Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (жалпы білім) шаруа (фермер) қожалығы деген ұғым енгізді және оны занды тұлға құрмайақ жүргізілетін жеке кәсіпкерлік түрі ретінде таныды.
1990 жылы 20 мамырда қабылданған ҚазССР » Шаруа шаруашылығы туралы» заңның көптеген ережелері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің және өзге де заң актілеріндегі соның ішінде 1995 жылы 22 желтоқсанда қабылданған «Жер туралы» Жарлығының талаптарыпа сәйкес келмеді.
Жоғарыда аталған мәселелер негізінде жасайтын қорытынды, шаруа (фермер) қожалығы туралы заңдарды қайта қарау кажеттілігі туындайды.
Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңына сейкес шаруа (фермер) қожалығы жеке кәсіпкерліктің бір түрі болып танылады.
1990 жылы 20 мамырда ҚазССР заңына сәйкес келесі түсінік берілген: «Шаруа шаруашылығы дегеніміз — ауылшаруашылығын бірлесіп жүргізетін адамдардың семьялық, еңбек бірлестігі болып танылады. Шаруа шаруашылығының қызметі тек қана шаруалардың өзінің жеке еңбегімен атқарылады.»
31 наурызда 1998 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы заңына сәйкес «Шаруа (фермер) қожалығы дегеніміз — азаматтардың жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруы ауылшаруашьшығына арналған жерлерді, ауылшаруашылығы өнімін өндірумен, сондайақ осы өнімді ұқсатумен және өткізумен тығыз байланысты отбасылық еңбек бірлестігі болып табылады».
Бұл анықтамадан мынаны көруге болады, шаруа (фермер) қожалығының
құқығы мәртебесінде өзгерістер болды, осыған сәйкес оның құқықтық
жағдайында бірқатар ерекшеліктерін көрсетуге болады:
- Шаруа (фермер) қожалығы — жеке кесіпкерліктің бір түрі ретінде
қарастырылады. Жеке кәсіпкерлік дегеніміз — жекеше кәсіпкерлік түрі ретінде азаматтардың бастама жасайтын қызметі, ол табыс табуға бағьпталған азаматтардың меншігіне негізделген және олардың тәуекел мен мүліктік жауапершілігі арқылы азаматтар атынан жүзеге асырылатын қызмет. Бұл қызметтің субъектісі ретінде тек жеке тұлға болып табылады. Шаруа (фермер) қожалығына занды тұлға деген мәртебе берілмеген, ал бұрыңғы заңда ол мәселеге тиым салынбаған. Шаруа (фермер) қожалығына мұндай мәртебе беруді түсіндіретін болсақ, заңды тұлғаны құру көптеген шығындарды қажет етеді, мысалы құрылтай құжаттарын дайындау жарғылық қордың белгіленген мөлшерін төлеу; занды тұлғалар жеке кәсіпкерлерге қарағанда салықты көп төлейді. Заң актілерінде бїр субъектілердің мәртебесі жөнінде әртүрлі көзқарастар айтылады, мысалы Ресей заңдары бойынша қожалықтар заңды тұлға болып танылады.
- Шаруа (фермер) қожалығы ауылшаруашылық қызметі негізгі кәсіпкерлік қызмет ретінде танылады. Сонымен қатар, олар басқа да кесіпкерлік қызметтермен, егер заңда тиым салынбаса, айналысуға құқығы бар. Ауылшаруашылығымен байланысты қызмет міндетті түрде ауылшаруашылығына арналған жерлерінде жүзеге асырылуы тиіс. Біздің пікірімізше, заңның мұндай талабы дұрыс, бұл мәселе занда бірінші рет көзделіп отыр. Біріншіден, ол жергілікгі органдарға жер учаскесін беру туралы қабылданғанда осы талапты негізге алуды міндеттейді, яғни ауылшаруашылық қызметін жүргізуге жарамды жер учаскелерін беру; екіншіден оның орындалуы іс жүзінде ауылшаруашылық мақсатында жерлердің нысаналы пайдалану қағидасын қамтамасыз етеді.
Шаруа (фермер) қожалығы отбасылық еңбек бірлестігі болып танылады, былайынша айтқанда аталған қызмет тек қана жанұяның негізінде жүргізіледі. Сондықтанда, осы ережені жүзеге асыру мақсатында, занда шаруа (фермер) қожалығының мүшелерінің толық тізімі көрсетілген. Олар келесі азаматтар болып танылады: жұбайлар, балалар, асырап алған балалар, ата-аналар, туыстар. Басқа адамдар 1990-жылғы заңына сәйкес шаруа қожалықтың мүшесі болып танылатын, 8 сәуір 1993 ж. бұл ереже жойылды.
Жоғарыда аталған тұлғаларды қожалықтың мүшесі ретінде тану кезінде туыстық қатынастары туралы белгісі ғана емес, сонымен қатар олар қожалық қызметіне жеке еңбектерімен қатысуы қажет. Айта кететін жай, қожалықтың мүшесі болып табылатын тұлғаның жасы заң бойынша белгіленбеген. Ресей заңдарына сәйкес қожалықтың мүшесі ретінде 16 жасқа толған тұлғалар саналады. Біздің пікірімізше мұндай келісімсіздікті жою қажет. қандайда болмасын тұлғаны қожалықтың мүшесі ретінде 14 жасқа толған тұлғаны санауға болар еді, себебі бұл жаста қожалықтың қызметіне жеке еңбегімен қатысуына болады.
Басқа азаматтар кәзіргі кезде шаруа (фермер) қожалығында еңбек шарты негізінде жұмыс істеуге құқылы.
Шаруа (фермер) қожалығы тек қана жеке тұлғалармен құрылады. 1990 жылғы заңға сәйкес шаруа шаруашылығын тек Қазақстан Республикасының азаматтары ғана құруға құқығы бар еді, ал қәзіргі кезде ондай шектеу жоқ. Былайынша айтқанда, шаруа (фермер) қожалығының мүшесі ретінде шетел азаматыда болуы мүмкін. Бірақ қожалықтың басшысы ретінде 18 жасқа толған Қазакстан Республикасының әрекет қабілеттілігі бар азаматыда болуға міндетті.