Өткен уақытта да, қазіргі кезде де көптегеп елдерде кеңінен қолданылатын ауыл шаруашылығы өндірісі ұйымдарының бұрыннан келе жатқан түрлерінің бірі өндірістік кооператив болып табылады.
Өкінішке орай, қазіргі кезде ауыл шаруашылығының өндірістік кооперативтері Қазақстанның экономикасында лайықты орынға ие емес. Оның себебі көп, бірақ олардың бірі кооперативтерді құру мен қызметіне лайықты құқықтык базаның жоқтығы болып табылады. Егер Ресейде және ТМД-ның басқа мемлекеттерінде ауыл шаруашылығының кооперативтері туралы арнаулы заң бар болса, Қазақстанда бұндай заң жоқ.
Қазіргі кезде ауыл шаруашылығының өндірістік кооперативтерінің қызметі Азаматтық кодекспен реттеледі, онда қызметтің бұл түріне арнаулы өндірістік кооператив бөлімі және 96-101-баптар арналған. Сонымен бірге, Республикада 1995 жылғы 5 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің «Өндірістік кооператив туралы» Жарлығы қабылданды, ал ол Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес 2001 жылғы 12 шілдеде Заң күшіне енді.
Бірақ онда ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекшеліктері мен өндірістік кооперативтердің ауыл шаруашылығындағы қызметі ескерілмеген. Қазіргі уақытта бұндай маңызды актіні қабылдау маңызды қажеттілік болып табылады.
Өндірістік кооперативті құрудың тәртібі
Азаматтардың, жеке еңбектерімен қатысуына және мүшелерінің мүліктік жарналарды (үлестерді) біріктіруіне негізделген бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелікке кіруінің негізінде ерікті түрде бірігуі өндірістік кооператив ретінде танылады.
Өндірістік кооператив коммерциялық ұйым болып табылады.
Өндірістік кооператив заңды тұлға болып табылады.
Өндірістік кооператив келесі қағидалардың негізінде қызмет атқарады:
мүшелікке кіру мен шығудың еркіндігі;
мүліктік жарпаларды (пайларды) ннгізу міндеттілігі;
басқарудың демократиялығы;
өзара көмек және олардың мүшелері үшін экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету;
өндірістік кооперативтің қызметі туралы ақпаратқа қол жететіндегі.
Өндірістік кооператив заңдық актілермен жеке кәсіпкерлік үшін тыйым салынбаған кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрін жүзеге асыруға құқылы.
Өндірістік кооператив мемлекеттік лицензиялануға жататын қызметті лицензия болғанда ғана жүзеге асырады. Өндірістік кооператив қызметінің мәні мен мақсаттары жарғымен анықталады.
Арнайы заңмен реттелетін қызметті жүзеге асыруда өндірістік кооперативтер сол сияқты осы заңды басшылыққа алады.
Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін арнайы реттейтін заң актілерінің нормаларына келген жағдайда қайшы болғанда заңның нормаларына заң актілерінің нормалары қолданылады.
Өндірістік кооператив құрылтайшылар — жеке тұлғалардың жалпы жиналысының шешімімен құрылады.
Егер өндірістік кооперативтің құрылтайшысы (мүшесі) шетел азаматы болған жағдайда, ұйымға және осындай кооперативтің қызметіне Қазақстан Республикасының «Шетел инвестициялары туралы» Заңында қарастырылған ерекшеліктерді есепке ала отырып, аталған Заңның күші қолданылады. Өндірістік кооперативтің құрылтайшылары екі адамнан кем болмауы керек.
Өндірістік кооператив құрылғаннан кейін құрылтайшылар кооперативтің мүшелеріне болады және өндірістік кооператив басқа мүшелерімен бірдей құқықтар мен міндеттерді иеленеді16.
Өндірістік кооператив өзінің қызметін құрылтайшылық келісімшарт пен жарғының негізінде жүзеге асырады.
Өндірістік кооперативтің ұйымдық-құқықтық түрінде құрылатын шағын кәсіпкерлік субъектілері ез қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі мазмұнын белгілейтін үлгі жарғының негізінде жүзеге асыра алады17.
Өндірістік кооперативтің құрылтай шарты коммерциялық құпия болып табылатын құжаттар құрамына кіреді әрі мемлекеттік және өзге де ресми органдарға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға тек қана кооперативтің атқарушы органының шешімі бойынша не заң актілерінде белгіленген жағдайда ұсынылуға тиіс.
Кооперативтің фирмалық атауында оның атауы, сонымен «өндірістік кооператив» деген сөз мазмұндалуы керек.
Жарғы құрылтайшылардың жалпы жиналысында бекітіледі.
Жарғы бірауыздан бекітілуге тиіс.
Жарғыға өзгертулер кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының шешімімен енгізіледі.
Жарғыға кооператив басқармасының төрағасы (төраға) қол қояды.
Өндірістік кооперативтің жарғысы мемлекеттік немесе басқа да ресми органдарға, сонымен бірге кооперативпен шарттық қатынасы бар не онымен осындай қатынасқа енуге тілек білдірушілердің талабы бойынша ұсынылады.
Өндірістік кооперативтегі мүшелік. Кооперативтің мүшелері екі адамнан кем болмауы керек.
Он алты жасқа толған, кооперативтің мүшесі болуға тілек білдірген және оның қызметіне тікелей еңбек қатынасымен қатысуға қабілетті келген жеке тұлға өндірістік кооперативтің мүшесі бола алады.
Кооперативке оның мүшесі болып кіру үшін негізгі жұмыс немесе оқуы орны бойынша әкімшіліктің (заңды тұлға органының) келісімі талап етілмейді.
Кәмелетке толмаған азаматтардың кооперативке мүше болып кіруі үшін олардың ата-аналарының, асырап алушыларының немесе қамқоршыларының келісімі талап етіледі.
Өндірістік кооператив мүшесінің құқығы бар:
заңда және кооперативтің құрылтайшылық құжаттарында белгіленген тәртіппен кооператив істерін басқаруға, сонымен бірге бір дауыс құқығымен кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының жұмысына қатысуға;
кооперативтің басқару органдарына сайлауға және сайлануға, кооператив қызметін жақсарту, оның органдары мен лауазымды тұлғаларының жұмысындағы кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізуге;
кооперативтің қызметі туралы толық ақпарат алуға, соның ішінде кооперативтің бухгалтерлік және басқа да құжаттамалары танысуға;
кооперативтің алған таза табысын бөлуге қатысуға;
егер құрылтай құжаттарында өзгеше тәртіп көзделмесе, кооператив қызметіне еңбегімен қатысуына сәйкес, кооператив мүшелері арасында бөлінуге тиісті таза табыстан үлесін алуға;
өзінің кооперативтегі еңбегі үшін жалақы түрінде немесе кооператив белгілеген өзгедей түрде еңбек ақыны алуға;
кооперативтің өз мүшелері үшін көздейтін жеңілдіктер мен артықшылықтарды, соның ішінде өздері өндірген тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) бірінші кезекте иеленуге, кооперативтің мүлкін пайдалануға, кооперативтен әлеуметтік көмек алуға;
демалысқа, сонымен бірге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына;
әлеуметтік сақтандыруға;
белгіленген тәртіппен кооперативтен шығуға, құқығы бар.
