Қазақстан Ұлттық Банкі өзіне мемлекет жүктеген мақсаттар мен функцияларды іске асыру барысында экономикалық әдістерді қолданады, сондай-ақ нарықтық және нарықтық емес экономикалық-қаржылық мән-жайларды ұштастыруға атсалысады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің өз кұзыреті шегінде жүзеге асыратын барлық іс-шараларының ықпалы нарықтық икемділігімен және өркениеттілігімен ерекшеленетіндіктен банктік қызмет ауқымына қатысты үйлесімді көрініс табады.
Қазақстан Ұлттық Банкі жүргізетін мемлекеттік банктің менеджмент аясындағы әр түрлі меншік нысанына негізделген барлық банктердің кызметі объективті және субъективті факторларды ескере отырьш жүзеге асырылатын мақсатты-бағдарлы, тәртіптеуші ықпалдың ауқымымен қамтылады.
Банк жүйесіндегі Қазақстан Ұлттық Банкі: құрылу, жұмыс істеу ерекшеліктері, айрықша экономикалық-қаржылық құзыреті
Ел экономикасының банктік секторындағы коғамдық- мемлекеттік маңызды мән-жайларға орай Казақстан Ұлттық Банкінің негізгі мақсатына Қазақстан Республикасындағы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жатады.
Ал осындай негізгі мақсатты іске асыру тұрғысынан Қазақстан Ұлттық Банкіне мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу; төлемдік жүйелердің жұмыс істеуін камтамасыз ету; валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру; қаржы жүйесінің тұрақтылығын камтамасыз ету, жәрдемдесу тәрізді міндеттер жүктелген.
Қазақстан Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде:
1) айналыстағы ақша көлемінің мөлшерін реттеу жолымен мемлекеттің ақша-кредит саясатын жүргізеді;
2) банкноттар мен монеталардын бірден-бір эмитенті болып табылады және мемлекеттік бағалы кағаздар эмиссиясын жүзеге асырады;
3) өзара келісім бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік қарыздарына қызмет көрсетеді;
4) банктерге және Қазақстан Ұлттық Банкі Баскармасының шешімі бойынша өзінде банктік шот ашқан заңды тұлғаларға кредит береді;
5) Қазакстандағы банктер үшін соңғы сатыдағы кредитор қызметін атқарады;
6) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңынын 30-бабында белгіленген барлық банктік операцияларды жүргізу тәртібін айқындайды;
7) Қазақстан Республикасының Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігін валюталық құндылықтармен жасалатын операциялардан басқа банктік операциялардың жекелеген түрлері бойынша лицензия беруінің мән-жайлары туралы корытынды береді;
8) банктік операцияларды жүзеге асыру барысында электрондық банктік қызмет көрсету ережелерін белгілейді;
9) валюталық операциялардың барлық түрлерін жүргізе алады;
10) валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жүргізуге лицензиялар береді;
11) валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асырады;
12) банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға шетел валютасымен айырбас операцияларын жүргізуге, банкноттарды, монеталар мен кұндылықтарды инкассациялауға және банкке өткізу үшін салып жіберуге, банкаралық клиринг жөніндегі операцияларды жүргізуге лицензиялар береді;
13) валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша есептілік тәртібін, нысандарын және табыс ету мерзімдерін белгілейді;
14) банктік қызмет, ақша төлемдері мен аударымдары, валюталық операцияларды жүргізу мәселелері бойынша барлық банктер, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ, олардың клиенттері орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілер шығарады және олардың орындалуын қадағалайды;
І5) мемлекеттің ақша-кредит және қаржы статистикасын қалыптастырады;
І6) банктік шоттардың режимін белгілейді;
І7) қазақстандык банктердің жиынтық балансы мен өз балансын жасайды;
І8) елдің есептік төлемдік балансын қалыптастырады;
І9) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асырады;
20) банкноттар мен монеталардың резервтегі мемлекеттік қорын құрайды;
21) өзінің (мемлекетке тиесілі) жарғылык капиталын 20 миллиард Казақстан теңгесі мөлшерінде калыптастырады;
22) мемлекеттің резервтік капиталын жарғылық капиталы мөлшерінде қалыптастырып, өзінің таза бөлінбеген табысы есебінен толықтырады;
23) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шоттары бойынша жүргізеді;
24) Қазақстан Республикасы Үкіметінің агенті ретінде оның мемлекеттік заемына қызмет көрсетеді; ақша-кредит саясаты шеңберінде валюталық интервенмен жүргізеді;
Банктердің және өзге де тұлғалардың қызметін тексереді; мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және азаматтардан бақылау және қадағалау жүргізуіне қажетті мәліметтер ала алады.
Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіретін мемлекеттің банктік менеджмент әрі аса ірі Мемлекеттік-қаржылық басты органы Қазақстан Ұлттық Банкі (миссиялық, кассалык және резервтік орталығы, банктердің банкі, банктер үшін соңғы сатыдағы кредитор болып табылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақша-кредит, валюталық және сыртқы экономикалық қызмет саясатын айтады, оның ұстанымдарын қоғамдық және мемлекеттік мүддесін басым бағыттарда өз құзыреті шегінде іске асыруға атсалысады.
Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік мекеме ұйымдастырып құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің өзіндік (дербес) балансы болады, сондай-ақ ол өзінің филиалдарын, өкілдіктерін және ұйымдарын алғанда біртұтас кұрылымды құрайды. Қазақстан Ұлттык Банкі өз құзыретін және банктік қызметін асыру барысында Қазақстан Республикасы Конституциясы, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы заңдарды, өзге де заңнамалык актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, Қазақстан Республикасы басқа мемлекеттермен жасасқан халықаралық шарттарын басшылыққа алады.
