Коммерциялық келісім-шарт құқықтық жағдайы (1 сағат)

Сатып алу және сату келісім-шартының мәні құрылымы. Коммерциялық байланыстарды ұйымдық құқықтық жүзеге асыру әр түрлі типтегі екі жақты және көп жақты келісімдер арқылы орындалады. Келісімге бірнеше жақ қатынасатын болса, онда келісімдер шартты деген атқа ие болады.

Коммерциялық қызметті жузеге асыру процесінде негізінен шарттың екі түрі қолданылады: сатып алу және сату шарты және жеткізіп беру шарты.

Сатып алу сату шарты-тауарды жеткізіп беру және келісімді жүзеге асыру үшін қажетті басқа да операциялар жүргізуге қатысатын жаұтардың

келісімді бекітетін коммерциялық құқықтық құжат.

Шарттың келісімді жузеге асырудағы барлық мүмкін болатын сұрақтарын қарастыру алдан ала болжау мүмкін емес. Неғұрлым бұл құжат мұқият жасалса және тексерілсе, соғұрлым келісімнің сапалы және өз мезгілінде орындалуына әсері жоғары болады.

Сатып алу және сату шартының құрылымы төмендегідей.

1.Преамбула

Келісім туралы жалпы мағлұматы қамту қажет. Қатысатын жақтардың толық заңды атаулары, берілген тексте қолданылған терминдер, олардың мағанасы, шарттың атауы және нөмері, оны бекіту мерзімі және орны.

2.Шарттың пәні

Тауар атауы негізгі сапалық және сандық сипаттамаарын анықтаумен корсетеді. Шарт пәнінің анықтау кезінде оның аты жазылмаса шарт жарамсыз деп танылатындығын естен шығармаған жөн, ауыстырып жіберу мүмкіндігінен құтылу үшін көпшілікке танылған нақты атын көрсету қажет.

Сатып алу сату шартының объектісі ретінде емес тауар болып табылатын жағдайларда әр тауардың толық жеке сипаттамалары беріліп, саны көрсетілген құжат бірге ұсынылады. Бұл кезде шарт мәтінінде осы айтылған құжат оның ажырамас бөлігі болып табылатындығы корсеті леді.

3.Тауар саны

Өлшем бірлігі, жеке жағдайларында санын анықтау тәртібі келісіледі.

Өлшем бірлігі қатынасында мыналар қолданылады:

А. Салмақтың, көлемінің, ұзындықтың және т.б. ресми қабылданған жалпы өлшемдер;

Б. Стандартты емес өлшем бірліктері- қорап, қап және т.б.

Ықтимал келіспеушіліктен құтылу үшін міндетті түрде осындай тауар бірліктерінің салмағын корсету қажет. Бұл жағдайда тауардың орауы туралы түсіндірме беру маңызды. Салмақ нетто, брутто корсетіледі.

  1. Тауар сапасын анықтау

Бұл бап сапань анықтау әдісімен белгіленеді (сапаны бағалауды қайда және кім жүргізеді).

  1. Жеткізу мерзімі мен күні

Бұл бап тауардың сатып алушы немесе сенім білдірілген тұлға меншігіне өту тәртібін анықтайды.

  1. Жеткізу шарттары

Жеткізу шарттары тауарды сатушыдан сатып алушыға сатып алушыға тасымалдаумен байланысты шығындарды кім төлейтін, сондай-ақ тауарларға меншік құқығының сатушыдан сатып алушыға өту уақытын және сәйкесінше тауардың жоғалып кету імен байланысты тәуекелдерін, орауға, маркілеуге кеткен шығындарды, баж салығын төлеу бойынша міндеттемелерді анықтайды.

  1. Келісім бағасы

Бағаны келісу кезінде келісім-шартта мыналарды анықтайды:

а) бағаның өлшем бірлігі жалпыға белгілі сандық немесе салмақтық өлшемдер бойынша белгіленеді;

б) баға деңгейі.

  1. Төлеу формасы

Төлем тапсырыстарымен есеп айырысу ең кең тараған әдіс. Олардың көмегімен сатылған тауарлардың құнын алдын ала төлеу жүзеге асырылады.

  1. Рекламация

Келісім-шарт жағдайларын бұзғаны үшін айыптық жазалар жүйесі қарастырылған. Сатып алу және сату шартын келісу кезінде жазалау шараларының түрлерін, есептеу әдістерін және олардың орындалу тәртібін анықтау қажет.

  1. Жеңе алмайтын күш жағдайлары

Бұл бапта келісімге қол қойылғаннан кейін болатын және қатысушыларға байланыссыз, біраз шартты жүзеге асыру мерзімін өзгертуге немесе оны мүдделі жақтардың жауапкершілігінсіз мүлде тоқтатуға қабілетті жағдайларды мүмкіндігінше толық анықтау қажет.

  1. Арбитраж

Осы бап келісімге қатысушылармен реттелмейтін дауларды шешу тәртібін анықтайды.

  1. Азаматтардың меншік құқығы азаматтардың жеке меншігі түрінде көрінеді. Жеке меншік жеке тұлғаның, жекелеген азаматтардың меншігі.

Азаматтардың меншік құқығының пайда болу жағдайына байланысты иеленудің жеке және ұжымдық түрлері болады.

Азаматтардың жеке меншігіндегі мүліктерді, егер зайда өзгеше көзделмесе, біріктіруге болады. Кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыру түріне орай жеке кәсіпкерлік заңды тұлға белгілерінің болмауына байланысты заңды тұлғаны құрмай-ақ жүзеге асады.

Меншік қатынастарын реттейтін нормаларының жүйеге келтіретін жиынтығы азаматтардың меншік құқығын құрайды, бұл объективтік мағынадағы меншік құқығы болып табылады. Меншік құқығы субъективті тұлғалық мағынада азамат құқығының заң нормалары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті, өз қалауынша иеленуі, пайдалануы және билік етуї.

Жеке кәсіпкерлік бір адамның меншік иелігіндегі мүліктің дербес базасына енгізіледі, сондай-ақ ол оған заң бойынша пайдалануға, билік етуге құқылы.

Бірлескен кәсіпкерлік жалпы бірлескен меншік бір топ адамның ортақ меншігіндегі мүліктерден құралады, демек әрқайсы өз үлесін ортаға салады, мүлікті бірлесіп пайдаланады