Кооперативтің мүшесі кооперативтің құрылтайшылық құжаттарымен, басқа да заңдық актілермен қарастырылған өзге де құқықтарды иеленуі мүмкін.
өндірістік кооперативтің мүшесінің міндеттері:
кооперативтің құрылтай құжаттарында көзделген талаптарды сақтауға;
кооперативтің құрылтайшылық құжаттарында қарастырылған тәртіппен, жолмен және мөлшерде кооператив мүлкіне мүліктік жарна енгізуге;
кооператив қызметіне жеке еңбегіне қатысуды жүзеге асыруға;
Заңмен қарастырылған мөлшерлерде және тәртіпте кооперативтің міндеттемелері бойынша қосымша (жәрдемші) жауапкершілікті атқаруға;
өндірістік және еңбек тәртібін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауға;
кооператив өзінің коммерциялық құпиясы деп жариялаған мәліметтерді жаратпауға міндетті.
Кооператив мүшесі құрылтай құжаттарында, басқа да заңдық актілерде қарастырылған өзге де міндеттерді атқаруы мүмкін.
Өндірістік кооперативке мүшеліктің тоқтатылуы, оның мүшелері құрамындағы өзгерістер туралы.
Кооперативтің мүшесі кооперативтің басқарма төрағасына (төрағаға) шығуына дейін екі апта қалғаннан кешіктірмей жазбаша ескерту арқылы, өзінің қалауы бойынша одан шығуға құқылы. Құрылтай құжаттарында ескертудің бұдан ұзақтау мерзімі көзделуі мүмкін, бірақ ол екі айдан аспауы тиіс. Бұл мерзім аяқталғаннан кейін өндірістік кооперативтің мүшесі кооперативтен шыққан болып саналады.
Кооперативтегі мүшелік мына жағдайларда тоқтатылады:
кооперативтің мүшесі қайтыс болған жағдайда, оны қайтыс болды деп жариялағанда, хабарсыз кетті деп танылғанда;
кооперативтің мүшесі өзінің пайын басқа адамға тапсырғанда;
кредит беруші (кредит берушілер) кооператив мүшесінің пайына айып өндіріп алуды талап еткенде;
кооператив мүшесінің өндірістік кооперативтің қызметіне жеке еңбегімен қатысудан бас тартқанда.
Кооперативтің мүшесі қайтыс болған жағдайда, егер кооперативтің жарғысымен басқаша көзделмеген болса, оның құқықтық мұрагерлері кооператив мүшелерінің мүшелігіне қабылдануы мүмкін.
Кооперативтің мүшесі, егер кооперативтің құрылтайшылық құжаттарымен басқаша болса, өзінің үлесін немесе оның бір бөлігін кооперативтің басқа мүшесіне (мүшелеріне) сатуға немесе басқаша тәсілмен беруге құқылы.
Пайда (оның бір бөлігін) кооперативтің мүшесі болып табылмайтын азаматқа беруге тек кооператив мүшелерінің келісімі арқылы ғана жол беріледі.
Бұндай жағдайда кооперативтің басқа мүшелері осы пайда (оның бір бөлігін) сатып алудың артықшылық құқығын пайдаланады.
Кооператив мүшесі болып табылмайтын Заңда көрсетілген тәртіппен пай немесе оның бір бөлігі берілсе және кооперативке кіруге тілек білдірсе тұлға да кооперативтің мүшелігіне қабылдануға жатады.
Зейнет жасына жеткен кооператив мүшелері кооператив жарғысында көзделген шартпен кооперативтке мүшелігін сақтап қала алады.
Кооперативке жаңа мүшелері кооперативтің міндеттемелері бойынша қосымша (жәрдемші) жауапкершілікті атқарады.
Кооператив құрылғаннан кейін пайды беру немесе пайды мұрагерлік иелену тәртібімен кооперативке кірген кооперативтің мүшесі басқа мүшелермен қатар және өзінің кооперативке кіргеніне дейін туындаған міндеттемелер бойынша жауап береді.
Кооператив құрылғаннан кейін кірген кооператив мүшесі өзі кооперативке кіргенінен кейін пайда болған міндеттемелер бойынша жауап береді.
Үлесті басқа мүшеге немесе үшінші тұлғаға беру тәртібімен одан шыққан кооперативтің мүшесі оның үлесіне кредит берушінің (кредит берушілердің) өндіріп алуы талап етілген жағдайда, сонымен бірге оны кооперативке қабылдаудан бас тартқан, қайтыс болған мүшенің мұрагері кооперативтің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Кооператив мүшесінің кооперативтің міндеттемелері бойынша қосымша (жәрдем ақылық) жауапкершілігінің шекті мөлшері құрылтай құжаттарында белгіленеді, бірақ ол кооператив мүшесінің пайы құнының төмен болмау тиіс. Кооператив мүшелерінің арасындағы жауапкершілікті болу олардың пайларының мөлшерлеріне сәйкес жүргізіледі.
Өндірістік кооперативті басқару. Кооперативтің жоғары органы оның мүшелерінің жалпы жиналысы болып табылады.
Мүшелерінің саны 100 адамнан асатын кооперативтерде құрыл-тайшылық құжаттарында жоғарғы органның қызметін өкілеттілердің жиналысына жүктеу қарастырылуы мүмкім.
Кооперативтің мүшелерінің жалпы жиналысының ерекше құзыретіне жататындар:
кооператив жарғысын өзгерту;
кооператив қызметінің негізгі бағыттарын айқындау;
атқарушы, тексеруші органдарды және бақылаушы кеңесті құру және олардьщ мүшелерін кері шақыру;
кооператив қорларын резервтерінің түрлері мен мөлшерін және кооперативті құру және олардың пайдалануын бағыттау;
кооперативтің ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, лауазымды адамдарының, оның мүшелері мен басқа да қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу туралы ережелерін және кооперативтің басқа да актлерін қабылдау және өзгерту;
кооперативтің филиалдары мен өкілдіктерін құру, шаруашылық серіктестіктерді құру және оларға мүше ретінде кіру;
қосымша пай жарналарын ендіру мәселесін шешу;
кооператив мүшелігіне қабылдау және шығару;
кооперативтің жылдық есеп берулері мен бухгалтерлік баланстарын, оның пайдасы мем шығынын бөлуді бекіту;
кооперативті қайта құру және тарату туралы шешім;
тексеру комиссиясының есебін бекіту;
кооператив басқармасының (кооператив төрағасының) есеп беруін тыңдау.
