Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу

Шетелдердегі ауыл шаруашылығының дамуының әлемдік тәжірибесі ауыл шаруашылығын дамытуды мемлекеттік реттеу тек қажеттілік емес, сонымен бірге заңдылық екенін көрсетті.

Агроөнеркәсіптік өндірісті дамытуды мемлекеттік реттеу дегеніміз мемлекеттің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, өңдеу және таратуға, агроөнеркәсіптік өндірісті өндірістік-техникалық қамтамасыз етуге және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге, Агроонеркәсіптік кешендегі кәсіпорындардың шаруашылық қызметін ұйымдастыруға нормативтік актілер шығару жолымен әсер ету, мемлекеттік билік органдарының ұйымдасқан қызметін жүзегс асыру және экономикалық әдіс арқылы реттеуді жүзеге асыратын ауыл шаруашылық органдардың жалпы құзыретін басқару.

Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеудің бір көрінісі ауыл шаруашылығы өндірісін басқару. Ауыл шаруашылығы өндірісін басқару дегеніміз ауыл шаруашылығы тауар өндірушілігінің және барлық ауыл тұрғындарының қолайлылығына қол жеткізу үшін мемлекеттің аграрлық саясатын жүзеге асыруға бағытталған және мемлекетпен жүргізілетін шаралар кешені.

Мемлекеттік реттеудің объектілері болып өндірістік-шаруашылық, әлеуметтік және олармен байланысты басқа да ауыл шаруашылығы қызметі саласындағы аграрлық қатынастар.

Мемлекеттік басқару мен мемлекеттік реттеудің арасында мақсатына байланысты айтарлықтай айырмашылықтар жоқ. Нақты алғанда мемлекеттің экономикалық және басқа процестерге әр түрлі қатысуы туралы айтылады.

Орталықтандырылған мемлекеттік басқару әміршілдік-әкімшілдік жүйедегі тоталитарлық мемлекетте болған.

Ауыл шаруашылығы өндірісін басқаруды ұйымдастыру мәселелері Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі дамуы үшін өзекті болып отыр.

Ерекше өзектілік меншік нысанының көптігіне байланысты.

Нарықтық экономика жағдайында өндіріске экономикалық әсср ету шаралары ғана қажет емес, сонымен қатар әкімшілік реттеу шаралары да қажет. Нарықтық экономикаға өту кезінде әкімшілік әдістерді алып тастап, оларды экономикалық әдіспен ауыстыру емес, екі әдісті де қолдану. Бірақ экономикалық әдісті әкімшілік әдістеп басымырақ үстау коріиеді.

Осыған орай, агроөнеркәсіптік өндірісті нормативтік-құқықтық реттеудің ролі арта түсуде.

Ғылыми әдебиеттерде мемлекеттік басқарудың түсінігіне әр түрлі көзқарастар бар. Мысалы, О.С. Колбасов экологиялық жүйені басқаруға байланысты, мемлекеттік басқару деп — нақты мемлекеттік органдардың ұйымдастыру қызметін түсіндіреді; Ю.С. Шемшучепко, басқару деп — басқарушы жүйенің (басқару субъектісіің) басқару жүйесіне (басқару объектісіне) әсер ету туралы ілім деп түсіндіреді; Г.В. Атаманчук мемлекеттің қоғамдық жүйеге ғылыми негізді, жоспарлы, үздіксіз, биліктік әсер етуі дсп түсіндіреді.

Бұл анықтамалар бұрынғы біздің мемлекетімізде болған әміршілдік-әкімшілдік жүйеге сәйкес келеді.

Көп ғалымдардың ойынша, бұл мөселені тау-кен құқығына қатысты талдаған Н.Б. Мухитдиновтың көзқарасы дұрыс. Ол мемлекеттің басқарушылық белсенділігін аньқтау үшін «әсер ету» деген терминнен кеңірск «атқарушылық билік ету қызметі» деген терминді қолданған дұрыс деп ойлайды. Оның дәлелі басқару тек қоғамдық қатынастардың қатысушыларының әсер ету ғана емес, сонымен олардың арасындағы байланысты реттейді деген ойға негізделген.

Экономиканың аграрлық секторын мемлекеттік реттеу және басқару Қазақстан Рсспубликасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы қабылданған «Қазақстан Рсспубликасының 2003-2005 жылдарға мемлекеттік ауыл шаруашылық азық-түлік бағдарламасында» анықталған мақсаттар мен міндеттерге тікелей байланысты. Онда мемлекеттік ауыл шаруашылық азық-түлік бағдарламасының негізгі мақсаты – агроөнеркәсіптік кешеннің ұтымды

жүйесін құру және бәсеке қабілетті өнім өндіруге негізделген Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету деп көрсетілгсн.

Бағдарламадағы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындау керек:

— елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

— агробизнестің ұтымды жүйесін құру;

— ауыл шаруашылығы өнімін сату мөлшерін арттыру және оның ішкі және сыртқы нарықта өңделуін арттыру;

— ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік қолдау шараларын арттыру.

Ауыл шаруашылығы азық-түлік бағдарламасының ұтымдылығын бағалау үшін агроонеркәсіптік кешеннің сапалық жағдайын анықтайтын критерийлер жүйесі пайдаланылады.

Агроөнеркәсіптік кешенде шешілуге тиісті міндеттср Қазақстан Рсспубликасының Президентімсн 2005 жылы 31 каңтарда өткен агроөнеркәсіптік кешен сұрақтары бойынша Республикалық жиында анықталды. Ондай негізгі міндеттер — ол.

