Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі коммерциялық банктер акционерлік қоғам нысанында кұрылған, Қазақстан Республикасының банктер, банктік қызмет туралы заңнамалық актілері, өздеріне қатысты өзге де заңнамалық актілер мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ арнаулы лицензиялар — рұқсаттар негізінде банктік операциялар мен мәмілелердің барлық түрлерін және тиісті қаржылық қызметті кең ауқымда жүзеге асыратын коммерциялық заңды тұлғалар кредиттік ұйымдар болып табылады.
Банк жүйесінің төменгі (екінші) денгейіндегі коммерциялық банктер кәсіпкерлік қызметтің айрықша түрін банктік операцияларды тиісті заңдарға және лицензияларға сәйкес жүзеге асыру арқылы (нәтижесінде) белгілі бір көлемде мол пайда табуды көздейтін, таза нарықтық сипаттағы коммерциялық институттар ретінде ерекшеленеді.
Коммерциялық банктер Қазақстан Республикасының тиісті заңдарында заңды тұлғалар үшін белгіленген тәртіппен және банктер туралы заңдарда белгіленген мән-жайлар мен ерекшеліктер негізінде акционерлік қоғам нысанында кұрылады.
Жаңадан құрылған коммерциялық банктің акционерлері банктің жарғылық капиталына Әділет министрлігінде не оны жергілікті бөлімдерінде банкті тіркейтін мерзімге қарай екі процент мөлшерінде және тіркелген күннен бастап бір күнтізбелік жыл ішінде толығымен төлем жасайды.
Қазақстан Республикасының Қаржы рыногы мен қаржылы ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігі өз кұзыреті шегінде әрі өзі белгілеген тәртіппен коммерциялық банктерге банктік операциялардың Қазақстан Республикасы банктік заңнамасында көзделген түрлерін (валюталық операциялардан басқаларын) жүргізуге лицензия береді. Сонымен қатар, аталған Агенттік банктерге, банктік топтарға арнал-ған пруденциалдык, нормативтерді және банктер үшін сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілейді, сондай-ақ коммерциялық банктерді ашуға, қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім береді.
Қазақстан Ұлттық Банкі және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдар коммерциялық банктердің операциялык іс-әрекеттеріне араласпайды. Олар банк жүйесіндегі адал бәсекелестіктің калыптасуына жағдай жасауды көздейді.
Коммерциялық банктердің пассивті операцияларына клиенттерге қызмет көрсету арқылы немесе клиенттерге қызмет көрсетуден басқа да көздерден қаражаттар тарту жатады.
Коммерциялық банктердің активті операциялары банк клиенттерінің есебінен және олардың тапсырмалары бойынша банктің өзінің пайдасына жүргізілетін операциялар болып табылады.
Коммерциялық банктер мен олардың клиенттері арасындағы операциялар және банкаралық қатынастар тиісті банктік шарттардың негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы экономикасының банктік секторындағы коммерциялық банктер елдің бірыңғай экономикалық кеңістігіндегі шаруашылық қызмет субъектілеріне қатысты және сыртқы экономикалық қызметке байланысты кредиттік, қаржылық және есеп айырысу операцияларының барлық түрлерін жүзеге асырады.