Кооперативтің құрылтай құжаттарымен жалпы жиналыстың ерекше құзыретіне сол сияқты басқа мәселелерді шешу де жатқызылуы мүмкін.
Жалпы жиналыстың өзінің ерекше құзыретіне жатқызылған мәселелерді кооперативтің атқарушы органдарына шешуін бере алмайды.
Кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы кезекті және кезектен тыс болуы мүмкін.
Кезекті жалпы жиналыс кооператив басқармасы (кооператив төрағасы) белгілеген мерзімде өткізіледі, бірақ бұл кезекті қаржылық жыл аяқталғаннан кейін үш айдан кешіктірілмеуі керек.
Кооператив мүшелерінің кезекті жалпы жиналысы:
кооперативтің жылдық есебі мен бухгалтерлік баланстарын, оның пайдасы мен шығынын бөлуді бекітеді;
тексеру комиссиясының есебін бекітеді;
кооператив басқармасының (кооператив төрағасының) есебін тыңдайды;
«Өндірістік кооператив туралы» Заңға сәйкес қарастыруы үшін ұсынылған кооператив қызметінің басқа да мәселелерін шешеді.
Жалпы жиналыс, егер оған кооператив мүшелерінің немесе олардың сенімді өкілдерінің жартысынан көбі қатысып отырған болса құқықтық қабілетті болып саналады.
Жалпы жиналыс жұмысының уақыт тәртібі мен дауыс берудің (ашық және құпия) тәртібі кооператив мүшелерінің жалпы жиналысымен анықталады.
Кооперативтің әрбір мүшесі жалпы жиналыстың шешімді қабылдауы кезінде өз пайының көлеміне қарамастан бір дауысқа ие болады.
Жалпы жиналыстың шешімі, егер оған қатысып отырған кооператив мүшелерінің немесе олардың сенімді өкілдерінің жартысынан көбі жақтап дауыс берсе қабылданған болып саналады.
Кооперативтің жарғысын өзгерту; қосымша үлестік жарналарды ендіру туралы; кооперативтің мүшелігіне қабылдау және шығару; кооперативті қайта құру және тарату туралы мәселелер бойынша шешім егер оған кооперативтің барлық мүшелерінің үштен екісінен кем болмайтыны жақтап дауыс берсе қабылданған болып саналады.
Кооперативті шаруашылық серіктестік түріпде қайта қүру бірауыздаи қабылдаиған шешімнің негізінде жүргізіледі.
Кооперативтің жарғысы мен шешімі білікті көпшілік дауыспен немесе бірауыздан қабылданатын мәселелер анықталуы мүмкін.
Мүшеліктен шығарылуы туралы мәселе қарастырылып отырған кооперативтің мүшесі дауыс беруге қатыстырылмайды.
Өндірістік кооперативте бақылаушы кеңес құрылуы мүмкін, ол кооперативтің атқарушы органының қызметіне бақылауды жүзеге асырады.
Кооперативтің мүшелері ғана бақылаушы кеңес мүшелері бола алады.
Байқаушы кеңестің мүшелері кооператив мүшелерінің жалпы жиналысында сайланады. Бақылаушы кеңестің құрамы, жұмыс істеу мерзімі және құзыреті кооператив жарғысымен белгіленеді. Байқаушы кеңестің мүшесі бір мезгілде басқарма мүшесі не кооперативтің төрағасы бола алмайды.
Кооператив жарғысында байқаушы кеңестің құзыретіне кооператив басқармасының (кооператив төрағасының) есеп беруін мерзімдік тыңдау, атқарушы органның лауазымды тұлғаларын тағайындауға келісімін беру, жарғымен белгіленген мөлшерлерден асатын сомаға мәмілелерді алдын ала мақұлдау, кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы шешімдері орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыру жатады.
Байқаушы кеңестің ерекше құзыретіне жатқызылған мәселелерді кооперативтің атқарушы органдары шешу бере алмайды.
Байқаушы кеңес мүшелерінің өндірістік кооператив атынан іс әрекет етуге құқығы жоқ.
Кооперативте тексеру комиссиясы құрылуы мүмкін, ол кооперативтің атқарушы органының қаржылық қызметін бақылауды жүзеге асырады. Кооперативтің мүшелері ғана тексеру комиссиясының мүшелері бола алады. Тексеру комиссиясының мүшелері кооператив мүшелерінің байқаушы кеңесінің және атқарушы органының мүшелері бола алмайды.
Тексеру комиссиясының мүшелері кооператив мүшелерінің жалпы жиналысында сайланады. Тексеру комиссиясының құрамы, жұмыс істеу мерзімі және құзыреті кооперативтің жарғысымен анықталады. Кооперативтің құрылтай құжаттары тексеру комиссиясының орнына кооперативтің тексерушісін сайлауды көздеуі мүмкін.
Кооперативтің тексеру комиссиясы (тексерушісі) кооператив мүшелерінің жалпы жиналысына кооперативтің жылдық есеп беруі мен бухгалтерлік баланстарының растығы туралы қорытындыны ұсынады.
Тексеру комиссиясы кооперативтің, байқаушы кеңесінің тапсыруымен, өзінің бастамасы бойынша немесе кооператив мүшелерінің он пайызынан кем болмайтындарының талабы бойынша тексеруді жүзеге асыруы мүмкін.
Тексеру комиссиясы кооперативтің қаржылық құжаттамасымен танысуға құқылы.
Басқарма және (немесе) оның төрағасы кооперативтің атқарушы органы болып табылады.
Кооперативтің басқармасын жалпы жиналыспен басқарма мүшелерінің қатарынан сайланатын басқарма төрағасы басқарады.
Мүшелерінің саны жиырма адамнан аспайтын кооперативтерде басқарманың міндетін атқаруды кооперативтің төрағасына жүктеуге рұқсат беріледі.
Кооператив басқармасының мүшелері (кооперативтің төрағасы) кооператив мүшелерінің жалпы жиналысында сайланады.
Басқармасының мүшелерінің саны, сонымен бірге басқарма (басқарманың төрағасы) сайланатын мерзім кооперативтің жарғысымен анықталады.
Кооперативтің мүшелері ғана басқарманың мүшелері (кооперативтің төрағасы) бола алады.
Басқарманың мүшесі (кооперативтің төрағасы) бір уақытта байқаушы кеңестің мүшесі бола алмайды.