Банк жүйесін, банктерді және банктік қызметті мемлекеттік басқару барысында Қазақстан Ұлттык Банкі:
1) банктік операциялардың нақтылы түрлерін және оларды жүргізу тәртібін айқындайды.
2) банктерге кредит береді.
3) банктер алған кредиттер бойынша олардың Қазақстан Ұлттық Банкі алдындағы борыштарын қайта құрылымдайды.
4) шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастырады.
5) банк жүйесіндегі кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын реттейді.
6) төлемдік жүйелердің жұмыс істеуін ұйымдастырады.
7) банктерге валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операциялар жүргізуге лицензиялар береді.
8) банктік операциялар жүргізу кезінде электрондық банктік қызмет көрсету ережелерін белгілейді.
9) валюталық реттеуді жүзеге асырады.
10) банктердің жиынтық балансын жасайды.
11) банктік шоттардың режимін белгілейді.
12) банктердің операциялары бойынша сандық шектеулер белгілейді.
13) банктердің қаражатын өз резервінде ұстайды.
14) банктерге байланысты өз қызметінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің экономикалық саясатын ескереді.
15) банктердің қарыз алуының жалпы көлемін белгілейді.
16) банктердің қолма-қол ақшаны сақтауы, тасымалдау және есепке алуы жөніндегі негізгі талаптарды белгілейді.
17) банктердің операциялық қызмет жүргізуіне лицензиялар берудің шарттарын және тәртібін айқындайды.
Қазақстан Ұлттық Банкі жүзеге асыратын мемлекеттік экономикалық басқару банк жүйесінің тиімді қалыптасуы банктердің дұрыс құрылуын, банктік қызметтің тиісінше жүзеге асырылуын, банктік қызметтін экономикалық және құқықтық негіздерінің жетілдірілуін, банктердің мемлекеттік ақша: кредит және қаржы саясаты ұстанымдарына, сондай-ақ өз мүдделеріне сай жұмыс істеуін көздейді.
Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының Агенттігі атқарушы билік органдарының құрамына кірмейтін, Қазақстан Рес-публикасының Президентіне тікелей бағынатын және өз кызметі жөнінде тек Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беретін айрықша құзыретті мемлекеттік орган болып табылады.
Банктердін қызметін реттеу және қадағалау мақсатында Қазақстан Республикасы Агенттігі:
1) өзі белгілеген тәртіппен банктер ашуға, оларды ерікті түрде қайта ұйымдастыруға және таратуға, банктерге еншілес ұйым құруға және сатып алуға рұксат береді не рұқсат беруден бастартады.
2) өзі белгілеген тәртіппен банктің басшы қызметкері лауазымына үміткерлерді тағайындауға немесе сайлауға келісім береді.
3) өзі белгілеген тәртіппен банктік операциялардың жекелеген түрлерін және Қазақстан Республикасы банктік заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензия береді.
4) банктік қызметтің аудитін жүргізуге лицензия береді.
5) банктік қызмет және банктерді тарату мәселелері жөнінде барлық банктер орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілер шығарады, сондай-ақ олардың сақталуын қадағалайды.
6) банктердің ірі қатысушыларын және банктік холдингтерді анықтау мақсатында олардың тікелей немесе жанама қатысушыларының құрылтай құжаттарын, сондай-ақ өзге де ақпараттар банктерден талап етеді.
7) банктерден және олардың аффилиирленген тұлғаларынан қаржылық есептемені және өзге де ақпаратты тапсыруын талап етеді.
8) Қазақстан Ұлттық Банкімен бірлесіп халықаралық банктік стандарт нысандарына сәйкес келетін есептеме беру тізбесін, банктердің және олардың аффилирленген тұлғаларының каржылық және өзге есептемелерді табыс ету мерзімдерін белгілейді.
9) банктердің және олардың филиалдарының қызметін өзі немесе аудиторлық ұйымды шақыра отырып тексереді.
10) банктік топтардың қызметін реттейді.
11) банктерге, банктік топтарға арналған пруденциалдық нормативтерді және банктер сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді белгілейді.
І2) банктерге есеп айырысу-кассалық бөлімдерін ашуға келісім береді.
І3) банкті консервациялау және оның уақытша басқарушысын тағайындау туралы шешім қабылдайды.
І4) банктердің, олардың лауазымды адамдарының, сонын ішінде тарату комиссиялары төрағаларының әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерін қарайды және оларға Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне сәйкес жаза қолданады.
І5) банктік заңнамада белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының банктік заңнамалық актісінде көзделген банктік операциялардың барлық, немесе жекелеген түрлерін жүргізуге берілген лицензияны кері қайтарып алу туралы шешім қабылдайды.
Өзіне жүктелген міндеттерін орындау барысында Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының Агенттігі:
1) банктердің операциялык қызметінін стандарттарын белгі-
2) банктерді корпоративтік басқару жағдайын жаксарту іідегі іс-әрекеттерді ынталандырады;
3) қазіргі заманғы банктік технологияларды енгізу мән-жай- | ларын ынталандырады;
4) банктердің операциялық қызметі және қаржылық, қызметтер көрсетуі туралы ақпараттың мүдделі тұтынушылар үшін толымды болуын әрі қол жетімділігін қамтамасыз етеді;
5) елдің қаржы жүйесіндегі тұрақтылықты сақтауға жәрдемдесу мақсатында банк рыногына және банктерге мониторинг жүргізеді.
Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігі банктік қызмет аясындағы банк клиенттері үшін аса тиімді адал бәсекелестікті қолдайды, сондай-ақ оны қалыптастыруға ат салысады.