Халықаралық жеке құқықтағы интеллектуалдық меншік

Интеллектуалдық меншік құқығының обьектілеріне:

  1. Интеллектуалдық қызметтің нәтижелері.
  2. Азаматтық айналымға қатысушыларды,тауарларды,жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру құралдары жатады.

Интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелеріне:

1.Ғылым ,әдебиет және өнер туындылары.

2.Орындау,фонограмма және хабар таратуды ұйымдастыру.

3.Өнертабыс,пайдалы үлгілер,өндірістік үлгілер.

4.Селекциялық жетістіктер..

5.Интегралды микросызба топологиялары.

6.ашылмаған ақпарат,оның ішінде өндіріс құпиялары(ноу-хау)

7.Азаматтық кодексте немесе өзге де заң актілерінде көзделген ретте интеллектуалдық шығармашылық қызметтің басқа да нәтижелері.

Азаматтық айналымға қатысушыларды тауарларды,жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру құралдарына:

1Фирмалық атаулар.

2.Тауарлық белгілер.

3Туар шығарылатын жерлердің атаулары(шығатын жерін көресету)

4.Азаматтық кодексте көзделген реттерде азаматтық айналымға қатысушылардың, тауарлар мен қызмет көрсетулердің басқа да дараландыру құралдары жатады.

Интеллектуалдық меншік обьектілеріне құқық оларды құру фактісінің күшімен ие Азаматтық кодексте немесе өзге де заң актісінде көзделген жағдайларда тәртіп бойынша уәкілетті мемлекеттік органның құқықтық қорғауды беруі нәтижесінен туындайды. Интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелерінің авторлары осы нәтижелерге қатысты және мүліктік емес және мүліктік құқықтарға ие болады.Жеке мүліктік емес құқықтар,оның мүліктік құқығына қарамастан,авторға тиесілі болады және оның мүліктік құқығы басқа тұлғаның интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижелеріне ауысқан жағдайда өзінде сақталып қалады. Азаматтық айналымға қатысушыларды тауарларды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру құралдарына арналған құқық іргелері осы құралдарға қатысты мүліктік құқықтарға ие болады. Интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижесінің авторы болып танылу құқығы (авторлық құқық) жеке мүліктік емес құқық болып табылады және оған шығармашылық еңбегімен интеллектуалдық шығармашылық еңбегімен интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижесін жасаған адам ғана ие болады. Авторлық құқықты иеліктен айыруға және басқа адамға беруге болмайды. Нәтиже екі немесе одан да көп адамның бірлескен авторлығымен жасалса олар тең авторлар болып табылады. Интеллектуалдық шығармашылық меншік обьектісін оның иесінің өз қалауы бойынша кез келген әдіспен пайдалануға мүліктік құқығы интеллектуалдық шығармашылық қызметтіңиесіне немесе дараландыру құралына айрықша құқық обьектісін басқа тұлғалардың пайдалануына тек құқық иесінің келісімімен ғана жол беріледі.Интеллектуалдық меншік обьектісіне айрықша құқықты иеленуші егер ол Азаматтық кодекстің және өзге де заң актілерінің ережелеріне қайшы келмесе,осы құқықты басқа адамға толық немесе ішінара беруге интеллектуалдық меншік обьектісін пайдалануға рұқсат етуге және оны өзгедей түрде пайдалануға құқылы. Айрықша құқықтарды шектеуге,осы құқықтарды жарамсыз деп тануға және оларды тоқтатуға заң актілерінде белгіленген жағдайларда, шектер мен тәртіп бойынша жол беріледі. Интеллектуалдық меншік обьектісіне айрықша құқықтарды олардың құқық иелері шарт бойынша толық немесе ішінара басқа адамдарға беруі мүмкін,сондай-ақ мұрагерлік бойынша әмбебеп құқықтық мирасқорлық тәртібімен және заңды тұлғаның құқық иесінің қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде ауысады.Интеллектуалдық шарт бойынша интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижесіне немесе дараландыру құқралына айрықша құқықты иеленуші тарап (лицензиар) екінші тарапқа(лицензиатқа) интеллектуалдық меншіктің тиісті обьектісін белгілі бір әдіспен уақытша пайдалану құқығын береді. Лицензиялық шарт ақылы болып саналады. Лицензиялық шартта лицензиатқа:

1) Интеллектуалдық меншік обьектілерін лицензиардың оны пайдалану мүмкіндігі мен лицензияны басқа адамға беру құқығын сақтай отырып пайдалану құқығын(жай ерекше емес лицензия)

2) Интеллектуалдық меншік обьектісін лицензиардың оны пайдалау мүмкіндігін сақтай отырып,бірақ лицензияны басқұа адамдарға беру құқығынсыз пайдалау құқығын(айрықша лицензия)

3) Интеллектуалдық меншік обьектісін пайдаланудың заң актілеріне қайшы келмейтін басқа да жағдайларын беру көзделуі мүмкін.

Егер лицензиялық шартта өзгеше көзделмесе, лицензия жай (ерекше емес) деп ұйғарылады. Лицензиаттың интеллектуалдық меншік обьектісін пайждалану құқығын басқа адамға беруі туралы шарт қосалқы лицензиялық шарт болып танылады.Лицензиат қосалқы лицензиялық шартты тек лицензиялық шартта көзделген жағдайларда ғана жасауға құқылы. Лицензиардың алдына қосалқы лицензиаттың іс-әрекеті үшін, лицензиат жауапты болады.