Кооперативтің басқармасы (кооперативтің төрағасы) кооперативтің қызметіне ағымдағы басшылықты жүзеге асырады, байқаушы кеңестің қадағалауында болады және кооператив мүшелерінің жалпы жиналысына есеп береді.
Кооператив басқармасының (кооператив төрағасының) құзыретіне осы Заңмен және кооперативтің құрылтай құжаттарымен жалпы жиналыстың немесе кооперативтің байқаушы кеңесінің ерекше құзыретіне жатқызылмаған кооператив қызметінің барлық мәселелерін шешу жатады.
Басқарма өзінің шешімдерін үш айда бір реттен кем өткізілмейтін отырыстарында қабылдайды.
Басқарманың отырысы, егер оған басқарма мүшелерінің жартысынан көбі қатысып отырған болса ол құқылы болып саналады.
Басқарманың отырысындағы мәселелер дауыс берумен шешіледі. Басқарманың шешімі, егер оған басқарма мүшелерінің отырысына қатысып отырғандардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданған болып саналады. егер «жақтап» және «қарсы» берген дауыстар тең болып бөлінген жағдайда, басқарма төрағасының даусы шешуші дауыс болып саналады.
Кооператив жарғысында көпшілік дауыспен немесе бір ауыздан шешім қабылданатын мәселелер тобы көзделуі мүмкін.
Басқарма төрағасы (кооператив төрағасы) кооператив атынан сенімхатсыз әрекет жасайды; заңда қаралған шектерде кооперативтің мүлкіпе басшылық жасайды және кооперативтің атынан сенімхаттарды, сонымен бірге қайта сенімділік беру құқығымен сенімхаттарды да береді; банктерде және басқа да кредит беруші ұйымдарда шоттарды ашады; жалданбалы жұмыскерлерді жұмысқа қабылдау мен жұмыстан босатуды жүзеге асырады; өзінің құзыретінің шегінде кооперативтің мүшелері мен жалдамалы қызметкерлері үшін орындалуы міндетті бұйрықтарды шығарады және нұсқауларды береді.
Ауыл шаруашылық тұтыну кооперативтерінің құқықтық жағдайы.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 108-бабында көрсетілген барлық коммерциялық емес ауылшаруашылық ұйымдарының ішінде ауыл шаруашылықта кең ауқымда таратылған ауылшаруашылық тұтыну кооперативі мен олардың ассоциациялары (одақтары) болып табылады.
Ауыл тұтыну кооперативінің құқықтық жағдайы 1999 жылғы 21 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Ауыл тұтыну кооперациялары туралы» Заңында реттелген.
Азаматтар ауыл тұтыну кооперативінің құрылтай жиналысын өткізуге және онда қарастырылатын құжаттардың жобасын дайындау үшін ынталы топтар құра алады.
Ауыл тұтыну кооперативінің құрылтай жиналысы мынадай сұрақтарды шешеді
— ауыл тұтыну кооперативін құру, оның фирмалық атауы мен тұрғылықты жері туралы шешім қабылдайды;
— үлес қосушылардың өтініші бойынша тізімі бекітіледі, өтініште олардың тегі, аты, әкесінің аты, жеке басты куәландыратын құжат бойынша мәліметтер, сонымен қатар заңды тұлғаның тұратын жері көрсетілуі тиіс.
- кооператив қызметінің пәні мен мақсатын анықтайды.
- мүліктік (үлестік) жарналардың құрамын, мөлшерін және енгізу мерзімін белгілейді;
-ауыл тұтыну кооперативінің жарғысын бекітеді;
-атқарушы, бақылаушы және басқа да органдарын сайлайды.
— ауыл тұтыну кооперативін мемлекеттік тіркеуден өткізу тәртібі, мерзімін және оған жауапты тұлғаларды белгілейді;
— ауыл тұтыну кооперативін құруға байланысты басқа да сұрақтарды шешеді.
Ауыл тұтыну кооперативінің құрылтай жиналысының шешімі хаттамасымен рәсімделеді. Құрылтай жиналысының хаттамасына төрағаның және хатшының қолдары қойылған.
Ауыл тұтыну кооперативінің жарғысына қосымша үлес қосушылардың аты-жөндері, тұрғылықты жері және жеке басын куәландыратын құжат бойынша құжат мәліметтері бекітіледі.
Ауыл тұтыну кооперативінің жарғысында Қазақстан Республикасы Заңдарына қайшы келмейтін өзге де ережелер бекітілуі мүмкін.
Ауыл тұтыну кооперативінің жарғысына енгізілген өзгертулер жалпы жиналыстың шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Кооператив жарғысына өзгертулер мен толықтырулар тиісті мемлекеттік органда тіркеледі.
Ауыл тұтыну кооперативін мемлекеттік тіркеу заңды тұлғаларды тіркеу туралы заңнамаларда көрсетілген тәртіп бойынша әділет органдарында жүзеге асырылады.
Ауыл тұтыну кооперативіне мүше (үлес қосушы) ретінде 18 жасқа толған азаматтар және заңды тұлғалар бола алады.
Азаматтар мен заңды тұлғалар бірнеше ауыл тұтыну кооперативтерінің мүшесі бола алады.
Ауыл тұтыну кооперативінің мүшесінің саны — екеуден кем болмауы керек, ал мүшелерінің саны шектелмейді.
Ауыл тұтыну кооперативіне жаңа мүшелерді қабылдау заңда көзделген тәртіп негізінде және ауыл тұтыну кооперативінің Жарғысы негізінде кооперативтің атқарушы органының шешімімен рәсімделеді;
Ауыл тұтыну кооперативіне мүше болуға ниет білдірген азаматтар мен заңды тұлғалар кооперативінің атқарушы органына мүшелікке қабылдау туралы жазбаша түрде өтініш береді. — Өтініште азаматтың аты-жөні, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтері, заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері көрсетілуі тиіс.
Кооператив мүшелікке қабылдау туралы өтініш ауыл тұтыну кооперативінің атқарушы органымен 10 күн ішінде қаралуы керек.
Кооператив құрылғаннан кейін оның мүлігіне үлестік құқығы бар үшінші жақтар кооператив мүшелікке қабылдануға бірінші кезекте құқылы болып табылады.
Егерде кооператив мүшесі қайтыс болса, онда оның мұрагерлері мүшелікке бірінші кезекте қабыдануға құқылы.
