МІНДЕТТЕМЕЛІК ҚҰҚЫҚТЫҢ ҮҒЫМЫ

  1. Міндеттеменің угымы. Міндеттеме ұғымының түбегейлі тұжырымдалған занды негізі не ? Біз оны қалай түсінеміз ? Бүл туралы Азаматтық кодекстің 268-бабында:Міндеттемеге сәйкес бір адам (борьшқор) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жүмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құкұлы. Несие беруші бо-рышкордан атқарылғанды қабылдауға міндетті, — деп атап көрсетеді. Демек, міндеттеме — азаматтық кұкұқтық қатынастың бір түрі. Ал, талап ету мен міндетгеме — несие беруші мен борышкорға өзара жауапкершілік жүктейтін екі жакты қүкықтық катынасқа жатады. Екіжақты құқықтык қатынас: несие беруші түрғысынан қарағанда — талап ету (белсенді жағы), борьшқор жағынан алып қарауанда — міндеттемелік (бәсең жағы) болып есептеледі.

Міндеттеменің мазмунын оған қатысушы — несие беруші мен борышқордың субъективтік құқықтары мен міндеттері құрайды. Мысалы, мүлікті жалға алудың міндеттемелік құкық қатынасында жалға алушы жалға берушіден мүлкін әкеліп беруді талап ететін субъективті құқыққа ие екендігі көрсетіледі. Сондай-ақ, жалға берушіге мүлкін пайдаланғаны үшін белгілі бір мөлшерде ақысын төлеуге міңдетті. Жалға беруші жалға алушыға мүлкін пайдалануға беруге міндеттенеді. Әрі жалға алушыдан мүлікті пайдаланғаны үшін ақысын төлеуді талап ете алады, бұл оның субъективті қүкығы болып табылады

2.Міндеттеменің жүйесі.

Азаматтық кодекстің 269 бабына сәйкес несие беруші немесе борышқор ретінде міндеттемеге бір мезгілде бірнеше адам қатыса алады.Мұның аты көп тұлғалармен жасалған міндеттеме.Мұндай жағдайда Азаматтық кодекстің 286‑288 баптарында көрсетілгендей үлесті,ортақтасқан немесе субсидиялық міндеттеме пайда болады.

Егер міндеттемеге бірнеше тұлға борышқор ретінде көрсетілген болса,міндеттемені орындау жауапкершілігі құжатқа сәйкес,үлесіне қарай немесе ортақ немесе бірлескен болуы мүмкін .

Үлесті міндеттеме борышқордың әрқайсысы тек өзі үшін жауап береді , ал ненсие берушілердің әрқайсысы борышқордан тек өзіне тиесілі ғана үлесті талап етуге құқылы.

Ортақтасқан міндеттеменің үш түрі болады

  1. бір несие беруші мен бірнеше борышқордың қатысқаны ортақтасқан міндеттеме
  2. Бір борышқор мен бірнеше несие берушілер қатысқаны ортақтасқан талап етуші
  3. Бірнеше несие берушілер мен бірнешеборышқорлар қатысқаны аралас ортақтасу

Кәсіпкерлік қызметпен байланысты міндеттеме бойынша бірнеше борышқордың міндеттері,сол сияқты бірнеше несие берушінің талаптары,егер заң құжаттарында немесе міндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе ортақтасқан міндлеттеме болып табылады.Азаматтық кодекстің 288 бабына сәйкес негізгі борышқор несие берүшінің міндеттемені орындау туралы талабын қанағатандырмағанжағдайда бүл талап орындалмаған бөлігінде басқа борышқорға яғни субсидялық борышқорға мәлімдеуі мүмкін екендігі заң құжаттарында немесе несие беруші мен борышқордың арасындағы міндеттеме ережелерінде көзделуі мүмкін.Сонымен субсидялық міндеттемеде борышқор өзінің алған негізгі міндеттемесіне орай атқаруғ тиістиі әрекетін мезгілінде орындай алмасаміндеттемені басқа борышқорға жүктейді

Міндеттемелік құқық қатынастарында регрестік шегерме міндеттеме ерекше орын алады.Басқа даамның міндеттемесін орындаған борышқор орындалған міндеттеме мөлшерінде сол адамға кері талап қоюға құқылы,осыны регрестік міндеттеме деп атайды.

3МІНДЕТТЕМЕНІҢ ПАЙДА БОЛУ НЕПЗДЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ

Өзгеде қүқықтық қатынастар тәрізді міндеттеменін пайда болу негіздері белгілі бір зандық фактілерге байланысты және сол негіздерден көрінеді, мүның өзі Азаматтық кодекстің 7-бабында көрініс тапқан. Азаматтық кодекстің 271-бабы осы Кодекстің 7-бабында көрсетілген түжырымға сүйене отырып, міндеттемелердің қалай пайда болатынын айқындай түседі. Яғни міндеттеменің пайда болу негіздері шарттан, зиян келтіруден немесе өзге де негіздерден пайда болады.

Азаматтық кодекстің 7-бабы әртүрлі құқықтық қатынастардың мүмкін болу негіздерін тізбелеп келтірген. Жоғарыда көрсетілген негіздерден басқа да міндеттемемен байланысты бірқатар негіздер бар.

Бүл — ең алдымен, әкімшілік құжаттары, әрине, біз бұл арада азаматтық қүқықтык қатынасқа қатыстысын айтып отырмыз. Әкімшілік қүжатының занды күші бағынышты ортаға міндетті түрде өкімін жүргізетіндігінен көрінеді. Сондықтан да барлық жағдайда да әкімшілік қүжат органдар, яғни күжатты шығарушы, атқарушы, оның орындалуын бақылаушы органдар және т.б. арасыңда әкімшілік қүқықтық қатынастарды туғызады. Сонымен бірге ол адресаттар арасында азаматтық міндеттемені де дүниеге әкеледі.

Алайда, мүндай жағдайлар салыстырмалы түрде сирек кездеседі, кәдімгі жоспарлы тапсырманы (немесе басқалай

әкімшілік кұжат) күрделі зандық құрамның бір бөлшегі десе болады. Міндеттеменің пайда болу негізінде шарт әкімшілік құжатқа келіп қосылады.

Міндеттеменің пайда болу негізіне күкыққа қайшы нақты өрекеттер де жатады. Бүған — біреудің мүлкін қасақана не кездейсоқ иелену, залал келтіру арқылы өзгенің заңмен қорғалатын мүддесін бұзуды мысал етіп алуға болады.

Міндеттеме азаматтық кодекстің 271-бабында қарастырылған негіздерде де пайда болуы мүмкін.

  1. Міндеттеме өзінін. мазмүнына, объектілерінің салалык ерекшеліктеріне жөне субъектілерінің сипатына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

жағымды мазмұндағы міндеттеме, жағымсыз мазмұндағы міндеттеме;

біржақты және өзара ортақ міндеттеме;

борышқор әрекетін нақты айқындайтын міндеттеме және балама міндеттеме;

қатаң түрдегі жеке сипаттағы міндеттеме (бұл міндеттеме субъект ретіндегі жеке сипаттылық міндеттеменің пайда болуына, езгеруіне немесе тоқталуына әсер етпейді);

басты және тәуедді міндеттемелер;

шартқа негізделген міндеттемелер, шартган тыс міндеттеме және біржақты еркін қүжат түрлеріндегіміндеттеме