Еуропалық қоғамдастықтың, Еуропалық Одақтың және Еуропалық Кеңестің өз салық жүйелерінің құрылуы мен жұмыс істеулеріне, осыған орай және тағы басқа да маңызды жәйттерге байланысты шығарылып, қабылданған ұлттық заңдар мен өзара интеграцияланған Еуропалық Одақ мүшелері — мемлекеттердің құрылтайлық шарттарында көзделген аграрлық ережелері мен аграрлық құқық принциптерінің, сондай-ақ өзге де халықаралыққұқықтық және ұлттық құқық актілерінің жиынтығынан тұрады. Еуропаның аграрлық құқығынын осындай мәнжайын Еуропалық құқық айқындайтынын білу қажет.
Еуропалық аграрлық құқық Еуропадағы ауылшаруашылық және кеден мәселелеріне байланысты туындайтын айрықша қатынастарды реттейтін интеграциялық және мүше мемлекеттердің аграрлық кұқықтарының жиынтығы болып табылады.
Еуропалық аграрлық құқықтың құрамдас бөлігі интеграциялық, аграрлық құқықтың Еуропа қоғамдастығынын құқық жүйесінде алатын орны осы қоғамдастықтың ауыл шаруашылық саясатымен айқындалады, сондай-ақ оның дерек көздерінің қатарына регламенттер, директивалар, шешімдер, құрылтайлық шарттар, Еуропалық, қоғамдастық Сотының шешімдері және халықаралық шарттар жатады. Еуропалық, аграрлық құқық жүйесінің негізгі принциптері ретінде демократиялылық принципін, құқықтық плюрализм принципін, адам құқығы мен бостандығының басымдылығы принципі, ЕО құқықтарының басымдылығы принципі, аграрлық құқық аясындағы карым қатынастардың икемділігі принципін атап өтуге болады.
Жер пайдалану құқығы жер құқығының жерлерді пайдалану мен қорғауды байланысты жер құқығы қатынастарын реттейтін құқықтық нормалардан тұратын институт.
Жер пайдалану құқығы бұл тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін ақылы және ақысыз негізде шектеусіз мерзімге немесе белгілі бір мерзім ішінде иелену және пайдалану құқығы.
Құқықтық режим – бұл субъектілердің жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жер туралы заңнаманың мақсаттары мен міндеттеріне сәкес жүзеге асыруға бағытталған нормалардың жиынтығы.
Құқықтық нормалардың жиынтығына жерлердің нысаналы мақсаты, оларды нормалау және табиғат объектісі және меншік құқығы мен жер пайдалану құқығының объектісі ретінде қорғау, жер учаскесінің түрлері мен табыстау мерзімі енеді.
Жер пайдалану құқығы заттық құқық болып табылады. Жер учаскесін пайдалану құқығының туындауының негізі болып осындай құқықты, құқықты иеленуші құқық субъектісін және заңды фактіні белгілеу мүмкіндігін көздейтін заң нормасы табылады.
Жер пайдалану құқығы туындау кезеңі:
- жер пайдалану құқығын табыстау;
- жер пайдалану құқығын беру;
- жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен ауысуы;
Жер пайдалану құқығы мына негіздер бойынша да туындайды:
- мемлекеттік органдар актілерінің;
- азаматтық-құқықтық мәмілелердің негізінде;
- ҚР заңдарында көзделген өзге де негіздерде.
Жер пайдалану құқығын табыстау тұлғаға жер пайдалану құқығын тікелей мемлекеттің беретінін білдіреді.
Жер пайдалану мақсаттарының әртүрлілігі және оның субъектілерінің көптігі жер құқығындағы жер пайдалану құқығын түрлерге бөлуді қажет етеді. Қазақстан Республикасының жер қорының нысаналы мақсаттарын және жерлердің өз ішіндегі жер учаскесінің нақты нысаналы мақсатын, құқықтық режимін қоюға болады.
Жер мынадай санаттарға бөлінеді:
- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;
- елді мекендердің жері;
- өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер;
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи мәдени мақсаттағы жер;
- орман қорының жері;
- су қорының жері;
- босалқы жер.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құрамы ауыл шаруашылығы қажеттіктері үшін берілген жерлер мен осы мақсаттарға арналған жерлер болып бөлінеді.
Субъектілерінің құқықтық жағдайына қарай жер пайдалану құқығы келесі түрлерге бөлінеді:
- мемлекеттік емес мемлекеттік емес;
- ұлттық және шетелдік;
- жеке және заңды тұлғалар;
- тұрақты және уақытша, бастапқы және кейінгі.
Жер пайдаланушылардың түрлері:
- тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісі үшін;
- шалғайдағы мал шаруашылығы үшін;
- қызметтік жер телімі үшін;
- бақша өсіру үшін;
- бағбандық үшін;
- бал арасын өсіру үшін;
- заңнамада көзделген жағдайдағы басқа да түрлер.
- тұрғын халықтың мал жаюы мен шөп шабуы үшін.
Жер пайдалану құқығының мазмұны жер учаскелеріне меншіке құқығының мазмұнына ұқсас.
Жер пайдаланушылардың:
- ортақ пайдаланудағы;
- қорғаныс қажеттеріне берілген;
- орман қорының;
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру;
- қызметтік жер телімінің;
- уақытша өтеусіз және уақытша қысқа мерзімді өтеулі жер пайдалану құқығымен берілген жер учаскелерінің;
- кепілге беруді қоспағанда, шаруа (фермер) қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша жер пайдалану құқығымен берілген жер учаскелерінің;
- су қорының жерінде жер пайдалану құқығын иеліктен шығаруды қоса алғанда, жер пайдалану құқығына қатысты мәмілелер жасауына жол берілмейді.