- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті өз құзыреті шегінде салықтардың және басқа да міндетті телемдердің бюджетке түсуін, міндетті Зейнетақы жарналарының және мемлекеттік Әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың.толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз ету саласындағы қызметін және бақылау қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті:
Басшылықтан;
Ірі салық төлеушілерді әкімшілендіру және мониторингтеу басқармасынан;
Салықтық әкімшілендіру басқармасынан;
Әдіснама басқармасынан;
Халықаралық салық, салу басқармасынан;
Ішкі жұмыс басқармасынан;
Кірістерді талдау және ағымдағы болжау басқармасынан;
Ақпараттық технологиялар басқармасынан;
Ұйымдастыру қаржылық қамтамасыз ету басқармасынан;
10.Салық аппеляциясы басқармасынан;
11.Өндірістік емес төлемдер басқармасынан;
12.3аң басқармасынан;
- Акциздерді әкімшілендіру басқармасынан құрылады.
- Салық комитетінін, басты міндеттеріне:
салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердін толық түсуін, міндетті Зейнетақы жарналарының және мемлекеттік Әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз ету;
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген тәртіппен салықтық бақылау жүргізу;
Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
этил спирті мен алкоголь өнімінің, темекі өнімдерінің, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің. өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету;
-халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру жатады.
Салық комитеті мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады. Осы орайда оның мемлекеттік тілде өз атауы мен мөрі және мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында бюджеттік шоттары және Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінде, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда карастырылған жағдайларда өзге де шоттары болады.
Салық комитетінің заңды тұлғалар болып табылатын аумақ,тық органдары ретінде, аймақаралық салық комитеттері, облыстар, Астана және Алматы калалары бойынша салық комитеттері, ауданаралық салық комитеттері, аудан, қала және қаладағы аудандар бойынша салық, комитеттері, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтар аумағындағы салық комитеттері жұмыс істейді.
Салық комитеті өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңнамаларына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Салық комитеті салықтық заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін:
Қазақстан Республикасындағы салық төлеушілердің мемлекеггік тізілімін жүргізу;
салық төлеушілерді, салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді есепке алудың бірыңғай жүйесін әзірлеу және жүргізу;
салықтық заңнаманың орындалуына бақылау жүргізу бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
этил спиртінің, алкоголь өнімдерінің және темекі өнімдерінің өндірілуі және айналымы саласында есепке алу мен есептілікті ұйымдастыру;
этил спиртінің, алкоголь өнімдерінің және темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымына бақылау жүргізу бойынша мемлекеттік органдармен әзара іс-қимыл жасау;
салық төлеушілердің қаржылық-шаруашылық қызметін, мұнай өнімдерін өндірушілердің, мұнайды жеткізушілердің және мұнай өнімдерін базалардан сатуды жүзеге асыратын тұлғалардың, сондай-ақтемекі өнімдерін өндіретін тұлғалардың қызметін мониторингтеу;
мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру және олардың айналымы бойынша бірыңғай дерекқорды жүргізу;
өз құзыреті шегінде салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуі мәселелері бойынша, сондай-ақ акцизделетін өнімнің өндірісі мен айналымы саласында халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жасау;
салық берешегін мәжбүрлеп ендіріп алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексінде) белгіленген тәртіппен салықтардың, өсімақылар мен айыппұлдардың есептелген сомасы бөлігінде, сондай-ақ салық қызметі органдары лауазымды тұлғаларының әрекеті (әрекетсіздігі) бөлігінде салықтық тексерулердің кесімдері бойынша хабарламаларға қатысты заңды және жеке тұлғалардың шағымдарын карау;
салықтық міндеттемелердің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы мәселелерін жеке және заңды тұлғаларға түсіндіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру;
этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және импорттауды, темекі өнімдерін ендіруді, сондай-ақ Қазақстан Республикасында лотереяларды ұйымдастыруға және өткізуге байланысты қызметті лицензиялау;
өзге мемлекеттік органдардың мұнай өнімдерін өндірудің және (немесе) олардың айналымының көлемі туралы мәлімет терді және өзге де қажетті ақпаратты бірыңғай дерекқорға беру нысандарын, тәртібі мен мерзімдерін айқындау;
өз құзыреті шегінде этил спиртін, алкоголь өнімімен темекі өнімдерін, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және айналымын реттеу;
салықтық құқық бұзушылықтарға карсы күрес мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындауы сияқты функцияларды, сондай-ақ:
салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем дердің түсуі толықтығын көздейтін заңнаманың сақталуын бақылау;
—нормативтік құқықтық актілерде белгіленген құзыреті шегінде салықтық емес (мемлекеттік кәсіпорындар пайдасының үлесінен, мемлекеттік меншік болып.табылатын акциялардың пакеттеріне дивидендтерден, «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін жалгерлік төлемнен, республикалық мемлекеттік мүлікті жалға беруден және сатудан, мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіруден түсетін түсімдерден, капиталмен жасалған операциялардан алынатын түсімдерден басқа) төлемдердің түсуін бақылау;
трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау;
мемлекеттік бюджетке бөлінетін міндетті төлемдерді есептеуді және (немесе) жинауды жүзеге асыруға уәкілетті Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметін бақылау;
—қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес таңбалауға жататын акцизделетін өнімдер бойынша акциздік маркалардың сақталуын, сатып алынуын және есепке алынуын, сондай-ақ есепке алу бақылау маркаларының жасалуын, сақталуын, сатып алынуын және есепке алынуын бақылау;
акцизделетін тауарларды өндіретін ұйымдардағы акциз бекеттерінің жұмысын бақылау;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес этил спиртінің, алкоголь өнімінің және темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымы саласында құқық бұзушыларға ықпал ету шараларын қолдану;
өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердін сақталуын бақылау;
мұнай өнімдерінің айналымына мұнай өнімдерінің өндірісі және айналымы бойынша ілеспе жүккүжаттар мен декларациялар арқылы бақылау сияқты бақылау — қадағалаушылық функцияларды жүзеге асырады.