Ауыл тұтыну кооперативі мүшелерінің мынадай құқықтары бар:
— кооператив мүшелігіне ерікті түрде кіріп, одан шыға алады;
— кооператив қызметіне қатысуға, кооперативтің органдарына сайлануға және сайлауға, кооператив қызметінің жақсаруына ұсыныстар жасауға, кемшіліктерін жоюға қатысуға;
— басқа азаматтар мен заңды тұлғаларға қарағанда ауыл тұтыну кооперативі тауарларын алуға артықшылық құқыққа иеленуге;
— ауыл тұтыну кооперативі жалпы жиналысы мен үлес қосушыларға берілген жеңілдіктерді пайдалануға;
— ауыл тұтыну кооперативінің атқарушы, бақылаушы және басқа да органдарынан олардың қызметі туралы мәліметтер алуға;
-кооперативтің атқарушы, бақылаумен және басқа да органдарының заңға қайшы әрекеттері болса жалпы жиналысқа шағымдануға;
— кооперативтің атқарушы, бақылаушы және басқа да органдардың өздерінің мүдделеріне қатысты шешімдеріне сот арқылы шағымдануға;
-кооператив өз жұмысын тоқтатқан кезде өз қосқан үлесіне тең көлемде мүлігін қайтарып алуға тиіс.
Ауыл тұтыну кооперативі Жарғысында Қазақстан Республикасы заңдарына қайшы келмейтін мүшелердің басқа да құқықтары көрсетілуі мүмкін.
Ауыл тұтыну кооперативі мүшелерінің міндеттері:
-ауыл тұтыну кооперативінің Жарғысын сақтау;
— кооператив жалпы жиналысының, атқарушы бақылаушы және де органдардың шешімін орындау;
— кооператив Жарғысы бойынша өзіне бекітілген міндеттсмелерін орындау;
— кооперативтің Жарғысымен бекітілген мүліктік (үлестік) жарнасын уақытында, өз мөлшерінде, тәртіп бойынша төлеу.
Ауыл тұтыну кооперативінің Жарғысында Қазақстан Рсспубликасы заңдарында қайшы келмейтін мүшелерінің басқа да міндеттері бекітілуі мүмкін.
Ауыл тұтыну кооперативіндегі мүшеліктің тоқтатылу негіздері:
-үлес қосушының өз еркімен шығуы;
-кооперативпен шығарылған кезде;
-кооператив мүлігіндегі үлесіне өз құқығын жоғалтқанда;
-үлес қосушының қайтыс болуы;
-кооперативтің жойылуы.
Ауыл тұтыну кооперативінде мүшелігінің аяқталуы туралы кооперативтің атқарушы органы хабарлауы тиіс.
Заңға сәйкес өз еркімен кооперативтен шыққан мүшесі өзінің қосқан үлесіне тең мүлігін қайтарып алады.
Кооперативпен өз еркімен шығуы туралы өтініш кооперативтің атқарушы органмен 10 күн ішінде қаралуға жатады.
Ауыл тұтыну кооперативі мүшелігінен шығу жарғыға сәйкес жүзеге асырылады.
Кооперативтің қызметіне нұқсат келтірсе, өз әрекеттерімен шығын келтірсе, өз міндеттемелерін дұрыс орындамағаны үшін мүшеліктен шығару үшін жалпы жиналыстың шешімі болуы керек. ол туралы жазбаша түрде 10 күн бұрын хабарлауы керек.
Кооператив мүшелігінен шығарылған үлес қосушыға өз үлесіне тең мүлігі қайтарылып беріледі.
Кооператив мүшелігінен шығару туралы жалпы жиналыстың шешімін сот тәртібімен шағындалуға жатады.
Ауыл тұтыну кооперативінде мүліктік үлесіне құқығын жоғалтқан үлес қосушы өз мүшелігін тоқтатады.
Үлес қосушы өз үлесіне құқығын жоғалтқан кезінде кооперативтің атқарушы органына хабарлайды.
Ауыл тұтыну кооперативінің мүшесі болып табылатын үлес қосушы қайтыс болған кезде оның мүшелігі тоқтатылады.
Кооперативтің атқарушы органы қайтыс болған мүшесінің үлесін өз қосқан үлесіне тең көлемде оның мұрагерлеріне тапсырады.
Ауыл тұтыну кооперативінің жабылуы барлық үлес қосушылардың мүшелігі тоқтатуға әкеп соғады, бірақ, бұл кезде де олар өз үлестсрін қайтаруға құқылы.
Ауыл тұтыну кооперативін басқару.
Жалпы жиналыс — кезекті немесе кезектен тыс шақырылады.
Ауыл тұтыну кооперативінің мүшесі жалпы жиналысқа тікелей өзі немесе өкілі қатыса алады кооператив мүшелерінің өкілдері ретінде кооперативтің атқарушы, бақылаушы және басқа да органдардың мүшелері бола алмайды. Өкілдер әр уақытта да сенімхат арқылы қатысады.
Әрбір үлес қосушы немесе оның өкілі жалпы жиналыста бір дауысқа шешіледі.
Кооперативтік учаскелср — ауыл тұтыну кооперативінің жарғысында көрсетілген қызмет аясында ғана сұрақтарды шешуге байланысты негізгі бөлігі.
Кооперативтік учаскенің жоғарғы органы болып, осы учаскенің үлес қосушыларының жалпы жиналысы табылады.
Кооператив учаскелерінің жалпы жиналысында ауыл тұтыну кооперативі мен кооперативтік учаске қызметінің мәселелсрі қаралады, сондай-ақ селоның тұтыну кооперативі уәкілдерінің жалпы жиналысына қатысу үшін селолық ауыл тұтыну кооперативінің жарғысында бслгіленген тәртіппен және өкілдік нормалары бойынша уәкілдер сайланады.
Селолық тұтыну кооперативінің кооперативтік учаскесі пайшыларының жиналысы, егер оған селолық тұтыну кооперативінің кооперативтік учаскесі пайшыларының жартысынан астамы қатысса, заңды болып табылады.
Кооперативтік учаске пайшылары жиналысының шешімі, егер оны кооперативтік учаске пайшыларының жиналысына қатысушы пайшылардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
Селолық тұтыну кооперативі кооперативтік учаскесінің пайшылары жиналыстарының қоғамдастыққа (одаққа) кіру және одан шығу, селолық тұтыну кооперативін қайта ұйымдастыру мен тарату туралы шешімдері селолық тұтыну кооперативі уәкілдерінің жалпы жиналысы үшін міндетті болып табылады. Селолық тұтыну кооперативі кооперативтік учаскесінің пайшылары жиналыстарының басқа мәселелер жөніндегі шешімдері селолық тұтыну коперативі уәкілдерінің жалпы жиналысында шешімдер қабылдаған кезде уәкілдер үшін міндетті болып табылады.
Селолық тұтыну кооперативі кооперативтік учаскесінің пайшылары жалпы жиналысының шешімдер қабылдау тәртібін (жасырын немесе ашық дауыс беру арқылы) сол жиналыс белгілейді.
