Банктік операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтініш Қазақстан Республикасы Агенттігі немесе Қазақстан Ұлттық Банкі тарапынан қабылданған күннен бастап бір ай ішінде қаралады.
Ұлттық және шетелдік валютамен жүргізілетін банктік операцияларға арналған лицензиялар Қазақстан Ұлттық Банкі тарапынан шектеусіз мерзімге беріледі.
Банктік операциялардың барлық түрлерін жүзеге асыру құқығы берілген лицензияда тікелей көрсетілген жағдайда ғана іске асырылады.
Қазақстан Ұлттық Банкі лицензиялайтын банктік операция банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыру ұйымдар жүргізетін операцияларға:
1) төлемдерді жинау, салыстырып тексеру, сұрыптау және олардың өзара есебін жүргізу, сондай-ақ клиринг қатынастары банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың таза позицияларын иелену жөніндегі банктік клиринг;
2)сейфтік жәшіктерді, шкафтарды және үй-жайларды жалға қоса алғанда клиенттердің құжаттамалық нысанда бағалы қағаздарын, құжаттары мен қазыналарын сақтаған сейфтік операциялар; төлемдік карточкаларды шығару; банкноттарды, монеталар мен қазыналарды инкассациялық валютасымен жүргізілетін айырбастау операцияларын ұйымдастыру;
3) құндылықтарды пайдалануға байланысты операциялар: қозғалысының операциялары; резидент жеке тұлғалардың шетелдік банктерде шоттар резидент заңды тұлғалардың шетелдік банктерде шоттар ашу, рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау (Қазақстан Республикасы Агенттігі лицензиялайтын банктік операция түрлеріне:
4)жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашады және жүргізеді;
5) кассалық операцияларды жүзеге асырады;
6) заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың ақша аудару жөніндегі тапсырмаларын орындайды;
7) заңды тұлғалар мен жеке түлғалардың вексельдері мен өзге қарыздық, міндеттемелерін есепке алу (дисконттау) жөніндегі есептеу операциялары;
8) ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық талаптарына сәйкес ақшалай түрде несие беру жөніндегі заемдық операциялар;
9) жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың, оның ішінде корреспондент банктердің тапсырмалары бойынша олардың банктік шоттары арқылы есеп айырысу;
10) сенім білдірген тұлғаның мүддесін көздеп және оның тап-сырмасымен оның ақшасын, ипотекалық қарыздары бойынша талап ету құқықтарын, тазартылған бағалы металдары мен бағалы қағаздарын басқаруға байланысты сенімгерлік операциялар;
11) банкаралық клиринг;
12) сейфтік операциялар;
13) ломбардтық операциялар;
14) төлемдік карточкалар шығару;
15) банкноттарды, монеталар мен қазыналарды инкассациялау;
16) шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру;
17) төлемдік құжатгарды (вексельдері қоспағанда) инкассацияға қабылдау;
18) чек кітапшаларын шығару;
19) аккредитивті ашу (ұсыну) және растау, сондай-ақ ол бойынша міндеттемелерді орындау;
20) ақшалай түрде орындалуды көздейтін банктік кепілдік беру;
21) үшінші түлғалар үшін ақшалай түрде орындауды көздейтін банктік кепіл болу және өзге де міндеттемелер беру;
22) қымбат бағалы тазартылған металдарды (алтын, күміс, платина, платина тобына жататын металдарды) құйма күйінде, монеталар мен дәрігерлік бұйымдар түрінде сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
23) құрамында бағалы металдар мен асыл тастар бар зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
24) вексельдермен жасалатын операциялар;
25) лизингтік қызметті жүзеге асыру;
26) акцияларды қоспағанда өз меншігіндегі бағалы қағаздарды эмиссиялау;
27) факторингтік операциялар;
28) форфейтингтік операциялар;
29) шетелдік валютамен және туынды бағалы қағаздармен жүргізілетін делдалдык қызмет;
30) шетелдік валютамен, туынды бағалы кағаздармен жүргізілетін дилерлік кызмет;
31) инвестициялық портфельді басқару;
32) кастодиандық қызмет жатады.
Қазақстан Республикасының банк жүйесінде банктік қызметін жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға — банктің ресми мәртебесі оның әділет органдарына банк ретінде мемлекеттік тіркеуден өтуіне және тиісті банктік операцияларды жүргізуге уәкілетті мемлекеттік органдар берген лицензиялардың болуына байланысты айқын-далады.
