Республикада акционерлік қоғам ретіндегі шаруашылық жүргізудің бұндай түрлері де таралған, бұлардың арасында «Адал» АӨК АҚ, «VІТА» АҚ-ы, «Али» ЖАҚ-ты атауға болады, оған Балықшы асыл тұқымды мал заводы мен үш ЖШС кіреді, «Азық-түліктік келісім-шарт корпорациясы» АҚ-ы, Қаз «Агрофинанс» АҚ-ы, Бахус АҚ-ы, Қаз агромаш АҚ-ы да ауыл шаруашылық ұйымдарының ұйымдастырушылық-құқықтық түрінің бірі болып табылады, бұлар көбіне ауыл шаруашылығының өнімдерін дайындаумен, сақтаумен, қайта өңдеумен, несиелеумен, бірқатар жағдайларда өндірумен айналысады.
Акционерлік қоғамдардың құқықтық ережелері ҚР Азаматтық кодексінің 85-93-баптарымен және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңымен (өзгертулерімен және толықтыруларымен) реттеледі.
Өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражаттарды тарту мақсатында акцияларды шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам (бұдан ары — қоғам) деп танылады.
Қоғам өзінің акционерлерінің мүлкінен жеке мүлікке ие болады және олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Қоғам өз міндеттемелері бойынша өзінің мүлкінің шегінде жауапкершілік атқарады.
Қоғамның акционерлері, Қазақстан Республикасының заңдық актілерімен қарастырылған жағдайлардан басқа кезде, қоғам міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өздеріне тиесілі акциялардың құнының шегіпде қоғам қызметімен байланысты шығындар қауіптілігін атқарады. Қазақстан Республикасының заңымен қарастырылған жағдайларда акционерлік қоғамның ұйымдастырушылық-құқыктық түрінде коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкін.
Қоғам (акционерлік қоғамның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдардан басқасы) облигациялар мен бағалы қағаздардың басқа да түрлерін шығаруға құқылы.
Қазақстан Рсспубликасының заңдық актілерімен жекелегсн қызмет түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін акционерлік қоғамның міндетті ұйымдастырушылық-құқықтық түрі белгіленуі мүмкін.
Қоғам фирмалық атауға ие, оған «акционерлік қоғам» деген ұйымдастырушылық-құқықтық түрі және оның атауы енуі керек.
Қоғам атауының алдында қоғамның қысқартылған «АҚ» сөзін пайдалануға рұқсат беріледі.
Қоғамды құру.Қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке және (немесе) заңды тұлғалар оның құрылтайшылары болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңдық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметін, жергілікті атқарушы органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен мемлекеттік мекемелері қоғамның құрылтайшылары немесе акционерлері ретінде бола алмайды.
Мемлекеттік кәсіпорын тек осы кәсіпорынға қатысты меншік иесі мен мемлекеттік органның функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісімімен ғана қоғамның құрылтайшысы болуға және оның акцияларын сатып алуға құқылы.
Қоғамның құрылтайшысы жалғыз тұлға функңиясын атқарушы болуы мүмкін.
Қоғамның құрылтайшылары қоғамды құруға байланысты және ол мемлекеттік тіркелгенге дейін туьндаған шығыстарды төлеу жөнінде ортақ жауаптылықта болады. Қоғам өзінің құрылтайшыларының көрсетілген шығындарын осындай шығындарды кейіннен акционерлік қоғамның жалпы жиналысы мақұлдағаннан кейіп ғана өтейді.
Қоғам өз құрылтайшылары жиналысының (құрылтай жиналысының) шешімі бойынша құрылады. Қоғамды бір құрылтайшы құрған жағдайда қоғамды құру туралы шешімді осы тұлға жеке дара қабылдайды.
Қоғам «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңымен және Қазақстан Республикасының басқа да заңдық актілерімен белгіленген тәртіпте бар заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру арқылы құрылуы мүмкін.
Акцияларды орналастыра бастағанға дейін құрылтайшылардың кейіннен бірнеше жиналысын өткізуге жол беріледі. Бұл орайда бірге бірінші құрылтайшылық жиналыста қабылданған шешімдерге өзгертулер мен толықтыруларды ендіруге, тек құрылтайшылық жиналыста құрылтайшылық келісімшарттың барлық тараптары қатысып отырған кезде ғана жол беріледі.
