Банкілік қатынастар субьектілері өз құқықтарын қорғау тәсілдері

Қазақстан Республикасының егемен мемлекет ретінде дамуы, оның экономикалық қауіпсіздігі, мемлекеттік билік органдары мен жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің үзбей және тиімді жұмыс істеуі елдің стратегиялық маңызы бар банк жүйесінің жай-күйі мен тұрақтылығына әрі орнықтылығын қамтамасыз ету мәселелеріне тікелей байланысты болады.

Қазақстан Республикасының банк жүйесі екі деңгейден жоғарғы және төменгі деңгейден тұрады. Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейі егемен Қазақстанның орталық банкі болып табылатын Қазақстан Ұлттық Банкінен тұрады.

Мемлекеттің монетарлык билігінің және мемлекеттік банктік менеджменттің басты органы Қазақстан Ұлттық, Банкі өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық-қаржылық мүддесін тиісінше қамтамасыз етуге ат салысады.

Қоғам мен мемлекеттің мүддесіне сай инвестициялық-қаржылық және кредиттік құзыреті бар Қазақстанның Даму Банкі ерекше кұқықтық мәртебесіне орай денгей аралык мсмлекеттік банк ретінде көрініс тапкан.

Қазақстан Республикасы банк жүйесінің төменгі (екінші) /деңгейін:

  1. 1. мемлекетаралық банктер;
  2. Қазакстан Республикасының резидент банктері (заңды тұлғалары — коммерциялық ұйымдары);
  3. Қазақстан Республикасындағы резидент емес банктер;
  4. шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының резидент банкі — аралас капиталы бар банктер құрайды.

Қазақстан Республикасының осындай нарықтық үлгідегі жүйесінің құрылуы және оның нормативтік құқықтық базасы айтарлықтай қалыптасуы елімізде үзбей жүргізіліп жатқан экономикалық және құқықтық реформаның жемісті нәтижесіне жатады.

Қазақстан Республикасы банк жүйесінің нормативтік құқықтық негізін кұрайтын банктік заңнамалық актілердің, сондай-ақ банк секторына қатысы бар өзге де заңнамалық актілердің нормаларының өзара генетикалық, функционалдық және құрылымдық байланыстары банктік заңнаманың банк жүйесі ауқымында жүзеге асырылатын банктік қызмет (банктік операция, мәміле, іс-әрекет) барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды жан-жақты реттей алатынын көрсетеді.

Банк жүйесінде жүргізілетін әр алуан банктік (операциялық) қызметтің ұйымдастырылу ерекшелігі және ресурстық— ұйымдастыру негізі банк жүйесінің экономикалық, сондай-ақ заңнамалық негізін құру процесінде айқындалады.

Қазақстан Республикасы банк жүйесінің құрылуы өзіне тән біртұтастык және құрылымдық ерекшеліктерге байланысты болады. Осындай иерархиялық, біртұтастық және құрылымдық банк жүйесінің тиісінше қалыптасуына септігін тигізеді. Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы банк жүйесі өз ауқымындағы мемлекеттік банктік менеджмент мән-жайларымен ғана емес, сонымен бірге өзіндік (корпоративтік) құруга және ұйымдастыруға қабілеттілігі мен ерекшеленеді.

Сонымен Қазақстан Республикасының бүгінгі банк жүйесінің сипаттамалық белгілері мынадай көрініс табады:

  1. Қазақстан Республикасының банк жүйесі күрделі әлеуметтік жүйе тобына жатады;
  2. Банк жүйесінің қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне сай жұмыс істеуін оның нормативтік құқықтық базасын құрайтын банктік заңнамалық актілер және заңға тәуелді нормативтік банктік құқықтық актілер, сондай-ақ халықаралық банктік келісімдер мен банктік стандарт ережелері қамтамасыз етеді;
  3. Қазақстан Республикасының банк жүйесі мемлекеттік банктік менеджмент (мемлекеттік баскару-реттеу ықпалы) ауқымында жұмыс істейді;
  4. Банк жүйесі Қазақстан Республикасы қаржы-кредит жүйесінің аса манызды бір бөлігі болып саналады;
  5. Қазақстан Республикасының банк жүйесі екі деңгейлі, иерархиялы, біртұтас және өзіндік ұйымдастырылуға қабілетті құрылым болып табылады;
  6. Жоғарғы және төменгі денгейлі банк жүйесі Қазақстан Ұлттық Банкінен, Қазақстанның Даму Банкінен, Қазақстан Республикасының тұрғын үй кұрылысы жинақ банкінен, коммерциялық банктерден, мемлекетаралық банктерден, банктік инфракұрылымнан және банктік рыноктан тұрады;
  7. Банк жүйесінің жоғарғы (бірінші)деңгейіндегі Қазақстан Ұлттық Банкі белгілі бір дәреже — көлемде тиісті мемлекеттік билік органдарының ықпалына тәуелсіз, кредиттік-қаржылай сипатты айрықша құқықтық мәртебесі бар экономикалық субъект — мемлекеттік монетарлық биліктін басты органы болып табылады;

8.Қазақстан Республикасының банк жүйесі, оның ұйымдастырылу нысандары мен басқа да мән-жайлары Қазақстан Республикасы Конституциясымен, Қ.Р банктік заңнамалық актілерімен, қатысы бар өзге де заңнамалык актілермен, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерімен регламенттелінеді;

  1. Банк жүйесі мемлекеттің экономикалық саясатын іске асыруға айтарлықтай септігін тигізеді және дүниежүзілік экономика аясындағы халықаралық банк жүйесімен өзара тиімді қарым қатынас механизмін құрады;
  2. Банк жүйесі мемлекеттік меншікті реформалауға, баға тұрақтылығын және ұлттык валюта тұрақтылығын қамтамасыз етуге септігін тигізеді, сондай-ақ инфляцияны төмендетуді нәтижелейді;
  3. Банк жүйесінің жұмыс істеуі кредиттік-қаржылық қызметтерді керсетуді тиісінше ұйымдастыру барысында экономикалық, салалық және жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен тығыз байланыс арнасында көрініс табады.

Бүгінде нарықтық талаптарға және халықаралық, банктік (ережелеріне сай жетілдірілген Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі барлық банктер бірыңғай кредиттік-қаржылық механизм ауқымында өзара іс-әрекеттері мен өздеріне тиесілі кәсіби кызметін, экономикалық-қаржылық банктік операцияларын жүзеге асыруда.

Қазақстан Республикасының заңнамалык актілерінде көзделген басқа да функцияларды және өкілеттіктерді жүзеге асыратын Қазақстан Ұлттық Банкінің банктік қызмет жөніндегі баскарушы-реттеуші функциялары нақтылы нарықтық кезеніңдегі ақша-кредит жүйесінің тиімді жұмыс істеуін және бағалар тұрақтылығын камтамасыз етуге, инвестициялық қызметті жандандыруға, сондай-ақ қаржы жүйесінің тұрактылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесуге бағдарланады.