1 Өкілдік деп басқа адамның өкілдік берушінің атынан бір адамның өкілдің сенімхатқа,заңдарға ,сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасаған мәмілесін айтамыз.Өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады.өзгертеді және тоқтатады Өкілдік институтының маңыздылығы сонда,ол тұлғаға бір мезгілде бірнеше рынокта оның ішінде шет елде жұмыс істеуінемүмкүндік береді.сондай ақ істің қөзін білетін әрі үйымдастыра алатын мамандарды тартуға қолайлы келеді.Өкілдік институтының мазмұны субьектілер қүрамы туралы ережемен айқындалады.ал ол өз кезегінде құқықтар мен міндеттердің пайда болуына олардың мазмұндарына қорғану түрлеріне негізделеді Аталған негізгі элементтер діңсипаты өкілдік ұғымы арқылы көрінеді Өкілдіктің субьектілерінің құрамы үш адамнан өкілдік беруші,өкіл және үшінші жақтан тұрады.Өкілдік беруші өкілге іс әрекеттерді жасауды тапсырады,тиісті сенімхат берген болса ғана немесе өкіл өзінің қызметтерін заң нұсқауы немесе заңды тұлғаныңқұжаттары бойыншаістейтін болса ғана өкілдің іс әрекеттері өкілдік берушіүшін құқықтар мен міндеттер тудыра алады азаматтық құқықтың кез келген субьектілері,құқық қабілеттілігі бар немесе жоқ адам да заңды тұлға да өкілдік беруші бола алады.Мұның өзі
алдымен азаматгың 18 жасқа толу керектігін көрсетеді, өйткені, бүл жаста оған азаматтык өрекет қабілеттігі толыктай тән, ал заңды тұлғадағы өкілдік жарғымен айқындалған КҰКЫК кабілеттілікке кайшы келмеуі тиіс.
Үшінші жак — азамат немесе занды тұлға. Өкілдін оны мен әрекетке түсуі нәтижесіңде өкілдік берушінің азаматтық құқык қатынастары белгіленеді, езгереді және токтатылады.
ӨкІлдІк негізінде бІр түлғаның (өкілдік беруші, сенім беруші) екІншІ тұлғамен (өкілмен) өкілеттікті бөлісуі жатыр. Мұндай өкілеттік болмаған және өкіддік қатынасын асыра пайдаланғанда екіншІ жақтың өкілдік беруші түлғаның атынан жасалған мәмілесі жарамсыз болып табылады. Бірак,. Азаматтык кодекстін 165-бабына сәйкес өкілдігі жок басқа бір адамның атынан немесе өкілеттігін асыра пайдаланып жасаған мәмілесі өкілдік беруші осы мәмілені кейіннен макұлдаған ретте ғана ол ушін азаматтык күкыктар мен міндетгерді туғызады, өзгертеді және тоқтатады. Әрі окілдік берушінің кейіннен мақұлдауы мәмілені оның жасаған кезінен бастапжарамды етеді.
Өкілеттіктің туыңдауының негізІ — заң фактісі болып табылады. Занда мынадай өкілдіктің негіздерІ бар: шартта немесе аддын-ала келісімде көрсетІлген өкіл үстауға тілек білдірген өкілдік берушінің еркі; занда көрсетілген фактілер; мәселен, ата- ана өздерінің балаларынын занды өкілдері бола алады, әрі олардың қүкыктары мен мшдеттерін кез келген жеке және занды тұлғалар аддында корғай алады, сондай-ак балалары үшін сотта арнайы өкіл болып катыса алады (АК-тің 164-бабы); уәкілетті органның актісі түлғаға өкіл болып қатысуға рұксат беретін акт. Мысалы, екілеттік міндетті атқаруды талап ететін лауазымға тағайындау өкілеттік, сондай-ак өкілдің (бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир және т.с.с.) әрекет жасайтын жағдайынан да көрінуі мүмкін (АК-тін, 163-бабының 1-тармағы).
2Өкілдік занды және ерікті деп бөлінеді. Заңды өкілдік тікелей заңнан туындайды, әрі ол өкілдік берушінің еркіне қарамайды. Мысалы,ТеңІз жолы сауда кодексі бойынша кеме капитаны кызмет бабында жасалған мәмілеге байланысты кеме иесінік және жүк иесІнін екілі болып табылады, жолшыбай не барған жерінде кеме иесінің немесе жүк иесінің өкілдерІ болмаса, жағдайға байланысты талап кою мәселесін өзі шеше береді, кейбІр мөмілелерге билік етеді (ТЖСК-нің 50-бабы).
3Бір адамнын (сенім берушІнің) ез атынан өкілдік ету үшін
екінші адамға (сенім білдірген) берген жазбаша уәкілдігі сенімхат деп танылады (АК-тің 167-бабының 1-тармағы).