Пайшының немесе оның өкілінің селолық тұтыну кооперативі кооперативтік учаскесінің пайшылары жалпы жиналысының шешімін қабылдаған кезде бір дауысы болады.
Кооперативтік учаске пайшыларының жалпы жиналысында сайланған селолық тұтыну кооперативінің уәкіліне селолық тұтыну кооперативінің жарғысымен белгіленген өкілеттік беріледі.
Уәкілдердің селолық тұтыну кооперативі уәкілдерінің жиналысына қатысуына кооперативтік учаске пайшылары жалпы жиналысының жиналыс төрағасы мен хатшы қол қойған, нотариат куәландырған хаттамасының көшірмесі болған жағдайда жол беріледі.
Селолық тұтыну кооперативінің уәкілі селолық тұтыну кооперативі мен кооперативтік учаске пайшыларының арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Ол кооперативтік учаскенің қызметін ұйымдастыру және селолық тұтыну кооперативінің уәкілдері жиналысының шешімдерін кооперативтік учаске пайшыларының назарына жеткізіп отырады.
Селолық тұтыну кооперативі жалпы жиналысының (уәкілдер жиналысының) құзыреті селолық тұтыну кооперативінің жарғысына сәйкес белгіленеді.
Жалпы жиналыстың (уәкілдер жиналысының) айрықша құзыретіне мыналар жатады:
— селолық тұтыну кооперативінің жарғысын өзгерту, оның ішінде мүліктік (пайлық) жарнаның мөлшерін, орналасқан жері мен фирмалық атауын өзгерту немесе кооперативтің жарғысын жаңа редакцияда бекіту;
-кооператив қызметінің негізгі бағыттарын белгілеу;
-селолық тұтыну кооперативінің атқарушы, бақылаушы және өзге де органдардың басшысы мен мүшелерін сайлау, олардың өкілеттігін доғару, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, оларды ұстауға арналған қаражаттың мөлшерін анықтау;
-пайшыларды селолық тұтыну кооперативінен шығару;
-селолық тұтыну кооперативінің ішкі қызметін реттеп отыратын ішкі ережелерді, оларды қабылдау рәсімін және баска құжаттарды бекіту;
-қауымдық (одақ) құру, қауымдастыққа (одаққа) кіру және одан шығу туралы мәселелері шешу, сондай-ақ қауымдастықтың (одақтың) бнлгілі бір өкілеттігін беру;
-селолық тұтыну кооперативінің қауымдастықтағы (одақтағы) өкілдерін сайлау;
— селолық тұтыну кооперативінің қауымдастықтағы (одақтағы) өкілдеріне азаматтар әзірлеу;
— жылдық қаржы есептерін, тексеру комиссиясының (реви-ордың) есебін бекіту;
-селолық тұтыну кооперативі шеккен зиянды отеу тәртібі;
— селолық тұтыну кооперативі қорларының түрлері мен құрылу және жұмсау тәртібін белгілеу;
— селолық тұтыну кооперативінің құны селолық тұтыну кооперативінің жарғысында белгіленген күннан асып түсетін жылжымайтын мүлкін иеліктен айыру;
— шаруашылық серіктестіктерін құру және оларға қатысу;
-селолық тұтыну кооперативін қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімдер қабылдау;
—тарату комиссиясының балансын бекіту.
Егер селолық тұтыну кооперативінің жарғысында өзгеше көзделмесе, жалпы жиналыс (уәкілдер жиналысы) өзінің айрықша құзыретіне жатпайтын өкілеттікті кооперативтің атқарушы органына беруге құқылы.
Селолық тұтыну кооперативі жалпы жиналысының (уәкілдер жиналысының) селолық тұтыну кооперативінің атқарушы, бақылаушы және өзге де органдарының шешімдерін қуаттау немесе олардың күшін жою жөніндегі мәселелерді өз қарауына алуға құқығы бар.
Селолық тұтыну кооперативінің жалпы жиналысы (уәкілдер жиналысы) кооператив қызметіне байланысты кез келген мәселені қарауға қабылдауға құқылы.
Селолық тұтыну кооперативінің кезекті жалпы жиналысын (уәкілдер жиналысын) селолық тұтыну кооперативінің жарғысында белгіленген мерзімде, бірақ жылына кемінде бір рет кооперативтің атқарушы органы шақырады.
Селолық тұтыну кооперативінің жылдық қаржы есебін бекітуге арналған жиналыс есепті қаржы жылы аяқталғаннан кейін үш айдан кешіктірілмей өткізілуге тиіс.
Селолық тұтыну кооперативінің кезектен тыс (төтенше) жалпы жиналысы (уәкілдер жиналысы) кооперативтің жарғысында көзделген жағдайларда, сондай-ақ мұндай жиналыс шақыруды кооперативтің мүддесі талап еткен өзге де кез келген жағдайларда шақырылады.
Егер селолық тұтыну кооперативінің жалпы жиналысына (уәкілдер жиналысына) қатысушы пайшылар (уәкілдер) және олардың өкілдері селолық тұтыну кооперативі мүшелерінің жартысынан астамынан өкіл болса, ол заңды деп танылады. Күн тәртібіне енгізілген мәселе бойынша шешім білікті көпшілік дауыспен қабылдануға тиіс болған жағдайда, егер жиналысқа қатысушы пайшылар (уәкілдер) және олардың өкілдері селолық тұтыну кооперативі мүшелерінің үштен екісі өкіл болса, ол шешім қабылдауға құқылы.
Кворум болмаған жағдайда селолық тұтыну кооперативінің жалпы жиналысын (уәкілдер жиналысын) бастапқы жалпы жиналыстың ететін күйі белгіленгеннен кейінгі күннен ерте қайталап өткізуге болмайды.
Қайталап шақырылған жиналыс селолық тұтыну кооперативі пайшыларының (уәкілдерінің) немесе олардың өкілдерінің жалпы санының үштен бірі болғанда заңды болып табылады. егер қатысушы пайшылар (уәкілдер) және олардың өкілдері селолық тұтыну кооперативі мүшелерінің жартысынан кемінің өкілі болса, мұндай жиналыс білікті көпшілік дауысты талап етпейтін мәселелер бойынша ғана шешім қабылдауға құқылы.
Жалпы жиналысты (уәкілдер жиналысын) ашушы адам жалпы жиналыста (уәкілдер жиналысында) төрағалық етушіні және оның хатшысын сайлауды жүргізеді, шешім қатысушылар санының жай көпшілік дауысымен қабылданады.