Құрылтайшылардың бірінші жиналысында құрылтайшылардың әрқайсы бір дауысқа ие болады. Құрылтайшылардың кейінгі жиналыстарында құрылтайшылардың әрқайсы, егер құрылтайшылық құжатпен басқаша белгіленбеген болса, бір дауысқа ие болады.
Құрылтай жиналысын (жалғыз құрылтайшының) шешімі хаттамамен рәсімделеді, оған барлық құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) қолын қояды.
Құрылтай шартын (жалғыз құрылтайшының шешімінде) қолданылу кезеңінде оның тараптары (жалғыз құрылтайшы) оған заң талаптарының сақталуы шартымен өзгертулер мен толықтыруларды ендіруге құқылы. Құрылтай шартында (жалғыз құрылтайшының шешімімен) мазмұндалған мәлімсттер, егер шарттың өзімен (жалғыз құрылтайшының шешімімен) басқаша, өзгеше көзделмесе коммерциялық құпия болып табылады. Құрылтай шарты (жалғыз құрылтайшының шешімі) тек қоғамның шешімі бойынша не Қазақстан Республикасының заңдық актілері белгіленген жағдайларда ғана мемлекеттік органдарға, сонымен бірге үшінші жақтағы тұлғаларға ұсынылуы тиіс.
Құрылтай шартын (жалғыз құрылтайшының шешімінің) қолданылуы жарияланған акциялардың шығарылуы мемлекеттік тіркеген күнен бастап тоқтатылады.
Құрылтай шарты шартқа әрбір құрылтайшының немесе оның өкілінің қол қоюы арқылы жазбаша түрде бекітіледі.
Жалғыз құрылтайшының шешімі жазбаша түрде ресімделеді және құрылтайшы немесе оның өкілі қолын қояды.
Құрылтай шартын (жалғыз құрылтайшы шешімін) нотариат куәландыруға тиіс.
Қоғамның жарғысы қоғамның заңды тұлға ретіндгі құқықтық мәртебесін анықтайтын құжат болып табылады. Қоғамның жарғысына құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) не олардың өкілдері (өкілі) қолдарын қоюы керек және нотариаттық куәландыруға тиіс.
Қоғамды басқару. Қоғам акционерінің құқығы бар:
«Акционерлік қоғамдар туралы» Заңмен және қоғамның жарғысымен қарастырылған тәртіпте қоғамды басқаруға қатысуға;
дивидендтерді алуға;
қоғамның қызметі туралы ақпаратты алуға, оның ішінде акционерлердің жалпы жиналысында немесе қоғамның жарғысымен белгіленген тәртіпте қоғамның қаржылық есеп беруімен танысуға;
тіркеушіден немесе нақтылы ұстаушыдан оның бағалы қағаздарына меншіктік құқығын растайтын көшірмені алуға;
қоғам акционерлерінің жалпы жиналысына қоғамның директорлар кеңесіне сайлау үшін үміткерлерді ұсынуға;
қоғам органдарының қабылдаған шешімдерін соттық тәртіпте даулауға;
қоғамға оның қызметі туралы жазбаша түрде сауал салуға және қоғамға сауал келіп түскеннен бастап отыз күннің ішінде дәлелді жауаптарды алуға;
қоғам таратылған жағдайда мүліктің бір бөлігіне;
қоғам акцияларын немесе оның акцияларына еркін айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарын артықшылыкпен сатып алуға;
Қоғамның жарғысымен акционерлердің басқа да құқықтары қарастырылуы мүмкін.
Қоғамның акционері міндетті:
акцияларды төлеуге;
тіркеушіні немесе осы акционерге тиесілі акциялардың нақтылы ұстаушысын он күннің ішінде қоғамның акция ұстаушыларының тізіліміне енгізу үшін қажетті мәліметтердің өзгергені туралы хабардар етуге:
қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын басқа да құпияны құрайтын, қоғам немесе оның қызметі туралы ақпаратты жария етпеуге;
«Акционерлік қоғамдар туралы» Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да заңдық актілеріне сәйкес басқа да міндеттерді орындауға.
Жоғарғы орган — акционерлердің жалпы жиналысы, басқару органы — директорлар кеңесі;
атқарушы орган — алқалы орган немесе атқарушы органның қызметін жалғыз жүзеге асыратын тұлға, оның атауы қоғамның жарғысымен анықталады.
