Азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылығы (бұдан — әрі ӨҚШ) аграрлық сектордың маңызды құрылымдық бөлігі. Ол казіргі кездегі нарықтық қатынастар мен аграрлық реформалау ауыл шаруашылық өндірісте өзінің тұрақтылығы мен дамуының нәтижесінде ерекшеленіп отыр.
Өзіндік қосалқы шаруашылығының ауыл тұрғындары өміріндегі маңыздылығы мемлекетпен аса бағаланбаса да өзін саяси және әлеуметтік-экономикалық талаптардан тәуелсіз өмір сүре алатын ауыл шаруашылықтың тұрақты құрылымы ретіндс танытты.
Өзіндік қосалқы шаруашылықтың дамуындағы аса маңызды фактордың бірі болып, оның ауыл шаруашылығын мемлекеттің қаржыландыру міндетінің барысында және халықты ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етудегі тигізетін ықпалы танылады. Сопымен қатар, өзіндік қосалқы шаруашылық көп балалы аналардың, зейнеткерлердің еңбегін пайдалануға, болашақ өсіп келе жатқан ұрпақтың еңбекке құштарлығын оятуға, қоршаған ортаны, жерді аялауға әсерін тигізсді.
Қазақстан Республикасында жүргізілген аграрлық реформалар кезінде мемлекеттік азық-түлік ресурстарын толтыруда өзіндік қосалқы шаруашылықтық ролі өсті. Бір жағынан бұл: өзіндік қосалқы шаруашылықтарға жер учаскелерінің жеке меншікке берілуіне, өзіндік қосалқы шаруашылықты (ӨҚШ) жүргізу үшін жер учаскелері мөлшеріпің ұлғаюына және бағылатын мал санының шектелуіне байланысты болды.
Ал екінші жағынан: ауыл шаруашылық құрылымда ӨҚШ қарқынды дамуын тек экономикалык белсснділікпен ғана емсс, оның өсуін ұжымдық шаруашылықта ондірістік төмендеуімеп байланыстыратын ксйбір авторлардыц да пікіріпе келіспеуге болмайды.
- Азаматтардың өзіидік қосалқы шаруашылығы жерлерінің құқықтық жағдайы ӨҚШ негізгі дамуының шарты болып- жер учаскесінің болуы танылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабына сәйкес, Қазақстан Рсспубликасында мемлекеттік және жеке меншік тең және бірдей корғалады. Қазақстан Республикасында жер мемлекеттік меншікте болады, бірақ заңда бекітілгсн негіздерде, тәртіпте жәнс мөлшерде жеке меншікте де болуы мүмкін.
Сонымен Қазақстан Республикасының Жер кодексінн сәйкес мемлекет меншігінде жер учаскелері Қазақстан Республикасы азаматтарына озіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жеке меншікке берілуі мүмкін. (ҚР ЖК-ніц 26-бабы.)
ӨҚШ жүргізу үшін жеке меншікте жер учаскесі бар Қазақстан Республикасы азаматы, егер азаматтықтан шығатын болса, онда меншік құқығы иеліктен шығарылады немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес 1 жыл ішінде кайта рәсімделуге жатады. Жерге құқықты иеліктен шығару және қайта рәсімдеу Жер кодексінің 24-бабына сәйксс жүргізілуі керек.
Қазақстан Республикасының азаматтарына өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жеке меншікке жер учаскелері ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден, ауылдық елді мекен жерінен және босалқы жерлерден беріледі. (ҚР ЖК-нің 102-бабы).
Оралмандарға өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер учаскелерін беру ауылдық елді мекендердің жерінен, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден, иммиграциялық жер қорының, арнайы жер қорының жерінен және босалқы жерден уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.
Берілген жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін Жер кодексінде корсетілген тәртіп негізінде олардың жеке меншігіне өтеді. (ҚР ЖК-нің 46-бабы).
Әдебиеттерде көрсетілгендей, 90 жылдары Ресейдің заңдарында «үй маңындағы учаскелер» «ӨҚШ жүргізуге арналған жер учаскелері» деген түсінікке айналды, бұл ескірген терминнің дұрысырақ атауға ауыстырылуы деп қарастырылды.