АНК САЛЫМЫ ШАРТЫНЫҢ БАНК ШОТЫ ШАРТЫНАН

Заң әдебиетінде банктік салымның құқықтық табиғаты депозиттік операцияларды қарастыруға байланысты әртүрлі тәсілдерді қолдануы даулы мәселе. Салым (депозиттік) операциялар әр түрлі шарттармен реттеледі және былайша бөлінеді: жабық депозит (сақтау шарты) — клиенттің банкке жабылған және мөрленген сыйымдылыққа салып, бұл заттарды пайдалану құқығынсыз банкке тапсыру; сейфтік депозит (мүліктік жалдау, жалға беру шарты) — банктің клиентке ақшаларын, заттарын сақтау үшін сейф беруі; ашық тұрақты депозит (тұрақты сақтау шарты) — клиенттің меншігінде қалатын клиенттің ақша­ларын банктің сақтауы; ашық тұрақты емес депозит (сақтау немесе заемның тұрақты емес шарты) — клиент банкке ақша, бағалы қағаздарды құжатын көрсету арқылы алатын эквивалентті береді; шектеулі тұрақты депозит (шектелген тұрақты емес сақ­тау шарты) — бағалы қағаздар олардың нөмірін көрсетусіз банктің осы салымға эквиваленттің басқа қағаздармен қайтару міндеттілігі арқылы беру; сандық депозит (ақша депозитінің әр түрлілігі) — шоттың нәмірін немесе кілтін білетін адамның билік ету құқығы. Сақтау шарты мен депозит бойынша қатынастар қамтылмайды, өйткені сақтау шарты кезінде сақтауға беруші сақтаушыға ақы төлейді. Банк салымынын шарты — заем шартының әр алуандығы бұл қатынастарды қамтиды, ол нақты, ақылы және бір жақты міндеттеуші түрінде болады. Банктік шот шар­ты заем, тапсырыс және комиссия шартының элементін құрайтын аралас түрдегі шарттың түрі болып табылады. Банк аккредиттерімен, чектермен есеп айырылысу кезінде клиенттің тапсырмасы бойынша өз атынан комиссионер ретінде әрекет етеді. Төлем тапсырыстарымен есеп айырылысу кезінде — қаражатты қабылдаушы атынан есеп айырылысу құжаттарын алушы және оның атынан әрекет етуші сенім білдірілген ретінде әрекет етеді.Банк шотының шарты екі жақты міндеттеуші, келісімді және ақылы болып табылады.

Азаматтық құқықтың авторлары банк шотының шартын жария шартқа ұқсас деп есептейді (банк оған офертомен (шарт жасауға ұсыныспен) келген барлық адамдармен шарт жасауға міндетті), бұл айтылғанға клиентке қызмет көрсетуге банктік мүмкіндігінің болмауы немесе заңда көзделген жағдайлар жатпайды. Банк шоты шартының банк салымы шартынан негізгі ерекшелігі салымдар бойынша, ал ағымдағы шоттардан ерекшелігі түсімдер мен төлемдер қозғалысының болмауы деп есептеледі. Банк ол бойынша төлемдер мен есеп айырылысуды жүргізбейді.