Заңға және қоғамның жарғысына сәйкес басқа да органдар;
Акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне мына мәселелер жатады:
қоғам жарғысына өзгертулер мен толықтыруларды енгізу немесе оны жаңа редакцияда бекіту;
қоғамды ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату;
қоғамның жарияланған акцияларының санын өзгерту туралы шешім қабылдау;
есеп комиссиясының сан құрамын өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату;
директорлар кеңесінің сай құрамын, өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақыларды төлеудің көлемі мен талаптарын анықтау;
қоғамның аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды белгілеу;
жылдық қаржылық есептілігін бекіту;
қоғамның есепті қаржы жылын таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және жыл қорытындысы бойынша қоғамның бір жай акциясына шаққандағы дивидент мөлшерін бекіту;
қоғамның жай акциялары мен артықшылықты акциялары бойынша дивидендтерді төлемеу туралы шешімді қабылдау;
сомасы қоғамға жататын барлық активтердің жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын (халықтық акционерлік қоғамда он пайыз) активтердің бөлігін немесе бірнеше бөліктерін беру арқылы қоғамның басқа заңды тұлғаларды құруы немесе қызметіне қатысу туралы шешімді қабылдау;
қоғамның ірі мәмілелер жасасу және қоғам жасалуына мүдделі болатын мәмілелер жасасу туралы шешімдерін бекіту;
қоғамның жеке капиталының мөлшерінің жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын (халықтық акционерлік қоғамда он пайыз) сомаға қоғамның міндеттемесін көбейту туралы шешімді қабылдау;
акционерлердің жалпы жиналысын шақыру туралы қоғамның акционерлерге хабарлау және мұндай ақпаратты баспасөз басылымына беру туралы шешім қабылдау;
акцияларды қоғамның оларды сатып алуы кезіндегі құнын анықтаудың әдістемесін, Қазақстан Республикасының «Бағалы кағаздар нарығы туралы» Заңына сәйкес бекіту;
акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту;
акционерлерге қоғам қызметі туралы ақпаратты ұсынудың тәртібін белгілеу, сонымен бірге, егер қоғамның жарғысында бұндай тәртіп белгіленбеген болса, баспасөз басылымын анықтау;
«алтын акцияны» ендіру және оның күшін жою;
Заңмен және қоғамның жарғысымен шешім қабылдануы акционерлердің жалпы жиналысының ерекше құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелер.
Акционерлердің жалпы жиналысы, егер жарғымен басқаша анықталмаған болса, қоғамның ішкі қызметіне қатысты мәселелер бойынша қоғамның басқа органдарының кез келген шешімінің күшін жоюға құқылы.
Директорлар кеңесі, қоғамның жарғысымен шешім қабылдануы акционерлердің жалпы жиналысының ерекше құзыретіне жатқызылған мәселелерден басқа, қоғамның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады.
Директорлар кеңесінің ерекше құзыретіне жатқызылған мәселелер шешу үшін атқарушы органға беріле алмайды.
Директорлар кеңесінің қоғамның жарғысына сәйкес атқарушы органның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімді қабылдауына, сонымен бірге акционерлердің жалпы жиналысының шешіміне қарама-қайшы келетін шешімді қабылдауына құқығы жоқ.
Директорлар кеңесінің қабылдайтын шешімі соларға қатысты тыйым салу құқығы белгіленген мәслелер бойынша «алтын акцияның» иеленушілерімен келісілуі тиіс.
Ағымдағы қызметке басшылық жасауды атқарушы орган жүзеге асырады. Атқарушы орган алқалы немесе жеке дара болуы мүмкін.
Қоғамның акционерлері мен оның акционерлері болып табылмайтын қызметкерлері алқалы атқарушы органның мүшелері бола алады.
Атқарушы органның мүшелері тек директорлар кеңесінің келісімі арқылы ғана басқа ұйымдарда жұмыс істеуге құқылы.
Атқарушы органның мүшесінің қызметі, құқықтары мен міндеттері «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңмен, Қазақстан Республикасының басқа да заңдық актілерімен, қоғамның жарғысымен, сонымен бірге көрсетілген тұлғаның қоғаммен жасасатын еңбек шартымен анықталады.
