Банк клиенттері заңды тұлғаның және жеке кәсіпкердің корреспонденттік шоттарын есепке алмағанда басқа банктік шоттары бойынша тиісті операцияларды тоқтата тұру:
1) салық есептілігін табыс ету мерзімі аяқталғаннан кейінгі он жұмыс күні ішінде салық төлеуші өзіне қатысты салық есептілігін табыс етпеген болса;
2) салық төлеуші өзіне тиесілі салық берешегін өтемеген жағдайда;
3) салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді салықтық тексеруге, қарауға жол бермеген жағдайда заңнамалык актілерде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Банк клиенті салық төлеушінің (заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын токтата тұру туралы салық органының өкімі уәкілетті мемлекеттік орган мен Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген нысан бойынша шығарылады және ол (өкім) банкке табыс етілген күннен бастап күшіне енеді.
Осы өкім банктер тұрғысынан сөзсіз орындалуға тиіс. Осындай өкімді шығарған салық органы банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру себебі жойылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде оның (өкімнің) күшін клиенттің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру тек салық берешегін өтеу жөніндегі операцияларға ғана емес сонымен бірге оның барлық шығыс операциялары бойынша қолданылады.
Тиісті заңнамаларда немесе банктік шартта нақтылы мән-жайлар көзделмеген болса, клиенттің өтініші бойынша банктік шот шарты кез келген уақытта бұзылады.
Банктік шот шартын тоқтату негіздері ретінде:
1) банктік шот шартын бұзу және шотты жабу туралы клиенттің жазбаша өтініші;
2) банк клиенті заңды тұлғаны кұрған органның шешімі;
3) банктік шот шартының бір тарапы болып табылатын заңды тұлғанын таратылуы;
4) банктік қызмет сипатының өзгеруіне орай шарт бойынша шотқа қатысты нақты бір белгінің жойылуы көрініс табады.
Заңды тұлғаның — клиенттің таратылуына немесе қайта құрылуына байланысты немесе заңды тұлғаның шотында бір жылдан астам, ал жеке тұлғаның шотында үш жылдан астам уақыт бойы ақша болмауына байланысты жабылған жағдайларды қоспағанда, осы шотқа қойылған талаптардың орындалмауы орын алған кезде банктік шотты жабуға, сондай-ақ заңды тұлғаның — клиенттің таратылуына немесе қайта құрылуына байланысты шотты жабу жағдайларын қоспағанда, Қазакстан Республикасының валюталық заңдарына сәйкес банкке клиент ұсынатын сыртқы экономикалық экспорттық-импорттық келісім-шарттар бойынша клиентте орындалмаған (клиент орындамаған не орындай алмаған) талаптар болған кезде ағымдағы банктік шотты жабуға тыйым салынады.
Заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмай кәсіпкерлікпен айналысқан жеке тұлғаның банктік шоты жабылғаннан кейін банк он күндік мерзімде осындай мән-жай туралы тиісті салық қызметі органдарына жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің банктік шотын банк Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі осы мемлекеттік мекеменің банктік шотын ашуға берген рұқсатты қайтарып алған жағдайда жабады.