Ислам және дипломатия

Мұсылман халықтары мен мемлекеттері ежелден өздерінің елшілік қатынастарын елшілердің тиіспеушілік, әдеп – ғұрып нормаларын қалыптастырған. Бұлелшілік ғұрыптар мұсылман құқығымен араласып, дамып, дүние жүзінің аймақтарында елшілік құқықтықтың қалыптасуына өз үлесін қосты.

Алдыңғы тақырыптарда талқылағанымыздай Құранның сүрелері мен аяқтарынан пайда болатынталаптар әрбір мұсылманға міндетті, сондай-ақ ол талаптар өз мемлекетінің атынан дипломатиялық жұмыстарда істейтіндергеде тиісті.

Мұсылман елдерінің елшілері өз қызметтерінде құран нормаларын басшылыққа алады. Олар өз жұмыстарында Алла рахымын алу үшін дұрыс, жұмыстар істеуге тырысады. Мұсылман елдеріндекелешек дипломаттарды “ сыпайлылыққа”, “қарапайымдылыққа” жүретеді. Ол үшін Құранның 31 сүресінің 17 аятына басты назар аударады:

Расында Алла (көкіректікті) мақтаншақтықты жақсы көрмейді.

Мұсылман елшілерін әділдікке, шындыққа тәрбиелейді. Бұған Құранның келесі ережесі негіз болады (39 сүре 5 аят); Расында, егер кім өтірікші болса, онда Алла оны тура жолға бастамайды.

Мұсылман құқығы елшілердің жасырынкездесулерін жоққа шығармайды, бірақ мұндай кездесулер басқа мемлекетке қарсы сөз байласу болмауы керек. Мұндайда мұсылмандар төмендегі Құранның 58-сүресінің 9-аятын басшылыққа алады: “Әй мүміндер!Егер сыбырлассаңдар күнә, дұшпандық және Пайғамбарға қарсылық жайында сыбырласпаңдар.

Мұсылман дипломаттары өз қызметтерінде дауласушы тараптарды ымырағакелтіруге тиіс, сондай-ақ өзара дауласушы мұсылман мемлекеттерін де достыққа шақыруы керек. Мұндайда Құранның 49-сүресінің 9,10 аяттары негіз болады: “Егер мүміндерден екі топ соғысса, дереуараларын жарастырыңдар. Егер екі жақтың бірі екіншісіне өктемдік жасаса, бас тартқан жақпен Алланың әміріне қайтқандарына дейін соғысыңдар. Егер қайтса араларын әділдікпен жарастырыңдар туралық істеңдер. Расында Алла туралықістеушілерді жақсыкөреді. Шын мәнінде мүміндер туыс қой. Сондықтан екі туыстарыңның арасын қарастырыңдар”

Мұсылман елшілері өз қызметтерінде тек қана өздері емес, сондай-ақ серіктерінде (партнер) әділдік пен шындықты талап етеді. Бұл Құранның 33-сүресінің 1-аятынан келіп шығады “Аллаға ақуалық істе де көпірлер мен мұнафиқтарға бағынба.

Түзілген шарттарға сенімділік (әділдік) мұсылман дипломатияларының абыройының қатарына жатады. Құран ол туралы былай делінген: келісім шарттарыңды адал орындаңдар, себебі келісім шарттарыңды адал орындаңдар, себебі келісім шарттар жайлы сұралады” Бұл қазіргі таңда дүние жүзі дипломатиясы басшылыққа алатынежелгі латын – принципіне салды.

Мұсылманмемлекеттерінің дипломаттары бөтен мемлекетте жүргенде, сондай- ақ мұсылман мемлекеттері өзіне оккредитацияланған мемлекеттердің дипломаттарын қабылдағанда мұсылман әлемі мен мұсылман емес аймақтар бір-бірін терең түсіну үшін барлық мүмкіндіктерді жасайды. Бұған Құранның 49 сүресінің 13 аяты негіз болады: “Әй адамбаласы! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйелден жараттық.Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін сендерге ұлттар, рулар қылдық”.