Ауыл шаруашылығындағы еңбек қатынастары

Тараптардың жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар еңбек қатынастары деп ттанылады.

Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға қызметкер ретінде жеке еңбек шарты бойынша жұмысқа алынған тұлғалардыңнемесе өзге де жұмыс берушілерді (кооперативте, жеке тұлғаларда) жалдану бойынша жұмыс істейтін қызметкерлердіңеңбегін қолдануға байланысты қатынастар ғана еңбек заңдарымен реттеледі.

Жеке еңбек шарты негізінде туындайтын еңбек құқықтық қатынастарын мердігерлік, тапсырма, қызмет көрсету және т.б. шарты бойынша ұйымдар үшін қандай да бір нақты жұмысты орындаған адамдардың еңбекке қатысуы жөніндегі басқа қатынастардан ажырата білген жөн. Аталған шарттар негізіндееңбек қатынастары емес, азаматтық-құқықтық қатынастардың аражігін айырудың практикалық маңызы бар. Өйткені, еңбек құқықтық қарым-қатынастарға түсуші қызметкерге еңбек заңдарында белгіленген тәртіппен жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі, еңбекке уақытша жарамсыз болған кезеңгежәрдемақы төленеді және т.б. Ал азаматтық-құқықтық шарттар негізінде тек мүліктік, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар туындайды.

Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субьектілері деп аталатын қатысушылары болады. Еңбек құқықтық қатынастарының субьектілері болып мыналар танылады: азаматтар, жұмыс берушілер, кәсіподақтар, мемлекеттік органдар.

Құқық қатынастарына қатысушылардың арасында қатынастарының мазмұнын құрайтын белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады.

Олай болса еңбек қатынастарын өзге құқықтық қатынастардан ажыратудың мынадай үш ерекше белгілері бар:

1) олар жеке еңбек шартынегізінде нақты кәсіпорынның еңбек ұжымына мүше болған қызметкердің кіруімен туындайды;

2) еңбек қатынастары бойынша қызметкер белгілі бір мамандық (кәсіп), біліктілік немесе қызмет бойынша жұмыс атқару міндетін өзіне алады, ал ұйым аталған жұмыстың орындалуы үшін қажетті еңбек жағдайларын жасау міндетін алады;

3) еңбек қатынастарының тараптары – қызметкер де, жұмыс беруші де ішкі еңбек тәртібі ережелеріне бағынады.

Еңбек құқығымен реттелетін қатынастар жүйесін екі топқа бөлуге болады. Оның біріншісі жетекші орын алатын еңбек құқықтық қатынастары, ал екінші топқа еңбек қатынастары мен тығыз байланыстағы еңбек қатынастарынан бұрын, олармен қатарлас жүретін және солардан туындайтын қатынастр. Екінші топтағы қатынастардың бәрі еңбек қатынастарынан тысқары дербес маңызы болмайды және еңбек қатынастары қазіргі кезде болып отырғанда, не бұрын болғанда, не олар болашақта болатын болса ғана туындай алады.

Еңбек құқығы саласындағы құқық қатынастары жүйесі мыналарды қамтиды:

  • еңбек құқықтық қатынастары;
  • еңбекке орналастыру жөніндегі құқықтық қатынастар;
  • ұйымдастыру – басқару құқықтық қатынастары;
  • ұжымдық шарттың құқықтық қатынастары;
  • қызметкерлерді кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі құқықтық қатынастар;
  • еңбектің қорғалуын және еңбек заңдарының сақталуын қадағалау жөніндегі құқықтық қатынастар
  • еңбек дауларын қарау жөніндегі құқықтық қатынастар.

Бұл құқықтық қатынастардың бәрі қызметкердің еңбегіне байланысты туындайды, бірақ пайда болу, өзгеру тоқтатылу негіздері мен мазмұны жағынан ерекшелінеді.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары өз қызметінде Қазақстан Рсспубликасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің кесімдерін, өзге де нормативтік қүқықтық кесімдерді және осы ережені басшылыққа алады.

Еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік инспекторларға мыналар жатады:

1) Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік еңбек инспекторы Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі — Министрлік) мемлекеттік еңбек инспекциясы құрылымдық белімшесінің (бұдан әрі — мемлекеттік еңбск инспекциясы) басшысы;

2) Қазақстан Республикасының ецбек жоніидегі орталық атқарушы органының бас мемлекеттік еңбек инспекторлары -Министрліктің мемлекеттік еңбек инспекциясы құрылымдық бөлімшесінің қызметкерлері;

3) облыстар, Астана және Алматы калалары бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторлары — Министрліктің облыстардағы, Астаиа және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары басшыларының тиісті орынбасарлары;

4) облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары – Министрліктің облыстардағы, Астана және Алматы калаларындағы аумақтық органдары мемлскеттік еңбск инспекциясының қызметкерлері.