Күн тәртібінде енгізілген мәселелерді талқылау басталғанға дейін жалпы жиналыс (уәкілдер жиналысы) кворумды анықтап алуға міндетті. Бұл талапты орындамау жалпы жиналыста (уәкілдер жиналысында) кворумның бар екендігін анықтағанға дейін қабылданған барлық шешімдердің жарамсыз болуына әкеп соғады. Селолық тұтыну кооперативі жалпы жиналысының (уәкілдер жиналысының) шешімі, егер кооператив жарғысында немесе кооперативтің ішкі қызметін реттейтін ережелер мен өзге де құжаттарда жасырын дауыс беру көзделмесе, ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Селолық тұтыну кооперативінің атқарушы органы кооператив қызметіне ағымды басшылық жасау мен оның істерін жүргізуді жүзеге асырады және селолық тұтыну кооперативінің жалпы жиналысына (уәкілдер жиналысына) есеп береді.
Селолық тұтыну кооперативі атқарушы органның мүшелері жарғыда белгіленген құрам мен мерзімге сайланады және міндеттерін (өкілеттігін) атқарудан кооперативтің жалпы жиналысының (уәкілдер жиналысының) шешімі бойынша кез келген уақытта босатылуы мүмкін.
Кооперативтің атқарушы органына сол кооперативтің пайшылары ғана мүше бола алады.
Атқарушы органның жұмысы мен шешімдер қабылдау тәртібі селолық тұтыну кооперативінің жарғысымен белгіленеді.
Селолық тұтыну кооперативі атқарушы органның құзыретіне кооперативтің жарғысымен немесе жалпы жиналыста (уәкілдер жиналысында) қабылданған ережелермен және өзге де құжаттармен белгіленген, жалпы жиналыстың (уәкілдер жииалысының) құзыретіне жатпайтын кооператив қызметін қамтамасыз етудің барлық мәселелері жатады.
Селолық тұтыну кооперативі атқарушы органның қаржы шаруашылық қызметіне бақылау жасауды жүзсге асыру үшін кооператив пайшыларының арасынан тексеру комиссиясы құрылуы мүмкін.
Тексеру комиссиясының міндеттерін орындау жеке тексеруші ретінде кооператив пайшыларының біріне тапсырылуы мүмкін.
Селолық тұтыну кооперативі жалпы жұрттың мағлұмат алуы үшін тиісті жылға арналған қаржы есебін жариялап отыруға міндетті.
Селолық тұтыну кооперативін қайта ұйымдастыру (қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару) кооперативтің жалпы жиналысының (уәкілдер жиналысының) шешімі бойынша ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Кооператив пайшыларының құрамын үлестен айыру немесе өзгеше өзгерту селолық тұтыну кооперативін қайта ұйымдастыру болып табылмайды21.
Заң актілерімен белгіленген жағдайларда, селолық тұтыну кооперативін оны бөлу немесе оның құрамынан бір немесе бірнеше кооперативті бөліп шығару нысанында мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру сот шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Селолық тұтыну кооперативін заңды тұлғалардың басқа түрлері мен нысандарында қайта құруға болмайды.
Селолық тұтыну кооперативін бөлу, бөліп шығару нәтижесінде пайда болған селолық тұтыну коопсративтері жаңа кооперативтер тіркелген кезден бастап бір жыл ішінде оның міндеттемелері бойынша бірлесіп жауапты болады.
Селолық тұтыну коопсративі оның жалпы жиналысының шешімі бойынша немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот шешімі бойынша таратылуы мүмкін.
Селолық тұтыну кооперациясы жүйесіндегі қауымдастықтар (одақтар) ерікті негізінде және, әдетте, аумақтық белгісі бойынша құрылады.
Қауымдастықтар (одақтар) коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және жарғы мен құрылтай шартының негізінде жұмыс істейді.
Қауымдастықтар (одақтар) өз мүшелерінің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады, сондай-ақ олардың жалпы мүліктік мүдделерін білдіреді және қорғайды.
Қауымдастықтар (одақтар) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін, құрылтай шартында немесе жарғыда көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға құқылы.
Қауымдастықтардың (одақтардың) мүшелері дербестігін және заңды тұлға құқығын сақтайды.
Қауымдастықтардың (одақтардың) мақсаттары мен міндеттерін бөлісетін басқа заңды тұлғалар да олардың мүшелері бола алады.
Қауымдастықтар (одақтар) өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қауымдастықтардың (одақтардың) мүшелері өз міндеттемелері бойынша құрылтай құжаттарында көзделген мөлшер мен тәртіпте субсидиарлық жауапты болады.
Қауымдастықтар (одақтар) өздерінің жарғылық мақсаттарына сәйкес келетін мөлшерде ғана кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады. Қауымдастықтардың (одақтардың) кәсіпкерлік қызметінен алынатын табыс шығындарды жабуға және қауымдастық (одақтардың) жарғылық қызметін жүзеге асыруға жұмсалады.
Қауымдастықтар (одақтар) қауымдастықтың (одақтың) құрылтай шарты мен жарғысында көзделген өкілеттікті жүзеге асыруға құқылы.
Қауымдастықты (одақты) құру тәртібі құрылтай шартымен белгіленеді.
Қауымдастықты (одақты) құру туралы шешімді оның құрылтай жиналысы қабылдайды, ол қауымдастыққа (одаққа) кіру туралы арыздар негізінде оның мүшелерінің тізімі мен қауымдастықтың (одақтың) жарғысын бекітеді.
Құрылтай жиналысы қауымдастықтың (одақтың) органдарын:
— қауымдастықтың (одақтың) атқарушы органын — басқармасын;
— қауымдастықтың (одақтың) атқарушы органының төрағасын;
— қауымдастықтың (одақтың) тексеру комиссиясын (ревизорын) сайлайды;
— қауымдастық (одақтың) жарғысында мыналар болуға тиіс:
— қауымдастықтың (одақтың) атауы;
— қауымдастықтың (одақтың) орналасқан жері;
— қауымдастықтың (одақтың) қызметінің мәні мен мақсаты және оның өкілеттігі;
— қауымдастыққа (одаққа) кіру тәртібі;
— қауымдастықтан (одақтан) шығу немесе шығарылу тәртібі;
— қауымдастықтың (одақтың) органдарын сайлау тәртібі, олардың құрымы мен құзыреті;
— қауымдастықтың (одақтың) органдарының шешімдері, оның ішінде бірауыздан немесе білікті көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау тәртібі;
— қауымдастықтың (одақтың) филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер;
— қауымдастықты (одақты) қайта ұйымдастыру мен тарату тәртібі;
— қауымдастық (одақ) таратылғаннан кейін қалған мүлікті бөлу тәртібі;
— заңға қайшы келмейтін басқа да ережелер;
Қауымдастық (одақ) заңдарда белгіленген тәртіппен оны мемлекеттік тіркеуден өткізген кезден бастап құрылған болып есептеледі.
