Республикада тұратын халықтың көпшілігі үшін жалақы кірістің негізгі бөлігі болып табылады. Сондықтан оны көтеру адамдардың қалыпты тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету үшін аса маңызды. Нарықтық экономикаға бағдарландырылғанжалақыны мемлекеттік нормалаудың жаңа жүйесі еңбек ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында және қызметкерлердің еңбекбелсенділігін арттыру мен материалдық ынталандырудың механизмін әзірлеудің бастапқы базасы болып табылады.
Нарықтық қатынастар жағдайында еңбекке ақы төлеуде республика азаматтарын әлеуметтік қорғаудыңқұқықтық негіздері ағымдағы заңдармен нақты айқындалған. Мемлекет талапынан көзделген ең негізгі кепілдік – ол қызметкерлердің заңдарда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем емес еңбегіне ақы алу құқығы. Бұл кепілдік ұйымдық-құқықтық, меншік нысанына және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмыс істейтін қызметкерлерге таратылады.
Жалақы дегеніміз – жеке еңбек шартының негізінде орындалған еңбек үшін оның күрделілігіне, саны мен сапасына сәйкес жұмыс беруші төлеуге міндетті сыйақы (табыс).
Еңбекке ақы төлеуді құқықтық реттеу екі әдіспен: орталықтандырылған және жергілікті әдіспен жүзеге асырылады. Жалақыны реттеудің мемлекеттік орталықтандырылған әдісі қызметкерлер тобының біліктілігін жіктеудің разрядаралық тарифтік коэффиценттерін, барлық қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің Біріңғай тарифтік кестесін, жалақы тарифтерін енгізу арқылы жүргізіледі. Еңбекке ақы төлеудің орталықтандырылған әдісі мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдармен кәсіпорындарда қолданылады.
Еңбекке ақы төлеу жүйесі – жұмсалған еңбекпен есептелген жалақы арасындағы арақатынасты белгілеу жүйесі. Жалақының негізгі жүйелеріне –мерзімді және кесімді жүйе жатады. Өндірісте еңбекке ақы төлеудің өзге де жүйелері белгіленуі мүмкін. Ақы төлеу еңбектің жеке және (немесе) ұжымдық нәтижелері үшін жүргізілуі мүмкін.