Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қыркүйектегі №990 қаулысымсн бекітілгсн «Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесі» Қазақстан Республикасында жер заңнамасының сақталуын, жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды (бұдан әрі — жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау) жүзеге асыруды регламенттейді.
Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және осы ережеге сәйкес мемлекеттік органдардың жеке, заңды және лауазымды тұлғалардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын орындауын, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуларын табуды және жоюды, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруді, жер учаскелерін пайдалану ережелерін сақтауды, жер кадастрын жүргізу мен жерге орналастырудың дұрыстығын және жерді ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі іс-шараларды орындауды қамта-масыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілстті орган мен олардың аумақтық органдары, сондай-ақ өз қүзыреті шегінде өзге де уәкілетті органдар жүзеге асырады.
Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар мыналар болып табылады:
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган;
санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары;
сәулет, қала құрылысы және кұрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган;
ауыл шаруашылығы, орман, аңшылық және балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, су ресурстарып пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі — ауыл шаруашылығы саласындағы уөкілетті орган).
Бұл органдар өз функциясын өзара бір-бірімен іс-қимыл жасау арқылы жүзеге асырады.
Жер ресурстарын басқару жөніндегі қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ сәулет, кала құрылысы және құрылыс саласындағы, ауыл шаруашылығы саласындағы орталық уәкілетті органдар, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары:
өз қүзыретіне сәйкес жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
жердің сапалы жай-күйінің өзгеруін тексеруді және сараптауды ұйымдастырады;
жерді мақсатты пайдаланудың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
жер заңнамасының бұзылуын жоюға шаралар қолданады;
жерді пайдалану мен қорғау мөселелеріне қатысты нормативтік кесімдерді әзірлеуге қатысады;
тозған ауыл шаруашылығы жайылымдықтарын, химиялық, биологиялық, радиоактивті және басқа да зиянды заттармен ластанған, сондай-ақ пайдаланылуы одан әрі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруге, төтенше жағдайларға, апаттарға, тарихи-мәдени мұралар мен табиғат ландшафтарының бұзылуына, ауыл шаруашылығы өнімдері мен су көздерінің ластануына әкеп соғатын карантиндік зиянкестер мен өсімдік ауруларын жұқтырған жерді белгіленген тәртіппен сақтап қою туралы ұсыныстар енгізеді;
қала құрылысы және жерге орналастыру құжаттамаларын келісуге, суландырылған, қайта қалпына келтіру жүргізілген және олардың сапалық жай-күйін жақсарту бойынша іс-шаралар жүргізілген басқа да жерді, сондай-ақ жерді қорғау мақсатында салынған объектілерді қабылдау жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады.