Мәміленің жарамдылығы заң талаптарына сәйкес айкындалады мәміленің жарамды болуы шарттарына жататындар мазмұны заң талаптарына сәйкестігі, мәмілеге қатысатын және оны жүзеге асыратын адамның қабілеттілігі, еркі мен ерік білдіруінің сәйкестігі,мәміленің нысанын сақтау Мәміле шын мәнінде заңға қайшы келмеуі тиіс,яғни кез келген құқықтық нормативті құжаттарға сай келуі Мәміле ерікті әрекет болғандықтан,оны әрекет қабілеттілігі бар әрбір азамат жасай алады Мәміленің жарамды болуы үшін ерік және ерік білдіруі бір бірімен сәйкес келуі керек Олардың арасындағы сәйкессіздік мәміленіжарамсыз етіп көрсетеді Мәміле оның нысанын сақтау кезінде құқықтар мен міндеттер туғызады,сол арқылы тұлғалардың ерік білдіруі немесе ресми куәландыру әдісі көрінеді Мәселеноған мәмілені нотариалдық куәландырумен тіркеуді айтуға болады.
2Жарамсыз мәміленің ұгымы. Жарамсыз мәмілелердің түрлері Азаматтык. кодекстің !57-бабында бұл туралы былай делінген; «мәміленщ нысанына, мазмұнына және катысушыларына, сондай-ак олардың ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделі адамдардың, тиісті мемлекеттік органның не прокурордың талабы бойынша мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін».
Жарамсыз мәмілелердің түрлері. Азаматтық құқық теориясында мәмілелердің жарамсыз болуы мынадай түрлерге бөлінедІ; а) субъект қүрамының акауы болатын мәміле; ө) ерікке қатысты ақауы бар мәміле; б) нысанының ақауы бар мәміле; в) мазмүнынын акауы бар мәміле. Азаматтык кодексте мазмұны заң талаптарымен сөйкес келмейтін кез келген мәміле жарамсыз болатындығы жөнінде жалпы норма бар (АК-тің 158-бабы).
Субьектілік қүрамының ақауы бар мәміле екі топқа бөлінеді Оңың біріншісі азаматтардың әрекет қабілетсіздігімен, екінші — занды түлғалардың арнайы кұкык қабілеттілігімен немесе олардын органдарыньщ мөртебесімен байланысты болады,
Қатысушылардын жасы мен психикалык жағдайынан туындаған әрекетгер мәмІленің жарамсыз болуына басты негіз болып есептеледі.
Ондай жарамсыз мәмілелерге мыналар жатады:
а) Азаматтық кодекстің 23-бабында көзделген мәмілелерді коспағанда, он төрт жаска толмаған адам жасаған мәміле жарамсыз болады (АК~тің 159-бабының 3-тармағы);
ә) он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған баланың ата-анасының (асырап алушыларынын) немесе камқоршыларының келісімінсіз жасаған мәмілесін, заң бойынша оның өзі дербес жасауға кұкьіғы бар мәмілелерді коспағанда, сот ата-анасының (асырап алушыларының) немесе камқоршысының талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін {АК-тің 159-бабының 4-тармағы);
б) есуастык немесе ақыл-есі кем болуы салдарынан әрекет қабілеттілігі жок деп танылған адам жасасқан мәміле жарамсыз болады. Кейіннен әрекет қабілетгілігі жоқ деп табылған азамат жасасқан мәміле (АК-тің 26-бабы), егер мәмілені жасау кезінің өзінде-ак бұл азаматгын психикалык шатасу жағдайында болғаны дөлелденсе, оның корғаншысының талабы бойынша сот мөмілені жарамсыз деп тануы мүмкін (АК-тің 159-бабынын 5-тармағы);
в) сот өрекет қабілеттілігін шектеген адам жасаскан мәмілені сот оның қамқоршысының талап етуі бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін (АК-тІн 159-бабының 6-тармағы);
г)әрекет кабілеттілігі болғанымен, мәміле жасаған кезде өз әрекетінін. Мәнін түсіне алмайтығын немесе езінің не істегенін білмейтін жағдайда болған азамат жасасқан мәмілені сот азаматтың талабы бойынша, ал егер тірі кезінде талап етуге азаматтын мүмкіндігі болмаса, азамат кайтыс болғаннан кейін басқа мүдделі адамдардың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін (АК-тің 154-бабының 7-тармағы).
