Ауыл шаруашылығындағы лизинг шарты

Лизинг шарты бойынша лизинг беруші лизинг алушы көрсеткен мүлікті сатушыдан меншігіне сатып алуға және лизинг алушыға осы мүлікті ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға беруге міндеттенеді.Лизинг шартында сатушыны және стаып алынатын мүлікті таңдап алуды лизинг беруші жүзеге асырады деп көзделуі мүмкін.Үйлер,ғимараттар,машиналар,жабдықтар,кұрал саймандар,көлік құралдары жер учаскілері және кез келген заттар лизинг нысанасы бола алады.Лизинг шартында азаматтық кодекстің 542 –бабында көрсетілген талаптарға сай лизинг шартының обьектісі ретінде берілуге тиесілі мүлікті анықтауға мүмкіндік беретін деректер көрсетілуі тиіс.Мұндай деректер болмаған кезде мүлікті берілуге тиесілі обьект туралы талап тараптермен келісілмеген деп, ал тиісті шарт жасалмаған деп есептеледі.Бұдан басқа лизинг шартында мынадай талаптар болуға тиіс. 1.Мүлікті сатушының атауы. 2.Лизинг алушыға мүлікті берудің талаптары мен мерзімі. 3Төлемдердің мөлшері мен мерзімділігі. 4.Шарт мерзімі.Егер шартта лизинг алушының меншігіне мүліктің көшуі көзделсе осындай көшудің талаптары лизинг беруші лизинг алушы үшін мүлік сатып ала отырып,мүліктің белгілі бір тұлғаға лизинг ретінде беруге арналғандығы туралы сатушыны хабардар етуге тиіс.Лизингтің нысанасы болып табылатын мүліктің кездейсоқ жойылуы немесе бүлінуі қәупі,егер шартта өзгеше көзделмесе,мүлікті берген кезде лизинг алушыға ауысады.Лизинг шартына сәйкес төлеушіге тиісті мерзімділік төлемдері мүліктің шарт жасасқан кездегі баға бойынша құқықтың барлық немесе еленулі бөлігінің амортизациясы ескерілі отырып есептелуі мүмкін.Лизинг шартының нысанасы болып табылатын мүлікті сатушы лизинг алушыға,егер шартта өзгеше көзделмесе немесе міндеттеме мәнінен өзгеше туындамаса,лизинг алушы орналасқан жерде тікелей береді.Лизинг шартының нысанасы болып табылатын мүлік осы шартта аталған мерзімде лизинг алушыға берілмеген жағдайда,егер мерзімін өткізуге лизинг беруші жауап беретін мән жайлар бойынша жол берілген болса лизинг алушы шартты бұза отырып,шығынды өтеуді талап етуге құқылы.Лизинг алушы лизинг шартының нысанасы болып табылатын мүлікті сатушыға сатушы мен лизинг берушунің арасындығы жасалған сатып алу-сату шартынын туындайтын,атап айтқанда мүліктің сапасы мен жиынтылығына,оны беру мерзіміне қатысты және сатушы шартты тиісті түрде орындамаған басқа да жағдайда туындайтын талаптарды тікелей қоюға құқылы.Бұл орайда лизинг алушы аталған мүлікті сатып алу-сату тарабы болғанда сатып алынған мүлікке ақы төлеу міндетін қоспағанда,оны сатып алушы үшін азаматтық кодексте көзделген құқықтары болады және міндеттемелерді мойнына алады.Сатушымен қатынастарда лизинг алушы мен лизинг беруші бірлескен кредит болады.егер лизинг шартында өзгеше көзделмесе,сатушыны таңдау құқығы лизинг алушыда болған жағдайларды қоспағанда,лизинг беруші лизинг алушының алдында сатушының стапы алу-сату шартынан туындайтын талаптарды орындауы үшін жауап бермейді. Сатушыны лизинг беруші таңдайтын жағдайда лизинг алушы сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды тікелей өз қалауы бойынша бірдей жауап беретін мүлікті сатушыға да,лизинг алушыға да қоюға құқылы.