1, Талап қою мерзімінің угымы. Талап кою мерзімі — адам күкығының немесе заңмен қорғалатың мүдденің бұзылуынан туындайтын талаптың қанағаттандырылуы мүмкін болатын уакыт кезеңі. Сонымен, талап кою мерзімі дегеніміз — бұл занда белгіленген мерзім, яғни бұл мерзім өткеннен кейін акы талап ету құкығы жойылады, басқаша айтканда, кұкықты еріксіз жузеге асыру мүмкіндігі жойылады.
Талап қою мерзімін колдану өте қажет, бүған бірсыпыра себептер бар — бір жағынан, арада үзақ уақыт өтіп кеткеннен кейін даулы кұкыкты аныктау сот органдарына киын жүмыс, екішпіден, іс жүзінде ұзак уақыт бойы болып келген катынастарды бұзу шаруашылық жағдайына бірқатар іркіліс тудырып, тиімсіз салдарға әкелуі ыктимал.
Талап коюды реттеу нормалары өктем (императивті) сипатта болады. Яғни тараптар талап коюшылыкты келісіммен өзгерте алмайды, бекітілген талап кою мерзімі мең оны есептеу тәртібін бұрмалауға жол берілмейді.2.талап қою мерзіміжалпыжәне арнаулы болып бөлінеді. Талап коюдың жалпы мерзімІ үш жыл болып белгіленеді. Талаптардын жекелеген түрлері үшін заң күжаттарымен талап қоюдын жалпы мерзіммен салыстырғанда кысқарталған немесе неғұрлым үзақ арнаулы мерзімдері белгіленуі мүмкін. Мысалы, арнайы (кысқартылған) мерзімдер көлік заңдарында каралған (КР-нык темір жолдарының Уакытша Уставынын 155, 156 баптары). Занды талап мерзімдерінін арнаулы мерзімдері де колданылады. Мысалы, АК-тің 159-бабының 9- және 10-тармактарында көзделген негіздер бойынша талап кою мерзімі зорлык немесе қоркыту ықпалымен мәміле жасалып, сол зорлык немесе қорқыту токтатылған күннен бастап не талап коюшы мәмілені жарамсыз деп тануға негіз болып табылатын өзге де мән-жайларды білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап бір жыл болады. Осы арада бір айта кететін жәйт, шетелдерде таляп қоюдын жалпы мерзімдері ұзактау келеді.
. 3Талап қою мерзімі қолданылмайтын талаптар талап қою мерзімі азаматтық құқық катынастарында занда каралған мынадай жағдайлардан басқасынын бәрінде колданылалы, яғни Азаматтык кодекстің 187-бабына сәйкес: 1) заң күжаттарын-да көзделгеннен баска реттерде материалдық емес игіліктер мен мүліктік емес өзіндік кұкықтарды корғау туралы талаптарға; 2) салымшылардың банкіге банктік салымдарды беру туралы талаптарына; 3)азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру туралы талаптарға колданылмайды. Алайда, талап қою мерзімі өтіп кеткеннен кейін қойылған талаптар талап қойылған соң үш жылдан асырмай канағаттандырылады; 4) егер меншік иесінің немесе өзге заң иеле-нушінің кұкығының кез келген бұзылуы иеліктен айыруға байланысты болмаса (АК-тің 264-265 баптары),олардың осы кұкық бұзушылықты жою туралы талабына; 5) заң қужаттарында белгіленген реттерде басқа талаптарға да қолданылмайды.
Жоғарыда айтқанымыздай,талапттардын тізбесі үлгі ретінде келтіріліп отыр. Заң актілерімен бұдан басқа да талаптарға талап қою мерзімі қолданылмайтын жағдайлар тәртіптелуі мүмкін.
