Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 47-бабына сәйкес заңды тұлғаның және жеке кәсіпкердің банк шоттары (корреспонденциялық шоттарды қоспағаңда) бойынша шығыс операцияларын тоқтату тұру Қазакстан Республикасы заң актілерінде белгіленген тәртіппен: салық төлеуші салық есептілігін тапсыру мерзімі аяқталғаннан кейін он жүмыс күні ішінде оны табыс етпеген; белгіленген төлеу мерзімі күнінен бастап отыз жұмыс күні өткеннен кейін салық берешегін өтемеген; салық қызметі органының лауазымды адамдарының, белгіленген салық тексеруін жүргізу тәртібін бұзған жағдайлардан басқа реттерде, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді салық тексеруіне, қарауына жол бермеген жағдайларда жүргізіледі. Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру белгіленген мерзімдерде салық төлеушіге хабарлай отырып жүргізіледі және салық берешегін өтеу жөніндегі операциялардан басқа, салық төлеушінің барлық шығыс операцияларына қолданылады. Салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімі уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Ұлттық Банкімен бірлесе отырып белгілеген нысан бойынша шығарылады және немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым оны алған күннен бастап күшіне енеді. Салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар сөзсіз орындауға тиіс. Шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарған салық органы банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата түру себебі жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің күшін жояды. Қазақстан заңнамасына сәйкес салық төлеушінің банктік шоты жабылған жағдайда банк шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді салық төлеушінің банк шотын жабу туралы хабарламамен қоса тиісті салық органына қайтарады. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндеттердің, салық тексеру нәтижесі бойынша өсімпүл мен айыппұлдардың есептелген сомасы туралы хабарламаға шағым жасалған жағдайда, банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жүргізілмейді.
Заңды және жеке тұлғаның банктегі ақшаларын және өзге мүлкін тәркілеу, жинақтау зейнетақы қорынын зейнетақы активтерінен басқа, тек сот шешімінің (өкімінің) заңды күшіне ену негізінде ғана жүргізіледі.
Заңды тұлғалар мен азаматтардың банктегі ақшаларын олардың келісімінсіз алып қою тек соттың заңды күшіне енген өкімінің немесе шешімінің, сот бұйрығының негізінде, сондай-ақ Қазақстан Салық кодексі және зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заң актілерінде көзделген жағдайларда жүргізіледі.