Сенімхатты пайдалану кезінде «уәкілдік» және «өкілетті» деген термиңдерді ажырата білу керек. Уәкілдік дегеніміз өкілдің өкілдік беруші атынан іс-әрекетке катынасуы, ал өкілеттік — өкілдік беруші үшін өкілдің жасауға кұқылы әрекеттерінін. шеңбері болып табылады.
Заң жағынан карағанда сенімхат беру — бір жакты мәміле, яғни бұл өкілеттікті беру үшін бір тараптың өкілдік берушінін ерік білдіруі кажет және жеткілікті, сондықтан да өкілдің келісімі талап етілмейді.
Заң сенімхаттың жазбаша түрін міндетгі түрде сақтауды талап етеді. Сонымен бірге мәміле жасауға берілетін сенімхат нотариалды жолмен куәландырылуы талап етілетін болса, онда ол нотариалдық жолмен куәландырылады (АК-тің 167-бабының 2-тармағы). Сенім ауыстыру жөнінде берілген сенімхаттың қолданылу мерзімі куәландырылуы ол негізгі алынып берілген алғашкы сенімхаттын қолданылу мерзімінен аспауы керек (АК-тің 169-бабының 3-тармағы).
Өкілдік беруші қайсыбір құкык өкілеттігІн екілге тапсырарда оның мерзімін шектеп, белгілі бір уақыт аралығын корсетеді. Сондыктан сенімхат — әр кезде де мерзімді күжат. Азаматтык кодекстің 68-бабына сәйкес сенімхат уш жылдан аспайтын мерзімге берілуі мүмкін. Егер сенімхатта неғүрлым үзак мерзім көрсетілсе, ол үш жыл бойы, ал егер колдану мерзімі көрсетілмесе — берілген күннен бастап бір жыл бойы жарамды болады. Егер сенімхаттың берген күні көрсетілмесе, ол жарамсыз деп танылады.
Өкілдің алған өкілеттігінің көлемі мен мазмұнына орай сенімхаттың үш түрі болады: а) бас (жалпы) сенімхат, ол белгілі бір кезенге арналып, әртүрлі мәмілелер жасайтын өкілге беріледі; ә) арнайы сенімхат — ол бір текті мәмілелер жасайтын өкілге беріледі (мысалы, заң кеңесшісіне сотга іс жүргізу үшін беріледі); б) бір мәрте берілетін сенімхат — ол тек бір әрекет жасау үшін беріледі {мысалы, поштадан алатын хат бума үшін берілетін сенімхат).
Өзіне арнап өкілеттік құкык берілген әрекеттерді сенім алушының өзі атқаруы тиіс. Егер алған сенімхат бойынша осылай етуге өзіне өкілеттік күкық берілген немесе сенім берушінің мүдделерін корғауға жағдайлардың салдарынан осылай етуге
мәжбүр болған ретте ғана ол сенімхат бойынша әрекет етуді басқа біреуге сенім ауысуы аркылы бере алады.
Сенім алушы өз өкілеттігін басқа біреуге сеніп тапсырғаннан кейін өзінің сенім берушісіне бұл жөнінде білдіруге және ол адам туралы, оның тұрағы туралы қажетті мәліметтерді хабарлауға тиіс. Бул міндеттІ орындамаса, сенім алушыға өзінің өкілеттік кұкықтарын сеніп тапсырған адамның әрекеттері үшін өзінің істегені сияқты жауаптылық жуктеледі.
Сенімхаттың күші мынадай жағдайларда жойылады;
1 сенімхат мерзімінің етуі;
сенімхатта көзделген әрекеттердің жұзеге асуы;
2 сенімхатты беруші адамның оның күшін жоюы;
3 сенімхат берілген адамның одан бас тартуы;
4 өз атынан сенімхат берген занды тұлғаның токтатылуы;
5 атына сенімхат берілген занды тұлғаның таратылуы;
сенімхат берген адамнын қайтыс болуы, оның әрекет
Кабілеттілігі жок, әрекет кабілеттілігі шектеулі немесе хабар-
ошарсыз кетті деп танылуы;
сенімхат берілген азаматтың кайтыс болуы, оның әрекет
кабілеттілігі жоқ, әрекет кабілеттІлігі шектеулі немесе хабар-
ошарсыз кетті деп танылуы салдарынан тоқтатылады.
Сенім ауысуы ретінде берілген сенімхатта осы айтылған жағдайлардын кез келгені болғанда тоқтатылады.
Сенімхат токтатылған бойда, оны алған тұлға сенім хатты берген тұлғаға немесе оның занды мирасқорына кайтаруы керек