Заңды тұлға банк ашуға рұқсат беру жөнінде Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігіне өтініш жасайды. Аталған уәкілетті орган банк ашуға рұқсат беру жөніндегі өтініш қолына тиген (өзіне табыс етілген) күннен бастап оны үш ай ішінде, бірақ өтініш қабылданған күннен бастап алты айдан кешіктірмей қарауға міндетті.
Банктің құрылтайшылары уәкілетті органнан банк ашуға берген рұқсатты алған күннен бастап бір ай ішінде банкті мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін әділет органына жолдайды. Банк әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он тәрт күнтізбелік күн ішінде Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының Агентгігіне тіркеуші әділет органының белгісі, мөрі қо-йылған құрылтай шарты мен жарғысының және банкті мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмелерін тапсыруға міндетті.
Банк ашуға берілген рұқсат осы банкке банктік операциялар жүргізу үшін лицензиялар берілу туралы уәкілетті органның шешімі қабылданғанға дейін заңдык күшінде болады. Банктер банктік операциялар жүргізуге лицензия берілген жағдайда ол банк ашуға берілген рұқсатты уәкілетті органға қайтаруға тиіс.
Банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған тиісті лицензияларды Қазақстан Ұлттыұ Банкі белгілеген тәртіппен және оның қорытындысы негізінде Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігі немесе Қазақстан Ұлттық Банкі береді.
Банктерге берілетін лицензиялар банктік кызмет (операциялар) көлемдеріне қарай:
- I) бірыңғай банктік технологиялық кешенге енетін банктік қызметтің бірнеше түрімен айналысуға мерзіміне шек қойылмайтын бас лицензия беріледі;
2) капитал қозғалысына байланысты, сондай-ақ рұқсат еткен көлемдегі, салмақтағы не мөлшердегі тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) үшін төлемді 180 күннен артық мерзімге кейінге қалдыруды не аванстық төлемді көздейтін экспорттық-импорттық мәмілелер бойынша банктік операциялар жүргізуте мерзімі шектелген бір жолғы лицензия беріледі;
3) Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының ЗО-бабында көзделген белгілі бір банктік операциялар жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының валюталың заңнамасында белгіленген валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты банктік валюталық операцияларды жүргізуге операциялық лицензия беріледі.
Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жүргізуге арналған лицензиялар нысанын Қазақстан Ұлттық Банкі белгілейді.
Банктік операцияларды, клирингтік және есеп айырысу ұйымдарының қызметтерін, банктік қызметке жүргізілетін аудитін, бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметті және т.б. қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың нысандарын Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және кадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының Агенттігі немесе Қазақстан Ұлттық Банкі белгілейді.
Лицензиялар беру лицензияланатын банктік және өзге де операцияларды жүргізуге қойылатын талаптарға сай келетін барлық тұлғалар үшін бірдей негіздерге және тең шарттылықтарға сәйкес жүзеге асырылады. Лицензиялау банктік қызмет еркіндігін шектемейді. Лицензия банктік қызметтің нақтылы түрлерін, басқа да банктік іс-әрекеттерді ғана жүзеге асыруға, сондай-ақ банк жүйесінде лицензиялық тәртіп орнатуға мүмкіндік береді.
Лицензия алу үшін қажетті құжаттарға:
1) белгіленген үлгідегі өтініш;
2) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын лицензиялық алымның тиісті жергілікті бюджетке төленгенін растайтын құжат;
3)заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесі жатады.
Банктік операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін өтініш беруші тұлға мемлекеттік тіркелген күннен бастап бір жыл ішінде:
— барлық ұйымдастыру-техникалық шараларын орындауға (банктік қызмет жүргізуге жарамды үй-жай мен ғимаратты және жабдықтарды әзірлеуге, тиісті кәсіби біліктілігі бар қызметкерлер жалдауға);
— жарғылық капиталға төлем жасауға тиіс.
Жұмыс істеп тұрған банк қосымша банктік операцияларды жүргізуге лицензия алу мақсатында:
— банктік операцияларды жүргізуге лицензия алуға өтініш берген айдың алдындағы үш айдың ішінде пруденциалдық нормативтердің және сақтауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттердің;
— банктік тәуекелдер және ішкі бақылау жүйелері бөлігінде уәкілетті орган белгілеген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.