Қоғамды қайта құру (бірігу, қосылу, бөліну, бөлініп шығу, қайтадан құрылу) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының заңдық актілерінде белгіленген ерекшеліктерді есепке ала отырып жүргізіледі.
Қоғамды бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта құру кезінде қайтадан құрылып жатқан қоғамның несие берушілері сол бойынша осы қоғам қарызгері болып табылатын міндеттемелерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуын және шығындарын өтеуді талап етуге құқылы.
Егер қайта құру жағдайында қоғам өзінің қызметін тоқтататын болса, оның жарияланған, сонымен бірге орналастырылған акциялары Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген тәртіпте күші жойылуға жатады.
Ауыл шаруашылығының акционерлік қоғамдарының қызметкерлері екі жақты құқықтық мәртебеге ие: бір жағынан, олар — акционерлер, екінші жағынан — қоғаммен еңбек қатынастары еңбек келісімшартына негізделген және еңбек заңымен және жарғымен реттелетін тұлғалар. Сондықтан нақты акциоиерлік қоғамның жарғысында оның қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері акциоиерлер ретінде де және жалдамалы еңбекпен айналысатын тұлғалар ретінде де бекітіледі.
Ауыл шаруашылық серіктестіктері және олардың қауымдастықтарының (одақтарының) құқықтық жағдайы.«Ауыл шаруашылық серіктестіктері және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы» Заң ауыл шаруашылық серіктестіктерінің құқықтық жағдайын анықтайды, серіктестікпен оның мүшелері арасындағы қатынастарды реттейді. Бұл Заң 2000 жылғы 25 желтоқсанда қабалданған. Ауыл шаруашылық серіктестігі — ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылық өнімін өткізу, сақтау, қайта өңдеу, материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтау, сумен қамтамасыз ету немесе серіктестік мүшелеріне басқа да сервистік қызмет көрсету кажеттерін қанағаттандыру үшін олардың мүліктік жарналарын ерікті түрде біріктіру жолымен мүшелік негізінде құрылатын заңды тұлға.
Серіктестік кәсіби бағытына сай тауарлы ауыл шаруашылық өнімін өндірумен айналысатын жеке және заңды тұлға ауыл шаруашылық серіктестігінің мүшесі болуы мүмкін.
Ауыл шаруашылық серіктестіктері коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және кәсіпкерлік қызметпен өздерінің жарғылық мақсаттарына сай келуіне қарай ғана айналыса алады.
Ауыл шаруашылық серіктестігі алған таза табысты оның мүшелері арасында бөлуге болмайды және жарғылық мақсаттарға жұмсалуға тиіс.
Егер құрылтай құжаттарында ауыл шаруашылық серіктестігінің белгілі бір мерзімге және белгілі бір мақсатқа жету үшін құрылатыны көзделмесе, ол белгіленбеген мерзімге құрылған деп есептеледі.
Ауыл шаруашылық серіктестіктері:
1) ауыл шаруашылық өнімін өткізуді, сақтауды, қайта өңдеуді қамтамасыз ету, материалдық-техникалык ресурстармен жабдықтау сумен қамтамасыз ету және серіктестік мүшелеріне басқа да сервистік қызмет көрсету үшін ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін ерікті түрде біріктіру арқылы олардың әлеуметтік-экономикалық қажеттерін қанағаттандыру;
2) серіктестіктердің пайда алмайтын негізде жұмыс істеуі кезінде ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің өз пайдасын қамтамасыз ету;
3) ауыл шаруашылық серіктестігінің құрылу тәртібі; құрылтайшылардың оны құруға байланысты міндеттері, сондай-ақ құрылтайшылардың серіктестік құру жөніндегі қызметті жүзеге асыруының өзге де шарттары; аталған тұлғалардың, сондай-ақ ауыл шаруашылық серіктестігін құру мен тіркеу барысында оның мүдделерін білдіру тапсырылатын басқа да тұлғалар өкілеттігінің айқындамасы;
4) ауыл шаруашылық серіктестігі пай қорының мөлшері;
5) әрбір құрылтайшының ауыл шаруашылық серіктестігінің пай қорына қосатын ақша салымының немесе заттай түрдегі салымының құрамы, мөлшері және оны енгізу мерзімі туралы мәліметтер, сондай-ақ серіктестіктің пай қорына салымдары дер кезінде енгізбеудің зардаптары;
6) құрылтайшылардың шығу тәртібі;
7) ауыл шаруашылық серіктестігінің жарғысын бекіту туралы жазба келтірілуге тиіс.