.Талап қою мерзімінің есептелуі. Талап кою мерзімінін өтуі адам қүкық бүзушылық туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен басталады (АК-тің 180-бабы), Тап осы сәттен бастап жәбірленушінін әрі материалдык, әрі азаматтык іс жүргізу тұрғысынан талап-арыз беру күкығы пайда болады. Материалдық тұрғыдан алғанда, талап ету күқығы дегеніміз белгілі бір азаматтық құкыкты еріксіз турде, яғни міндеткер жактың ықтаярынан тыс орындату. Құқықты еріксіз түрде орындату — тиістіні сот аркылы алу әдісімен жүзеге асады. Әйткенмен,өзінін құқығын сотқа арызданбай-ак,еріксіз орындататын реттер болады (мысалы, жүкті бермей үстап калып тасымалдың акысын сол жүктің күнынан алу). Соныменен бұзылған құқықты еріксіз түрде кайта орындатуға заңнын беретін мүмкіншілІгі материалдык мағынасында талап ету кұкығын қүрады. Бүл мағынасындағы талап ету құкыган сот арқылы корғау күкығымен шатыстырмау керек. Талап кою мерзімі материалдык. талап ету күкығын жояды, бірақ азаматтык іс жүргізу кұқығын жоя алмайды. Талап ету мерзімі өтіп кетседе сот азаматтық істі карауына алуға міндетті, бірақ оны қарау кезінде талап қою мерзімі өтіп кеткендігі аныкталған жағдайда ғана сот талапкердің талабын қанағаттандырудан бас тартады.
- Талап қою мерзімінің өтуін тоқтата тұру, узіліс және қалпына келтіру. Айталык, занда көрсетілген белгілі бір жағдайға сәйкес талап қою мерзімінің тоқтатылуы дегеніміз сол жағдайдъщ алатын мезгіліне тең уакытка талап мерзімініңде созылуы болып табылады. Басқаша айтқанда, осы жағдайға кеткен уақыт талап кою мерзімінің есебіне кірмейді. Осындай әсер ететін жағдайларға АК-тің 182-бабы төмендегілерді жатқызады:
1) егер талап қоюға төтенше және бул жағдайда болмай коймайтын окиға (бой бермейтін күш) кедергі жасаса; 2) міндеттемелердің бұл түрін орындау Қазақстан Республикасы Президентінің жариялауымен кейінге калдырылуына байланысты (мораторий); 3)егер талапкер немесе жауапкер соғыс жағдайына көшірілген әскери бөлімшелер құрамында болса; 4)егер әрекет кабілеттілігі жок адамнын занды екілі болмаса; 5) тиісті катынасты реттейтін зандардың қолданылуын токтатуға байланысты тоқтатыла тұрады.
Азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның, орнын толтыру туралы талаптар бойынша талап кою мерзімінің өтуі азаматтың зейнетакы төлемдерін тағайындау немесе жүзеге асыру туралы немесе жәрдемакы тағайындау туралы тиісті ұйымдарға жолдануына байланысты зейнетакы төлемдері тағайындалғанға және/немесе жүзеге асы-рылғанға немесе жәрдемақы тағайындалғанға не зейнетакы төлемдерін тағайындаудан немесе жүзеге асырудан немесе жәрдемакы тағайындаудан бас тартылғанға дейін тоқтатыла тұрады {АК-тің 182-бабының 1-тармағы ).
Аталған жағдайлардың кезкелген талап мерзімінің соңғы алты айы ішінде пайда болса немесе бүрынғысынша қала бер-се токтатыла түрады ал, егер бүл мерзім алты айдан аспаса — талап мерзІмінІн етуі кезінде токтатыла түрады (АК-тің 182-бабының 2-тармағы).
Тоқтата түруға әкеліп соқтырған мән-жайлар токтатылған күннен бастап талап қою мерзімінің өтуі одан әрі жалғаспды. Бүл орайда мерзімнің калған бөлігі алтъі айға дейін, ал егер талап кою мерзімі алты айдан аспаса — талап мерзіміне деиін үзартылады (АК-тің 182-бабының 3-тармағы).
Жақтардың белгілі бір жасаған әрекеттері талап кою мерзімінің өтуінде үзіліс жарияланады. Үзілістен кейін талап қою мерзімінің өтуі қайтадан басталады; үзіліске дейін өткен уақыт жана мерзімге есептелмейді Талап қою мерзімі екі жағдайда, белгіленген тәртіппен талап қойылуы немесе борышты не өзге міндеттердІ мойындауын дәлелдейтін міндетті тұлғаның әрекетінің аяқталуына байланысты үзіледі.Ерекше жағдайларда талап қоюдың өтіп кеткен мерзімін қалпына келтіру қажеттілігі туындайды.Мұндай мәселені шешуді Азаматтық кодекс сотқа жүктейді талапкердің жеке басына байланысты мән жайлар бойынша сот талап қою мерзімінің өтуін себепті деп таныған кезде.азаматтың бұзылған ұүұығы қорғалуға тиіс.