Ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлік қызметтің құқықтық реттелу

Кәсіпкерлік дегеніміз меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік іс — мүліктік құқықтарды қоса алғандағы мүліктің жиынтығы, жеке кәсіпкер өз қызметін солардың негізінде және солар арқылы жүзеге асырылады.

Нарық қатынастарының пайда болуы мен дамуы көптеген жағдайларды қажетсінеді, әсіресе қызмет істеу ортасы өте маңызды рөл атқарады. Нарықты экономиканың қызмет ету ортасы белгілі бір факторлардың болуын көздейді. Негізгілері: икемді нарық жүйелерін құру, бәсекелестік пен кәсіпкерлік қызметті дамыту. Кәсіпкерлік нышандары нарықтық қатынастар кезінде ғана емес, қоғам дамуының барлық кезеңдерінде пайда болатын өзіне тән ерекшеліктері бар құбылыс.

Сонымен қорыта айтқанда “Кәсіпкерлік, “Бизнес”, және “Коммерция” түсініктері әр түрлі әлеуметтік-экономикалық жүйелерге тән болған. Бірақ ғылыми және күнделікті айналысқа бұл түсініктер тек капитализм тұсында ғана енгізілді.

“Кәсіпкерлік” және “бизнес” түсініктерінің мағынасы жағынан өте ұқсас екенін айтқан жөн. Орыс тілінде “бизнес” – кәсіпкерлікті, ал “бизнесмен” – кәсіпкерді білдіреді. Орыс тіліндегі сөздер шет ел сөздеріне сәйкес келеді, сонымен қатар, қосымша мағына да береді. Кәсіпкерлік сөзінің ар жағында – “іс” және жай ғана “іс” емес, “кәсіпорын”, яғни басқаша айтқанда, кәсіпорынды және өз ісін ұйымдастыру болып табылады.

Кәсіпкерлік нарықтық экономикада құлашын кең жайған құбылыс. Кәсіпкерліктің негізгі және маңызды нышандары (сипаттары) мыналар:

  1. Шаруашылық субъектілерінің жеке даралылығы (өзінің қалауымен қызмет етуї) және тәуелсіздігі.

Әрбір кәсіпкер өнірістік, коммерциялық, қаржылық және тағы басқа да мәселелерді жеке дара тәуелсіз шешеді.

  1. Экономикалық қызығушылық.

Кәсіпкерлік қызметтің қозғаушы және алға тартушы күші мен факторы – экономикалық -әлеуметтік тиімділік. Өз пайдасын көздей отырып, кәсіпкер, сонымен қатар қоғамдық мүдделерге де қызмет етеді.

  1. Новаторлық, шығармашылық алғышарт.
Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігі өнімнің жаңартылуы, ешкім ойламаған

мүлдем жаңа шешімдер қабылдау қабілеті, икемділігі, біліктілігі, туындаған жағдайды дұрыс және дәлме-дәл бағалауы, батыл шешім қабылдап он жүзеге асыруы.

  1. Шаруашылықтағы нар тәуекелділігі.

Кәсіпкерлік қызметті жүргізу әрқашан да нар тәуекелмен жүзеге асатын, күрделі де жауапты шаруа. Мамандар бағалауы бойынша, тексеруден өткізілген жаңа ойлардың ішінен тек екеуге жуығы ғана өз қолдауын табады.

  1. Қызмет бабының қысқа мерзімділігі, икемділігі және тиімді тактикалық әдістерін қолдану.

Кәсіпкерлік қызмет үздіксіз және қосарлана, ілеспелі түрде жүргізілетін келісім-шартты әр текті және жан-жақты кешенді жұмыстардың, іс-қимылдың жиынтығы. Осылардың әрқайсысы салыстырмалы түрде әрі қысқа, әрі мәмілелі келісілген мерзім уақытымен және нақтылы кезеңдер шеңберінде шектеулі жағдайда болады. Демен, әр жұмыстың шегі, тиімді және оңтайлы әдістері бар. Мақсат – дұрыс іс-қимыл жасау, жаңалықты іздеп табу, оны кәсіпкерлік жұмысында пайдалану.