Жеке қосалқы шаруашылықтың құқықтық тәртібі, жалпы шаруа-шылықтың құқықтық мәртебесі сияқты, біздің заңымызда жеткілікті түрде нақты анықтамаға ие болған жоқ. Тек ұжымдық шаруашылық ауласының мүлкі ғана сойкесінше нормативтік актілсрдс азды-көпті нақты анықталған болатын. Осылайша, 1964 жылы Қазақ КСР АК-дс азаматтардың жскс мсншігіндс болатын малдың саны Қазақ КСР-інің заңымен белгіленеді деп көрсетілген.Осы заңмен артық малды алудың тәртібі анықталады (107-бап).
Ұжымдық шаруашылық ауласының мүшелерінің жеке еңбек табыстары мен жинақтаған қорлары, сонымен бірге олардың жеке қаражаттарына сатып алған немесе мұрагерлік тәртібімен ие сыйлау арқылы алынған және ауланың меншігіне тапсырылмаған мүліктері олардың жеке меншігін құрайды.
Ұжымдық шаруашылықтың жарғысына сәйкес тек ұжымдық шаруашылықтың ауласына ғана жататын мүлік ұжымдық шаруашылық ауласының мүшелігінде тұратын азаматтардың жеке меншігінде бола алмайды (10-бап). 112-бапта үжымдық шаруашылық ауласының мүлкі оның мүшелеріне бірлескен меншік құқығында тиесілі жөне ұжымдық шаруашылықтың жарғысына сәйкес ұжымдық шаруашылық ауласының меншігінде үй жанындағы жер телімінде орналасқан пайдалануындағы қосалқы шаруашылығы, тұрғын үйі, өнімді малы, құсы мен ұсақ ауыл шаруашылығының мүлкі болуы мүмкін екені белгіленген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 191-бабына сәйкес, заңдық актілерге сәйксс азаматтарға немесе заңды тұлғаларға тиесілі бола алмайтын мүліктің жекелеген түрлерінен басқа, кез келген мүлік жеке меншікте бола алады.
Жеке меншікте болатын мүліктің саны мен құны шектелмейді. Азаматтардың жеке қосалқы шаруашылығын заңды «басыбайлықтан босату» ғана жүрген жоқ олардың меншік объектілерінің аясы да нақты кеңейді.
Бүгінде ауыл шаруашылығының техникаларын: тракторларды, шөп шапқыштарды, астық басатын машиналарды, сиырларды саууға арналған үй фермаларын және еңбектің өнімділігін арттыруға, оны жеңілдетуге комек жасайтын ауыл шаруашылығының басқа да қүрал-жабдықтарын меншікте үстауға болады.
Алдағы уақытта да бұндай мүліктердің шеңбері азаматтардың жеке қосалқы шаруашылықтарының нығаюы мен дамуына карай кеңейе беретіні анық.
Өндірілген өнімдерінің меншік иелері болып табыла отырып, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізумен айналысатын азаматтар өздерінің қалауы бойынша алынған өнімдеріне, табыстары мен пайдаларына иелік етуге құқылы.
Қолданыстағы заңға сәйкес, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізумен айналысатын азаматтар тұрғын үйді, жеке үй жанындағы шаруашылықты, жер теліміп, коп жылдық көшет егістерін, жүмыстық жәпе енім беретін малдарды, құстарды, араны, ауыл шаруашы-лығының мүлік-мүкамалдары мен техникасын меншігінде ұстай алады.