Оралымды басқару құқығы

Оралымды басқару құқығы меншік иесінін қаражаты ёсебінен қаржыландырылатын мекеменің, мемлекеттік мекеменің, меншік иесінен мүлік алушы және өз қызметінің мақсатына, меншік иесінің тапсырмаларына және мүліктік мақсатына сәйкес заң құжатгарымен белгіленген шекте сол мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асырушы қазыналық кәсіпорындардың затгық құқығы болып та-былады (АК-тің 202-бабы).

Бұл құқықтың субъектісі казыналық кәсіпорын немесе кез келген меншік түріндегі мекеме (бүрын оралымды басқару институты тек мемлекеттік мекемелерге ғана қатысты еді) болып табылады

Құқық объектісі казыналық кәсіпорынның мүлкі мен
мекеменің мүлкі саналады.

Оралымды басқару қүқығының мазмүнының шаруашылық жүргізу құкығына қарағанда аясы тарлау келеді. Мысалы, мемлекет кәсіпорынды қүрылған сәттен бастап оны қаржыландыруды тоқтатады, бұл мемлекеттік мекемеден басты айырмашылық болып есепгеледі. Мемлекеттік кәсіпорын кейбір жағдайда болмаса негізінен өз мүлкіне деген қүқықтық тәртіпті өзі айқындайды.

Оралымды басқару қүқығын алған мемлекеттік немесе коммуналдық тұлға сол мүліктерді иеленуге, пайдалануға және билік етуге заңда белгілленген реттерде құқылы болып табылады. Бұл орайда өз қызметінің мақсата, меншік иесінін тапсыр-масы, мүліктің мақсаты және заңның талабы сақталады (АК-тің 202-бабы).

Берілген мүлікке байланысты меншік иесінін билік ету қүқығы айтарлықтай ауқымды келеді. Меншік иесі немесе уәкілді орган, егер заң күжаттарында өзгеше белгіленбесе, сот тәжірибесінен тыс ол мүлікті қайтарып алуға, не өзі құрған басқа занды тұлғалар арасында өз қалауы бойынша кайта бөлуге қүқылы.

Сонымен, оралымды басқару құқығы дегеніміз, заттық құқық екен, қазыналық кәсіпорын мен мекеменің езінің шаруашылық қызметін жүзеге асыру мақсатында меншік иесінің мүлкін заң талабына, өз қызметінің мақсатына, мешпік иесінің тапсырмасына және мүліктің мақсатына сәйкес заттық қүқықты пайдалану болып табылады.

  1. Қазыналық кәсіпорын мүлкін оралымды басқару қүқығының ерекшеліктері. Қазыналық кәсіпорын мемлекетке жататын мүлік негізінде ҚР-сы Үкіметінің шешімімен қүрылады. Олардың қүқықтық ережелері Президенттің. «Мемлекетгік кәсіпорын туралы» Жарлығының 3-тарауында реттеледі.

Қазыналық кәсіпорындар мына мақсаттарға арналады: 1) кездейсоқ апат, авариялық жағдайларда қүтқару жұмыстарьш, өрттен сақтауды, су тасқыны мен басқа да табиғи апаттан корғаудан атқару үшін; 2) мемлекеттік авто жолдарды және басқа инфроқұрылымдарды ұстап-күтіп, дамыту үшін (оны қаржыландыру арнайы заңмен белгіленеді); 3) почта, байланыс жүйесі мен теле байланыстар, жалпы республикалық және қалааралық байланыс жұйелерін пайдалану ұшін; 4) денсаулық сақтау, табиғат қорғау, білім беру, әлеуметтік қорғау, ғылым мен мәдениет салаларына өндірістік шаруашылык қызметті жүзеге асыру үшін.