Жоғарыда аталған мәмілелер бойынша әрекет кабілеттілігі бар тарап жарамсыз мәміленің Азаматтык кодекстін 157-бабының 3-6-тармақтарында көзделген салдармен қоса, екінші тараптың залалын оның пайдасына өндіріп беруі мүмкін. Мұндай міндет әрекет қабілеттілігі бар жаққа, егер ол екінші жақтың әрекет кабілеттілігі жоқ екендігін білсе, не білуге тиісті болса ғана жүктеледі.
Азаматгық кодекстің 159-бабында занды түлғалардын жарамсыз мөмілесін сотпен жарамсыз деп тануға мынадай негіздер қарастырылған: а) занды түлғаның зан актілерінде немесе кұрылтай қүжаттарында нақты шектелген кызмет мақсаттары-на кайшы келетін етіпне оның органының жарғылык кұзыретін бұза отырып жасаған мәміле жасауы; ә) кажетті лицензия алмай не лицензиянын колданылу күшінін біткеннен кейін жасалған мәміле; б) теріс пиғылдағы бәсеке мақсатын көздейтін немесе Іскерлік әдеп талаптарын бұзған мәмІле.
Ерікті ақауы бар мәмілелер екі топқа бөлінеді: і) мәміле жасауға іштей келіспей жасалған мәміле; 2) ішкі еріктіңдұрыс қалыптаспауы салдарынан жасалған мәміле.
БірІнші топқа бір тараптын. екіншісін алдау, зорлык, коркыту ықпалымен, бір тарап өкілінің екінші тараппен зұлымдық ниетте келісуі нәтижесінде жасаған мәмілелер жатады (АК-тің 159-б,ібының 9,10- тармақтары).
Ерік ақауы бар жоғарыда аталған мәмілелердін жарамсыз болуынын. себебі мәмілені жасауда сол тұлғаның еркі болмайды, әрі ерік білдіруді мәмілеге қатысушынын еркі емес, әлде біреудін ыклалымен болған ерік болып табылады.
Зорлап мәміле жасату дегеніміз, мәмілеге қатысушыны мөжбүрлеп онын өзіне, не жакындарына күш қолдану (ұрып-соғу, жакын адамдарымен қатыстырмау, бостандығын шектеу және т.б.) немесе жан-дүниесін жаралап мәміле жасауға көндіру болып табылады. Зорлық зансыз әрекет болғанымен, кейбір жағдайда оны жасаушыны қылмыстык жазаға тарту міндет емес.
Қорқыту — түлғаға мәміле жасамаған жағдайда оньш өзіне немесе жакын адамдарына дене жарақатын салумен немесе моральдык зиян келтіретіндігін ескертіп, қокан-локкы жасау Қорқыту зорлыктан мынадай белгілер бойынша ерекшеленеді: а) коркыту — зиян келтірмекші болғанымен әлі жүзеге аса қоимаған әрекет; ә) қорқыту қүкықка сай келетін уәдемен (мысалы, мүлікке тыйым салуды колданамын, жасаған қылмысын хабарлаймын деген тәрізде) көрінуі мүмкін, сондай-ак құқыққа сай емес әрекетпен (мүлікті жою, адамнын өмірі мен денсаулығына зиян келтіру) жасалады.
Қоркытудын салдарын-ан мәмілені жарамсыз деп тану үшін қоркыту кұр сөзбен емес, шын мәнінде болуы керек. Аталған жағдайлардын бәрі сот істі карағанда есепке алынады.
Бір тараптын екіншісімен зұлымдық ниетте келісімге келуі ерІк білдіруде айтканға көне салмаушылыктан туындайды «Зұлымдык ниеттегі» мәмілеге мынадай мысал келтіру ге болады, саяжайды сатушы сатып алушының өкіліне саяжайдын болашак иесіне саяжайға байланысты кеишілікті айтып коймауын өтініп, келісімге келеді.
Алдау аркылы және жаңылысу немесе кіріптарлыкпен жасалатын мәмілелермен келісушілерге тән нәрсе (А К-тін 159-ба-бынын 8,9-тармактары), жеме-жемге келгенде жағдайдыңшылауында кетіп, өзіндік бағытынан айрылып қалуы дер едік. Алдау дегеніміз мәмілеге катысушыны көрер кезге адастырыл, катысушы жактын бірі екінші жакқа мәміленің тиімділігін асыра мақтапнемесе тиімсіз жағын бүгіп калыпмәміле жағдайларыжөнінде жалған айтса міне бұл алдау болады