Ауыл шаруашылығындағы салық салуды құқықтық реттеу

Салықтар — өте көп қырлы, мемлекттің даму кезеңдері өзгерген сайын нақтыландырылатын ұдайы жүзеге асырылатын міндетті ақшалай төлем болып табылады.

Қазақстан аумағында алынатын салықтардың түрлеріне:

  • корпорациялық табыс салығы;
  • жекелей табыс салығы;
  • қосылған күн салығы;
  • акциздер;

4-1 Экспортталатын ішкі мұнайға, газ коденсатына рента салығы;

  • жер қойнауын пайдаланудың салықтары мен арнаулы төлемдері;
  • Әлеуметтік салық;
  • Жер салығы;
  • Көлік құралдары салығы;
  • Мүлік салығы жатады;

Салықтар экономикалық және әлеуметтік – саяси қатынастардың өзінің бойында жинақтаулы күрделі әрі қоғам өмірінің көп аспектілі қаржылық құқықтық құбылысы болып табылады.

Салық:

  • түсім көзі жалпы ұлттық табыстың белгіленген бөлігі болып табылатын төлем;
  • міндетті төлем;
  • жекелей — эквивалентсіз төлем;
  • қайтарылмайтын төлем;
  • мемлекет кірісін қалыптастыратын төлем;
  • ұдайы төлем;
  • мәжбірлі төлем;
  • заң жүзінде белгіленген төлем;
  • құқыққа сай төлем;
  • жүзеге асырылуы кезінде төленетін салық сомасының меншік нысанына ауысуымен көрініс табатын төлем;
  • мөлшері алдын ала айқындалған төлем;
  • қатаң белігіленген мерзімде жүзеге асырылатын төлем;
  • өте тұрақты салықтық міндеттемелер туындататын төлем;
  • белгіленіп, бекітілуі кезінде нақты салық төлеушілердің төлем қабілеттілігі есепке алынатын төлем;
  • ақшаның төлем құралы ретіндегі функциясын көрсететін төлем;
  • жүзеге асырылуы заңи жауапкершілік шараларымен қамтамасыз етілетін төлем;
  • тек құқықтық нысанда болатын төлем;
  • біржақты өктем тәртіппен мемлекет белгілеген төлем;

Салық мемлекет тарапынан біржақты шығарылған заңдардың негізінде, сол заңдарда айқындалған нақтылы мөлшерде және және қатаң белгіленген мерзімдерде, Республикалық немесе жергілікті бюджет кірісін қалыптастыру мақсатында салықтық міндеттемелерін орындауға тиісті заңды және жеке тұлғалардан жүйеленген әрі тұрақты, түрде уәкілетті мемлекеттік органдар алатын баламасыз, қайтарымсыз, ақшалай міндетті төлем болып табылады.

Салық салу процесінде нақтылы салық төлеуші орындауға тиіс салықтық міндеттемелер салықтық заң актілерінде белгіленген әрбір салықтық құрамдас бөліктерінің жиынтығы салық элементтері арқылы айқындалады.

Салық элементтеріне:

  • салық субъектісі;
  • салық объектісі;
  • салық базасы;
  • салық базасын есепке алу тәртібі;
  • салық ставкасы;
  • салық салу бірлігі;

7) салық заңы;

8) салықтық кезең,

9) салықты есепеу тәртібі;

  • салықты төлеу мерзімі;
  • салықты төлеу тәсілімен тәртібі,
  • есеп беру кезеңі;
  • салық жеңілдіктерімен преференциялары
  • салықтық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік жатады.
  1. Өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыруына орай Салық комитеті:

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне мемлекеттік бюджетке төленетін міндетті төлемдерді есептеуді және (немесе) жинауды қамтамасыз етуге уәкілетті Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізуге;

-салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді әкімшілендіру әдістемесін әзірлеуге, сондай-ақ ақпараттық технологиялардың көмегімен функционалды рәсімдерді жүзеге асыруды басқару және бақылау әдістерін жетілдіруге қатысуға;

салықтармен бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер бойынша мемлекеттік есептілікті жинаудың нысандары мен әдістерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

  • салық салу саласындағы заңнаманы коддану тәжірибесін талдау және қорытындылау, сондай-ақ осы саладағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
  • ынтымақтастықтын экономикалық аспектілері бар халықаралық шарттар мен келісімдердің жобалары бойынша ұсыныстар енгізуге;
  • Комитеттің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
  • Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарды сактай отырып, салықтық міндеттемелерді орындауға байланысты салық, төлеушінін ақша құжаттарын, бухгалтерлік кітаптарын, есептерін, сметаларын, ақшасының баржоғын, бағалы қағаздарын, есептемелерін, декларацияларын және өзге де құжаттарын тексеруге;
  • салық төлеушіден белгілеген нысандар бойынша салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және телеу (ұстап калу, аудару) жөніндегі құжаттарды, оларды толтыру бойынша түсіндірмелерді, сондай-ақ салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, жинақтаушы зейнетақы корларына міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің (ұстап қалу және аудару) дұрыстығы мен төлеудің уақтылығын растайтын құжаттарды беруін талап етуге;
  • салықтық тексеру жүргізу барысында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған тәртіппен салық төлеушіден салықтық құқық бұзушылықтардың жасалғанын куәландыратын құжаттарды алуға;
  • өз құзыреті шегінде уәкілетті органдарды бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді есептеудіңдұрыстығы, алудың толықтығы және аударудың уақтылығы мәселелері бойынша тексеруге;
  • Комитеттің аумақтық органдарына орындауға міндетті нұсқаулар беруге және ез құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер шығаруға;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтарды төлеу бойынша салықлық міндеттемелерді орындау мерзімдерін өзгерту жөніндегі мәселелерді қарауға;
  • «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексінде) белгіленген тәртіппен салық декларациясын табысету мерзімін үзарту туралы шешім қабылдауға;
  • Қазақстан Республикасының заңнамалықактілеріне сәйкес әкімшілік жаза қолдануға, оның ішінде салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар тұлғаны банкрот деп тану туралы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттің жарғылық капиталына қатысуымен салық төлеуші — акционерлік қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығару туралы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 49бабы 2тармағының 4) тармақшасында көзделген негіздер бойынша заңды тұлғаны тарату туралы талаппен сотқа жүгінуге;

-кадрлардың біліктілігін көтеру бойынша ісшаралар өткізуге құқылы.