қол қояды. Бұйрық беру тәртібі бұзылғанда, оның заңды күші жойылып, кері қайтарылады. Бұйрық жобасына оның қажеттігін, заңдылығын негіздейтін құжатар қоса тіркелді.
Бұйрық, егер оның мәтінінде өзге мерзім көрсетілмесе, қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Қол қою құқырғына мекеме басшылары, олардың бір інші орынбасарлары , сондай-ақ біліктілігі жоғары және басшының таспсыруымен кейбір құзырлы адамдар ие бола алады.
Егер мәтінде бұйрықтың аяқталу мерзімі көрсетілмесе, оның күші тұрақты болады. Оның күшін мекеме басшысы жаңа бұйрық шығарып қана жоя алады, немесе жоғарлы құзырлы орган, немесе сот жояды.
Негізгі қызмет бойынш бұйрықтар кәсіпорынның бланкісіне толтырылады және мынадай деректерден тұрады: кәсіпорын атауы, құжат түрінің атауы (бұйрық), мерзімі, індексі (номері), мәтін тақырыбы, бақылау туралы белгілер.
Кәсіпорын бланкісіндегі бұйрықтың үлгісі төмендегідей:
БҰЙРЫҚПРИКАЗ
00.00.00 №
Шығарылған орынШығарылған орын
(қазақ тілінде)(орыс тілінде)
Нұсқаулықты енгізу
Мәтін
Кәсіпорын директорыҚолыҚойылған қолдың анықтамасы
Бұрыштамалар
Іске — — — — —
Орындаушының
аты-жөні мен телефоныҚолы
бұйрықтың мәтіні екі бөліктен тұрады: белгілеуші және жарлық.
Белгілеуші бөлікте тиісті істердің мақсат- міндеттері , бұйрықшығарудың себептері баяндалды, не бұйрық шығаруға негід болған құжатқа сілтеме жасалды.
Жарлық бөлігі жеке жолға жазылған “БҰЙЫРАМЫН” деген сөзден бас талады. Мәтіннің бұл бөлімінде орындалатын істер, оған жауапты адамдардың аты-жөні , лауазымы, іске асару мерзімі көрсетіледі. О араб санымен нөмірлентін тармақтарға бөлінуі мүмкін. Әр тармақ үшін жақ бұйрық рай ырықсыз стіс. Тұлғасындағы етістіктен (тапсырылсын, жариялансын т.б) және бұ рықты орындаушыны (лауазымды адамды немесе бөлімшені) көрсетуден басталады. Орындауға жауаптылықты: “Бұйрықтың орындалуын бақылау (лауазымы, аты-жөні) жүктелсін” деп көрсетіледі.
Жекелеген тапсырмалар бұйрыққа қосымша ретінде берілуі мүмкін және бұйрық мәтінінде оларға сілтеме жасалуы тиіс (қосымшаға сәйкес). Егер қосымшалар бірнешеу болса, олардың әрқайсысы нөмірленеді.
Бұйрық пен қосымшалардың бестері бірыңғай құжат түрінде нөмірленеді.
Іс жүзінде кейде түпнұсқаның қандай да бір бөлімнің үзінді нұсқасы ретінде бұйрықтан көшірме даярлу қажеттігі туындайды.
Бұйрықтан көшірме жарлыққа дейінгі барлық деректер сақталады, ал жарлық бөлімінен тек нақтылы сол жағдайға қажет мағлұмат алынды. Көшірме де үзінді нұсқа сияқты куәландырылады.
Нұсқаулар мен жарлықтар.
Нұсқау –ақпараттық -әдістемелік немесе ұйымдастырушылық сипатқа ие құжат. Нұсқаулар бұйрық, нұсқау, жарлықтардың орындалу тәртібін түсіндіреді. Нұсқауға қол қою құқығына бірінші басшы, бас мамандар ие.
Нұсқаудың мәтінін бұйрықтағыдай белгілеуші және жарлық бөліктерінен тұрады.
Беллгілеуші бөлігі: “орындау мақсатымен”, “соған сәйкес”, “мақсатында” деген сөздермен басталады. Жарлық бөлігі бұйрықтағыдай құрылды.
Жарлық –басқарудың шұғыл мәселелері бойынша шығарылатын құқықтық акт. Оған директордың орынбасарлары, өз өкілеттіліктері шегінде құрлымдық бөлімше басшылары қол қояды.
Жарлықтың мәтіні бұйрықтағыдай құрлымды бөліктерден тұрады. Жарлық құжаттың сапалы болуы пішімі жағынан дұрыс болуына ғана емес, мазмұны жағынан толық, анық, дәл болуына да байланысты. Тәжірибе көрсеткендей, бұрықты құруда көбінесе мынадай қателер жіберіледі:
- құжатты шығаруға себеп болған дәлелдерді талдаудың орнына қабылданған шешімге байланысты басшыны ақтау орын алады.
- Жарлық құжатты бір мезгілде бірнеше адамға немесе бірнеше бөлімшелерге қатысты болып келеді де, кімге не істеу қажеттігін нақты айтылмайды.
- Құжат не шамадан тыс нақты болып келеді де, орындаушының бастама көрсетуге ынтасын жояды, не бұйрықты орындаудың оған бұрыннан жақсы таныс жолдармен әдіс-тәсілдерін көрсетеді.
- Құжатта оны орындауға жауапты адамдар аталмайды, мерзімі көрсетілмейді.
- Құжатта “деңгейін көтеру керек”, “жоғарлату қажет”, “төмендеу қажет” т.б.осындай жалпылама нұсқаулар болады. нақты кімге арналғаны , орындалу мерзімі көрсетілмегендіктен, бұндай нұсқаулардың орындалуын тексеру қиын болады. Мұндай “жалпылама басшылық” –жаман әдет, мәнсіз-мағынасыз іс.
Басқарудың жетілмеген шешімдері –басшының біліктілігін төмен екендігінің белгісі.