Бірічшісі. Ауыл шаруашылығының өңдеуші секторын дамыту, яғни өнімді қымбат бағаға сатуға мүмкін болатындай етіп өңдеу. «Агроөнеркәсіптік кешен және ауылдық жерлерді дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заң шығаруға Парламентке ұсыныс жасау.

Екіншісі. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жәнс өңдеуде осыған қажетті қызметтерді топтастыруды көбірек пайдалану қажет. Ең алдымсн оны тамақ және тоқыма өнеркәсібінде қолдану. Әр аймақта мамандандырылған топтастыруларды дамыту бойынша шаралар кешенін жасау және қолдану.

Үшілшісі. Ауыл шаруашылығы өндірушілерді ақпараттық-маркетингтік кеңестік көмек көрсетуді кеңейту бойынша жұмыстарды күшсйту қажет.

Тортіншісі. Ауыл шаруашылығы өнімдсрінің және оларды өңдеу сапасыпың халықаралық стандарттарын енгізу, яғни экологиялық таза, қазіргі заманға сай технологияларға көшу.

Бесіпшісі. Фермерлер үшін өткізу нарығына және қайта өңдеуші кәсіпорындарға жол ашу.

Алтыншысы. Ауыл шаруашылығын несиелендірудің ұтымды әдістері мен нысандарын ойлап табу.

Жетіншісі. Ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға бағытталған шаралар кешенін қабылдау. Ауыл шаруашылығында еңбекті басқару және ұйымдастырудың жаңа әдістеріне үйрету бағдарламаларын жасау және қабылдау.

Сегізіншісі. Ауыл шаруашылығы ғылымын дамытуға артықшылық беру, ауыл шаруашылық ғылыми зерттеулер жүйесін жетілдіру.

Тогызыншысы. Үлкен және орташа ауыл шаруашылық өндірушілерінің көптеп пайдалануына қарамастан, жаңадан пайда болатындарына да дамуға мүмкіншілік беру.

Оныншысы. Ауылдағы мәдени бұқаралық бағыттағы әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту қажет. Ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту.

Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасыныц 2010 жылға дейінгі ауыл шаруашылығын дамыту стратегиясы туралы және 2010 жылға дейін ауыл шаруашылығы стратегиясын тарату бойынша шаралардың жоспары туралы» қаулысында анықталған. Онда аграрлық қатынастарды мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты шаруашылық субъектілеріне кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз бетінше шаруашылық жасауға, өзі өпдірген өніміне және одан түскен кіріске еркін билік етуге мүмкіндік беру.

Аграрлық қатынастарды мемлекеттік реттеу кезінде табиғи-климаттық факторлардың ор түрлілігін ескеру қажет. Ауыл шаруа-шылығы ондірісін сақтандыру бойынша, ауыл шаруаиылық онімі бағасыныц түрақсыздығын болдырмауға байланысты шаралар қабылдау қажет.

  1. Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу қағидалары

Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік басқару органдарының қызметі мемлекеттің аграрлық саясатын құрайтын белгілі бір бастамалардың негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттің белгілі бір мақсатқа жетуі үшін ішкі бірлігін, негізгі құрылымын, мәнін анықтайтын бастауы идеялар мемлекеттік басқарудың қағидалары деп аталады. Мемлекеттік басқарудың қағидалары қоғамның дамуының экономикалық жәнс әлеуметтік заңдылықтарымен анықталады және әдетте, олар әрекет етуші заңдарда көрсетіледі. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік басқарудың негізгі қағидалары Қазақстан Республикасының Конституциясында және аграрлық заңдарда козделген.

Ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік басқару қағидаларының ішінде кейбір ғалымдар әлеуметтік-саяси және ұйымдастырушылық қағидаларды бөліп қарайды.

Басқа ғалымдар қоғаммен келісушілік және саяси тұрақтылық; барлық халықтың мүддесі үшін экономикалық дамыту; қазақстандык патриотизм; мемлекеттік өмірдің маңызды сұрақтарын республикалық референдумдарда дауыс бере отырып, демократиялық әдіспен шешу қағидаларын бөліп карайды.

Профессор Б.Д. Клюкиннің ойынша, қайта құру процесінде мемлекеттік әсер ету қағидалары өзгереді. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу қағидалары мынадай болуы керек:

— мемлекет ішінде сыртқы экономикалык және салааралық қатынастарды ауыл шаруашылығына белгілі жеңілдіктер бекітетін аграрлық протекционизм қағидасы;

— реттеудің индикативті әдістерін пайдалану;

— әр түрлі деңгейде қабылданатын мақсатты бағдарламалардың орындалуына бакылаудың негізіндс бағдарламалық реттеу қағидасы;

— ауыл шаруашылығы өндірісін және агроөнеркәсіптік кешенді толығымен басым дамыту;

— ауыл шаруашылығы мен басқа экономиканың салалары арасындағы экономикалық сәйкестікті қолдау, ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің және онеркәсіп еңбеккерлерінің табыс деңгейін жақындастыру;

— агроонеркәсіптік өндіріс саласында отандық тауар өндірушілерді қорғау; мемлекеттік реттеуді экономикалық әдіске басымдық бере отырып жүзсге асыру;

— ауыл шаруашылық кәсіпорындарының қызметіне мемлекеттік және басқа да шаруашылық құрылымдардың тікелей араласуына жол

бермеу;

— ауыл шаруашылық косігюрыидарыныц ондірістік-шаруашылық қызметті өз бетінше жүзеге асыруына кепілдік бсру, т.б.

Аталған қағидалардың заңдық және конституциялық бекітілуі ең алдымен әкімшілдік-әміршілдік жүйеден бас тартуды көрсетеді.