Қазыналық кәсіпорын өзіне бекітіліп берілген мүлікті және өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінен түскен қаржыға сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен айыруға немесе өзгеше әдіспен өкілетті органның рұқсатынсыз оған билік етуге құқығы жоқ. Қазыналық кәсіпорың шарт негізінде сатып алу-сату, айырбастау, сыйға беру, негізгі қорға қатысты мүлікті келісімге салу сияқты іс-әрекеттер жасауға құқылы емес, сондай-ақ өкілетті органның келісімінсіз банк несиесін пайдалана алмайды («Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Жарлықтың 35 және 38 баптары).

Қазыналық кәсіпорынньщ қызметі негізгі және қосымша болып бөлінеді, оның біріншісі құрылу кезінде айқындалса, екіншісі өкілетті органның рүқсатымен болады. Олар қазыналық кәсіпорынның жарғысын бекітіп, фирмалық атын қояды, мақсаты мен міндетін айқындайды. Қызмет түріне карамастан қазыналық кәсіпорын өзі өндірген өнімді (жұмыс, қызмет көрсету) өкілетті орган қойған бағамен сатады. Кірісті бөлу тағы да Үкіметтің немесе екілетті органның белгілеген тәртібімен жүзеге асады. Қазыналық кәсіпорын өзінің қарамағындағы ақша қаражатына алған міндеттемесі бойынша жауап береді. Кәсіпорын таратылған кезден басқа уақытта онын қалған мүлкін алып қоюға жол берілмейді. Қазыналық кәсіпорын меншік иесінің міндеттемелері үшін жауап бермейді. Қазыналық көсіпорынның тиісті қызмет етуіне ақша қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда олардың міндеттемелері бойынша субсидиялық (қосымша) жауапкершілікті Үкімет пен жергілікті әкімшілік-аумақтық бірлік мойнына алады да республикалык немесе жергілікті бюджет есебінен төленеді.

Сонымен, қазыналық кәсіпорынның меншік иесі мемлекет болып табылады, мемлекеттік меншік кұқығы казыналық кәсіпорынға беріледі. Қазыналық кәсіпорынға оралымды бас-

қару құқығы Үкімет пен жергілікті әкімшілік-аумақтық бірліктің, яғни мемлекетаік органның әкімшілік актісі негізінде пайда болады. Мүның өзі мүлікке оралымды басқару құкығы мемлекетгің айтқанымен орындалатындығын көрсетеді.

  1. Мекеме мүлкін оралымды басқарудың ерекшеліктері. Азаматтық кодекстің 105-бабына сәйкес басқару әлеуметтік-мөдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы қызметтерді жүзеге асыру үшін меншік иесі құрған жөне қаржылан-дыратын ұйым мекеме деп танылады. Мекеменің мүліктік құқығы дегеніміз, оралымды басқару құқыш болып табылады. Өйткені, мекеме коммерциялық ұйым емес, ол өзіне бекітіліп берілген мүлікті және оған смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатьш алынған мүлікті өз бетімен иеліктен айыруға (жалға беруге, кепілдікке ұсынуға, сатуға т.б.) немесе оған өзгеше әдіспен билік етуге қүқығы жоқ. Керісінше, мекемеге, мемлекеттік мекемеге немесе қазыналық кәсіпорынға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті меншіктеуші, егер заң құжатгарында өзгеше белгіленбесе, ол мүлікті қайтарып алуға, не өзі қүрған басқа занды түлғалар арасында өз калауы бойын-ща қайта бөлуге құқылы (АК-тің 205-бабы).

Оралымды басқару құқығына ие болу жөне оны токтату Азаматтық кодеқстің 203-бабы негізіңде жүзеге асырылады.

Мекемені меншіктену қүқыгы басқа адамга ауысқан кезде бүл мекеме езіне тиесілі мүлікке оралымды билік жүргізу қүқығын сақтап қалады (208-бап). Оралымды басқару қүқығын қазыналық кәсіпорны» бір министрліктен (ведомстводан) екіншісіне өткенде де сақтайды. Демек, оралымды басқару қүқығының субъектілері бірінің ізін бірі басады. Бүдан шығатын тұжырым оралымды басқару құқыш заттық қүқыққа жа-тады.