Құрылтай шарты коммерциялық құпия болып саналатын құжаттар құрамына енеді және заң актілерінде белгіленген жағдайларда уәкілетті органдар мен ұйымдардың талап етуі бойынша көрсетіледі.
Ауыл шаруашылық серіктестігінің жарғысы заңды тұлға ретіндегі серіктестіктің құқықтық мәртебесін айқындайтын құжат болып табылады.
Серіктестіктің жарғысында заң актілеріне қайшы келмейтін өзге де мәліметтер қамтылуы мүмкін.
Серіктестік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер құра алады.
Серіктестіктің орналасқан жерінен тыс жерде орналасқан және оның міндеттерінің бәрін немесе бір бөлігін, соның ішінде өкілдік міндетін жүзеге асыратын оқшауланған бөлімшесі серіктестіктің филиалы болып табылады.
Серіктестіктің орналасқан жерінен тыс жерде орналасқан және серіктестікті қорғау мен оның мүдделерін білдіруді жүзеге асыратын, оның атынан мәмілелер және өзге де құқықтық іс-қимылдар жасайтын оқшауланған бөлімшесі серіктестіктің өкілдігі болып табылады.
Филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлға болып табылмайды, оларға өздерін құрған серіктестік мүлік береді және олар серіктестік бекіткен ереже негізінде жұмыс істейді.
Филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу заңдарымен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары серіктестіктің, оның қауымдастығының (одағының) шаруашылық, қаржы және өзге де қызметіне араласуға құқылы емес.
Мемлекеттік органдардың немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарының серіктестік, оның қауымдастығы (одағы) құқығын бұзатын актілері Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттері салдарынан серіктестікке, оның қауымдастығына (одағына) келтірілген залал азаматтық заңдарда көзделген тәртіппен өтеледі.
Серіктестіктің кәсіби бағытына сәйкес тауарлы ауыл шаруашылық өнімін өндірумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар серіктестік мүшелері бола алады.
Егер ондай серіктестіктің жарғысында өзгеше көзделмесе, жеке және заңды тұлғалар бірнеше серіктестікке мүше бола алады.
Ауыл шаруашылық серіктестігін басқару
Ауыл шаруашылық серіктестігінің басқару органдары: жоғары органы — серіктестік мүшелерінің жалпы жиналысы; атқарушы органы — төраға басшылық ететін басқарма;
Бақылау органы — тексеру комиссиясы.
Серіктестікті басқару органдарының өкілеттігі, құрылымы, серіктестік басқармасының мүшелерін сайлау мен кері шақырып алу тәртібі, сондай-ақ серіктестік мүшелерінің жалпы жиналысын шақыру мен өткізу тәртібі осы Заңға және серіктестіктің жарғысына сәйкес белгіленеді.
Ауыл шаруашылық серіктестігінің мүшелері сот тәртібімен басқару органдарының шешімдері мен әрекеттеріне шағымдана алады.
Ауыл шаруашылық серіктестігінің жалпы жиналысы серіктестіктің жоғары басқару органы болып табылады.
Серіктестіктің әрбір мүшесінің серіктестік қызметінің барлық мәселелері бойынша шешім қабылданған кезде, өзінің пай қорындағы пайының мөлшеріне немесе серіктестік көрсететін қызметтің өзі тұтынатын көлеміне қарамастан, бір дауыс құқығы болады.
Жалпы жиналыс басқарма түріндегі атқарушы органды және бақылау органын (тексеру комиссиясын) сайлайды.
Серіктестіктің басқармасы оның атқарушы органы болып табылады, басқарма мүшелерін тек серіктестік мүшелері арасынан жалпы жиналыс қана сайлайды. Басқарма серіктестік қызметіне ағымдағы басшылықты жүзеге асырады.
Басқарма серіктестікке мүше емес адамды серіктестіктің күнделікті қызметін басқару міндетін атқаратын жұмысқа жалдай алады.