Мемлекеттік еңбек инспекторларының негізгі міндеттері:

1) жұмыс берушілердің Қазақстан Рсспубликасының еңбек заңнамасын және өз құзыреті шегінде Министрліктің қызметі саласындағы өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді сақтауына мсмлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

2) қызметкерлер мен жұмыс берушілердіц еңбек заңнамасы мәселелері бойынша өтініштерін, арыздарын және шағымдарьш қарау.

Мемлекеттік еңбек инспекторларының заңсыз әрекеттеріне бағыныстылығына қарай облыстардың, Астана жоне Алматы қалаларыпың бас еңбек инспекторларына, Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік еңбек инспекторына не сот тәртібімен шағым жасауға болады.

Қазақстан Республикасының аумағында еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндсгі мемлекеттік еңбек инспекторларының қызметін тиісті бас мемлекеттік еңбек инспекторлары ұйымдастырады.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы:

1) Қазақстан Республикасының еңбек жөніндегі орталық атқарушы органы бас мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысын ұйымдастырады;

2) Министрліктің облыстардағы, Астана жәие Алматы қалаларындағы аумақтық органдары мемлекеттік еңбек инспскторларының жұмысын үйлестіреді;

3) мемлекеттік еңбек инспекторлары үшін еңбек туралы және еңбск заңнамасының сақталуын бақылауды жүзегс асыру жөніндсгі әдістемелік нұсқауларды әзірлеуді үйымдастырады;

4)қызметкерлердің еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғаларға ұшырауын және денсаулығына келтірілген өзге де зақымдарды тексеру мсн есепке алудың белгіленген тәртібінің орындалуын өз қүзырсті шегінде қамтамасыз етсді;

5) республика бойынша еңбек заңнамасының сақталуының жай-күйіне мониторинг жүргізуді, сондай ақ өндірістегі жазатайым оқиғалардың себептері мен мән-жайларына талдау жасауды ұйымдастырады;

6) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуының жай-күйі туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне, ақпарат және баяндамалар әзірлеуді ұйымдастырады;

7) қабылдау жүргізеді, азаматтардың және ұйымдардың хаттарын, арыздарын жөнс өтініштерін қарайды;

8) өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру барысында туындаған келіспеушіліктер, сондай-ақ еңбек заңнамасы мсн еңбек қатынастарын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық кесімдер мәселелері бойынша қорытындылар береді;

9) Министрлік өзіне жүктеген міндеттерге сәйкес мемлекеттік еңбск инспекторларының қызметін ұйымдастырудың өзге де түрлерін қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының еңбек жөніндегі орталық атқарушы органының бас мемлекеттік еңбек инспекторлары:

1) еңбек туралы және еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру жөніндс әдістемелік ұсынымдар әзірлеуге қатысады;

2) азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік еңбек инспекторларының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хаттарын, арыздарын және өтініштерін қарайды;

3) еңбек заңнамасының сақталу жай-күйі туралы ақпараттар, анықтамалар және баяндамалар әзірлейді;

4) Республика бойынша өндірістік жарақаттану жай-күйінс мониторинг жүргізсді, сондай-ақ өндірістегі жазатайым оқиғалардың себептері мен мән-жайларып талдайды, оларды жою және алдын алу жөніндс ұсыныстар енгізсді;

5) Қазақстан Рсспубликасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымсн құрылатын адам өліміне соқтырған топтық жазатайым оқиғаларды тексеру жөніндегі арнаулы комиссиялардың жұмысына қатысады;

6) еңбек заңнамасының мәселелері бойынша семинарларды әзірлеуге әрі еңбек туралы және еңбек заңнамасының сақталуын мемлекетгік бақьілауды жүзеге асыруға, сондай-ақ мемлекеттік еңбек инспекторларының оқуын ұйымдастыруға қатысады;

7) облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысын тексеру және оларға практикалық, әдіснамалық көмек көрсету және ұйымдардың еңбск заңнамасын сақтауы жөніндс бірлескен зерттеулер мен тексерулер жүргізуге қатысу үшін жергілікті жерлерге шығып тұрады;

8) өздеріне жүктелген лауазымдық міндеттемелеріне сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

Мемлекеттік еңбек инспскторлары өз жұмысында Министрлік әзірлеген және бекіткен нұсқамалар бланкілерін, есеп нысандарын, омырауға тағатып белгілерді және жеке мөртаңбаларды пайдаланады.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары өз қызмет міндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда заңнамаға сәйкес жауаптылықта болады.