Банктер мемлекеттік бағалы қағаздардың өтімділігінің жоғарылығына байланысты оларды сатып алуда белсенді қатысады, бірақ осы операциялар банктік операциялар банктік операциялар болып табылмайды. Банктердің бағалы қағаздармен классикалық операциялары төмендегідей топқа бөлінеді: өтімділік резервтерін ұстап тұру мақсатындағы операциялар; салыстырмалы түрдегі ұзақ кезеңде табыс алу мақсатындағы операциялар; ұқсастар шаруашылық жүргізу субъектілеріне несие беру операциялары; өз қағаздарын эмиссиялау арқылы қорларды тарту операциялары; банк клиенттердің агенті ретінде олардың қажеттіліктері қанағаттандыратын операциялар.
Мемлекеттік бағалы қағаздардың әр шығарылымының эмитенттің бекіткен Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару, орналастыру, сыйақысын төлеу және өтеу талаптарына сәйкес бағалы қағаздардың нарығын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган белгіленген тәртіппен беретін ұлттық теңестірілген нөмірі болады.
Қазақстанның Ұлттық Банкі жасалған келісімге сәйкес эмитенттің Бас қаржы агенті болып табылады. Екінші деңгейлі банктердің қатарынан алғашқы дилерлер эмитенттің қаржы агенттері болып табылады. Мемлекеттік бағалы қағаздарды және олар бойынша құқықтардың есебін жүргізу, сонымен қатар олармен жасалатын мәмілелерге техникалық қызмет ету “депо” банктердің шоттарында ашылған инвесторлардың жеке қосымша шоттарында Орталық депозитарийдегі “депо” банктердің шоттары бойынша жүзеге асырылады. Мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыруға банктер қатысады, сондықтан инвесторлар анықталған құжат айналымына сәйкес олар арқылы мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыруға инвестор және оған қызмет ететін банк арасындағы шартта айтылған тәртіппен қатысады. Мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыру өткізу: аукцион, толықтыра орналастыру, жазылу, қайталап ашу жолымен жүзеге асырылады. Эмитент бәсекесіз ұсынытармен өтінімдерді қанағаттандыру үлесін, сондай-ақ банктердің өтінімдерін қанағаттандыру үлесін дербес анықтайды. Инвесторлар – резидент еместердің қатысу үлесін шектеуді Қазақстанның Ұлттық Банкі анықтайды. Эмитент банктердің мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуына өтінімдерін орналастырудың жарияланған көлемінен жоғарырақ немесе төменірек қанағаттандыруға құқылы. Бағалар (сыйақы ставкалары) қанағаттанғысыз болатын кезінде эмитент орналастыруды өткізілмеген деп жариялауға құқылы. Мемлекеттік бағалы қағаздарды қайта ашу (немесе мерзімінен бұрын өтеу) тек қана мемлекеттік бағалы қағаздар үшін қайта ашу (немесе мерзімінен бұрын өтеу) күні анықталған шығару, орналастыру, сыйақысын төлеу және өтеу талаптарымен жүзеге асырылады, бұл ретте, бірақ қайта ашу) немесе мерзімінен бұрын өтеу) міндеттемесі емес, құқық эмитенттің құзырында қалады. Мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырумен байланысты ақпарат Қазақстанның Ұлттық Банкі анықтайтын, Қазақстанның Ұлттық Банкі қолданылатын бағдарламалық-криптографиялық қорғау жүйесінің көмегімен шифрленетін деректерді беретін электрондық жүйесі арқылы беріледі.
”Қазақастан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы” заңының 30-бабына сәйкес банктер бағалы қағаздардың нарығында кәсіптік қызметін: брокерлік (тапсырма бойынша сыйақы үшін криенттердің мүддесіне орай шарттың негізіндегі делдалдық қызмет) және мемлекеттік бағалы қағаздармен дилерлік (қызмет өз атынан және өз есебінен бағалы қағаздармен мәмілелер кезінде пайда алуы мақсатында), кастодиандық қызметті (банк бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы ретінде клиенттердің сеніп тапсырған бағалы қағаздары мен ақшасын сақтау мен есебін жүргізу қызмет жүзеге асырады) және клирингілік қызметті (есеп-қисаптарда қатысатын тараптардың талаптарын мен міндеттемелері өзара есепке жатқызу, бағалы қағаздармен мәмілелер жасауцдың нәтижесінде жүзеге асырылатын) жүзеге асыруға құқылы.