Қауымдастық (одақ) пен оның мүшелері арасындағы өзара қатынастар жарғымен, кұрылтай шартымен және келісімдермен белгіленеді.
Қауымдастықты (одақты) басқаруды қауымдастық (одақ) мүшелері өкілдерінің жалпы жиналысы және қауымдастықтың (одақтың) атқарушы органы жүзеге асырады.
Қауымдастықтың (одақтың) жоғары органы қауымдастық (одақ) мүшелері өкілдерінің жалпы жиналысы болып табылады. Қауымдастыққа (одаққа) мүшелерінің өкілдік нормасы кауымдастық (одақ) мүшелері өкілдерінің жалпы жиналысы қабылдап, бекіткен қауымдастық (одақ) жарғысымен белгіленеді. Өкілдік нормасын ұлғайту туралы шешімді қауымдастықтың (одақтың) атқарушы органы қабылдап, оны кейіннен қауымдастық (одақ) мүшелері өкілдерінің жалпы жиналысы бекітеді. Өкілдік нормаларын қауымдастықтың (одақтың) жарғысында аталған нормалардан кемітуге жол берілмейді.
Қауымдастықтың (одақтың) атқарушы органы қауымдастықтың (одақтың) басқармасы болып табылады.
Қауымдастыктың (одақтың) тексеру комиссиясы (ревизоры) қауымдастықтың (одақтың) бақылаушы органы болып табылады.
Қауымдастық (одақ) басқармасы қауымдастықтың (одақтың) атқарушы басқару органы болып табылады және қауымдастық (одақ) мүшелері өкілдерінің жалпы жиналысына есеп береді. Қауымдастық (одақ) мүшелері өкілдері жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылған өкілеттікті қоспағанда, басқарма және қауымдастық (одақ) жарғысымен белгіленген өкілеттікті жүзеге асырады.
Қауымдастық (одақ) басқармасының құзыретіне:
-қауымдастықтың (одақтың) жалпы қызметіне басшылық жасау;
— мемлекеттік және өзге де органдарда, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда қауымдастықтың (одақтың) өкілдігін жүзегс асыру;
— қауымдастық (одақ) мүшелері өкілдерінің жалпы жиналыстарын әзірлеу және өткізу;
— қауымдастық (одақ) мүшелері өкілдерінің жалпы жиналысына өкілдердің жалпы жиналыстары арасындағы кезеңдегі қауымдастық (одақ) жұмысы туралы есепті табыс ету;
— қауымдастық (одақ) басқармасы төрағасының орынбасарларын, сондай-ақ мекемелер мен басқа да құрылымдық бөлімшелердің басшыларын тағайындау және қызметтен босату;
— қауымдастықтың (одақтың) еңбек, материалдық және қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
— шаруашылық серіктестіктерін, мекемелерді, оқшауланған құрылымдық бөлімшелерді, соның ішінде филиалдарды құру туралы, сондай-ақ шаруашылық серіктестіктерге немесе басқа да заңды тұлғаларға қатысу туралы шешімдер қабылдау;
-бюджетті және қауымдастықтың (одақтың) қорлары туралы ережелерді қауымдастық (одақ) мүшелері өкілдері жалпы жиналысының бекітуіне табыс ету;
-шарттар жасасуға сенімхаттар беру;
-қауымдастықтың (одақтың) жарғысында белгіленген өзге де өкілеттік жатады.
Қауымдастық (одақ) басқармасының отырысы қауымдастықтың (одақтың) жарғысында көзделген мерзімдерде, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі. Егер қауымдастық (одақ) басқармасының отырысына оның мүшелерінің кемінде жартысы, оның ішінде қауымдастық (одақ) басқармасының төрағасы немесе оның орынбасары қатысса, қауымдастықтың (одақтың) басқармасы мәселелерді шешуге өкілетті.
Қауымдастық (одақ) басқармасының төрағасы мен мүшелері қауымдастық (одақ) жарғысында белгіленген мерзімге сайламады. Қауымдастық (одақ) басқармасының төрағасы мен мүшелері қауымдастық (одақ) мүшелері өкілдері жалпы жиналысының шешімі бойынша міндеттерді (өкілеттікті) орындаудан кез келген уақытта босатылуы мүмкін. Қауымдастық (одақ) басқармасының мерзімінен бұрын сайланған төрағасы немесе мүшесі қауымдастық (одақ) басқармасының алдыңғы төрағасының немесе мүшесінің екілеттігі мерзіміне сайланады.
Қауымдастықтың (одақтың) жарғысында қауымдастық(одақ) басқармасы төрағасының және оның орынбасарының шешімдерді қабылдау тәртібі мен оларды ресімдеу тәртібі белгіленеді, сондай-ақ шешім жекедара қабылдануы мүмкін мәселелер айқыыдалады.
Қауымдастық (одақ) басқармасының төрағасы, оның орынбасарлары мен басқарманың басқа да мүшелері өздері қабылдаған шешімдері қауымдастық
тың (одақтың) жарғысына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Қауымдастық (одақ) басқармасының мүшелері қауымдастықтың (одақтың) тексеру комиссиясының мүшелері (ревизоры) бола алмайды.
Қауымдастықтың (одақтың) тексеру комиссиясы (ревизоры) қауымдастықтың (одақтың) қаржы-шаруашылық қызметін бақылайды және қауымдастық (одақ) мүшелері өкілдерінің жалпы жиналысына есеп береді. Қауымдастықтың (одақтың) тексеру комиссиясының мүшелері (ревизор) болып жалпы жиналыста олардың өкілдері арасынан қауымдастықтың (одақтың) мүшелері ғана сайлана алады.Қауымдастықты (одақты) қайта ұйымдастыру (қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, кайта құру) қауымдастық (одақ) мүшелері өкілдері жалпы жиналысының шешімі және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер бойынша жүзеге асырылады.
Қауымдастықты (одақты) қайта құру қауымдастық (одақ) мүшелерінің барлық өкілдерінің бірауызды шешімі бойынша жүргізіледі.
Қауымдастықты (одақты) тарату қауымдастық (одақ) мүшелері окілдері жалпы жиналысының шешімі немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де негіздер бойынша жүзеге асырылады.
Қауымдастық (одақ) мүшелері өкілдерінің жалпы жиналысы немесе қауымдастықты (одақты) тарату туралы шешім қабылдаған орган тарату комиссиясын (таратушыны) тағайындайды және қауымдастықты (одақты)таратудың тәртібі мен мерзімін белгілейді.
Қауымдастықты (одақты) тарату кезінде оның несие берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлкі қауымдастық (одақ) мүшелерінің арасында құрылтай шартында белгіленіп, енгізілген мүшелік жарналарына барабар бөлінеді.