Басқарма мұндай адаммен басқарушының (менеджердің) құқықтары мен міндеттерін, оның еңбегіне ақы төлеу мөлшері мен тәртібін, онымен еңбек қатынастарын тоқтатудың негізін айқындайтын жеке еңбек шартын жасасады. Басқарушыға басқа адамдарды жұмысқа жалдауға, сондай-ақ серіктестіктің өз қызметін тиімді жүзеге асыруына қажетті міндеттерді атқаруға құқық беріледі.
Басқармасының сан құрамы мен іс-қимыл мерзімі жарғымен белгіленеді.
Серіктестік басқармасының мүшелері серіктестіктің жалпы жиналысының шешімі бойынша атқаратын міндеттерінен кез келген уақытта босатылуы мүмкін.
Серіктестік басқармасының мүшелері өздерінің құзыретіне қатысты, жалпы жиналыс және серіктестіктің жарғысы белгілеген мәселелерді бірлесіп шешуге өкілетті.
Жалпы жиналыс сайланбалы органдардың мүшелеріне олардың мұндай органдар мүшелерінің міндеттерін атқруға тікелей байланысты шығыстарын етеу және басқарма төрағасының еңбегіне ақы төлеу туралы шешім қабылдауға құқылы.
Ауыл шаруашылық серіктестіктерінің штаттағы қызметкерлеріне еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңдар қолданылады.
Серіктестіктің жалпы жиналысы серіктестіктің атқарушы оргарнының қызметіне бақылау жасау мақсатымен тексеру комиссиясын құрады.
Тексеру комиссиясының құрамына серіктестіктің мүшелері, аудиторлық қызметпен айналысуға құқығы бар адамдар, қаржы және бухгалтерлік есеп саласындағы мамандар және басқа адамдар кіре алады.
Атқарушы органдардың мүшелері тексеру комиссиясының мүшелері бола алмайды.
Ауыл шаруашылық серіктестігінің тексеру комиссиясы серіктестіктің жалпы жиналысына есеп береді.
Ауыл шаруашылық серіктестігі жалпы жиналыстың шешімі бойынша немесе сот шешімінің негізінде тартылуы мүмкін.
Ауыл шаруашылық серіктестігін тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және өзге де заң актілерінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Ауыл шаруашылық серіктестіктері облыстық және республикалық деңгейлерде қауымдастықтарға (одақтарға) бірігуі мүмкін.
Бастауыш ауыл шаруашылық серіктестіктері өз қызметін үйлестіру, экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында мемлекеттік және өзге де құрылымдарда коммерциялық емес ұйым болып табылатын ауыл шаруашылық серіктестіктерінің қауымдастықтарын (одақтарын) құрады.
Қауымдастықтың (одақтың) мүшелері құрылтай шартының және жарғының негізінде іс-қимыл жасайды, бірақ өзінің дербестігі мен заңды тұлға құқығын сақтайды.
Қауымдастықтың (одақтың) негізгі міндеттері:
1) ауыл шаруашылық тауар өндірушілері бірлестіктерінің дамуын реттеу және оған жәрдемдесу;
2) ауыл шаруашылық серіктестіктерінің құқықтары мен экономикалық мүдделерін қорғау;
3)аймақаралық байланыстарды әзірлеу мен жүзеге асыру, ішкі және сыртқы экономикалық өзара қатынастарды жетілдіру;
4) материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге жәрдемдесу, салааралық айырбастың баламалылығы мен ауыл шаруашылық өнімінің және өнеркәсіп беретін ресурстардың бағасын реттеп отыру;
5)кәсіпорындардың даму үрдісін айқындау, соның негізінде одан әрі даму перспективасының жалпы бағытын белгілеу;
6) жаңа техникалық технологияның енгізілуіне жәрдемдесу, тәжірибе, ғылыми-техникалық ақпарат алмасуды ұйымдастыру және патент-лицензия жұмысы мен лизингті ұйымдастыру.
Қауымдастықтар (одақтар) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін, құрылтай шартында немесе жарғыда көзделген басқа да міндеттерді жүзеге асыруға хақылы.
Ауыл шаруашылық серіктестіктерінің қауымдастықтары (одақтары) ерікті негізде құрылады, құрылтайшылар жүктеген міндеттерді атқарады.
Қауымдастықтың (одақтардың) қызметін қаржыландыру осы қауымдастыққа (одаққа) біріккен ауыл шаруашылық серіктестіктерінің жыл сайынғы шарттық аударымдары арқылы жүзеге асырылады.