“Мүгедектік” сөзінің орысша баламасы “инвалидность” сөзі латынның “invalidus” сөзінен туындаған және “әлсіз, күші жоқ” деген мағынаны білдіреді.
С:Т:Ожегенавтың сөзіндегі мүгедек “аурудың, жарақаттың салдарынын еңбекке қабілетін жоғалтқан адам” деп анықталған. В. Дальдың сөзіне сәйкес, мүгедек – бұл “қызметке қабілетсіз әлсіз, жарақаттанған адам”. Шетелдік сөздері сөздігінде мүгедек “аурудың, жарақаттың немесе дамуындағы туа біткен кемшіліктердіңсалдарынан өз кәсібі бойынша жұмыс істеуге қабілетсіз адам ” ретінде анықталған. Медициналық әдебиеттерде мүгедек ретінде “еңбекке қабілеттің созылмалы аурудың, жарақаттың немесе патологиялық жағдайдың салдарынан бұзылуы немесе мардымсыз шектелуі” түсініледі.
Сонымен, медицина өкілдерінің пікірінше, созылмалы аурудың, жарақаттың немесе патологиялық жағдайдың салдарынан адам толығымен немесе ішінара еңбекке жарамсыз болуы мүмкін, яғни жоғарыда аталған себептердің нәтижесінде адам өзінің еңбек, кәсіби міндеттерін орындай алмайды. Мұндай жағдайларда медициналық органдары тұлғаға мүгедектікті тағайындайды.
Бұдан шығатын қорытынды, мүгедектік ретінде медициналық органмен куәландырылған, өмір сүруді шектеуге әкеп соққан қандай да бір аурудың, жарақаттың немесе кемшіліктің салдарынан адамның денсаулығының тұрақты түрде бұзылуы. Бұл ретте өмір сүруді шектеу ретінде ағзаныңкелесідей функцияларын толығымен немесе ішінара жоғалтуы түсініледі:
— еңбек қызметіне қатысты қабілеттер, яғни өзі дербес, өз әрекеттері арқылыжәне лауазымдық талаптарға сәйкес еңбек міндеттерін орындау қабілеті;
— өзі дербес жүоіп- тұру қабілеті, яғни тұрмыстық дәне еңбек жағдайларында тепе- теңдікті ұстай атырып, кеңістікте бөтеннің көмегінсіз жүріп- тұру қабілеті;
— өзіне -өзі қызмет көрсету қабілеті, яғни бөтеннің көмегінсіз өмірлік қадеттіліктерлі, ағзаның физиологиялық функцияларын және санитария мен гигиена талаптарын дербес қанағаттандыру қабілеті;
— қарым –қатынасқа түсу қабілеті, яғни адамлармен мақсатты байланыстардың орнықтыру, ақраратты беру, қабылдау және түсіндіру қабілеті;
— өз- жүріс тұрысна бақылау жасау қабілеті, яғни әлеуметтік- тұрмыстық нормаларды ескере отырып, сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге мақсатты түрде жауап беру қабілеті;
Мүгедектіктерді тағайындауды медициналық- әлеуметтік сараптамалық комиссия (МӘСК) жүзеге асырады. Медициналық- әлеуметтік сараптамалық комиссияға өмір сүрудің және әлеуметтік қамсыздандыруды қажет ететін тұлғалар жібереді. Медициналық -әлеуметтік сараптамалық комиссия ағза функцияларының, аурудың, жарақаттың немесе туа біткен кемшіліктің салдарынан тұрақты түрде бұзылуын дәлелдейтін диагностикалық емдеу, сауықтыру шараларының негізінде ағзаның жағдайын жалпы бағалаудан да жүргізіледі.
Медициналық -әлеуметтік сараптамалық комиссияға науқас адамдарды денсаулық қорғау мекемелері немесе халықты әлеуметтік қорғау органдары жолдайды. Жолдамада науқас адамның денсалық жағдайы туралы, ағза функцияларының бұзылуы туралы және жүргізілген емдеудің нәтижелері туралы мәлметтер көрсетілуі тиіс.
Медициналық -әлеуметтік сараптамалық комиссия келесі міндеттерді орындауы тиіс:
— мүгедектікті, оның себептерін және туындау уақытын анықтау;
— еңбек жарақатының немесе кәсіптік аурудың салдарынын еңбекке қабілетті жоғалтудың нәтижесін анықтау.
Медициналық -әлеуметтік сараптамалық комиссия тұлғаның тұрғылықты жері бойынша немесе денсаулық қорғау мекемесіне бекітілген жерде жүргізіледі.
Егер медициналық көрсетулер бойынша азамат куәландыруға өзі дербес келе алмайтын болса, онда медициналық-әлеуметтік сараптамалық комиссия куәландырылатын тұлғаның үйінде немесе ол емделуде жатқан емдеу мекемесінде жүргізіледі.
Мүгедектіктің себептерінің қатарында жалпы науқастару, еңбек жарақты немесе кәсіптік ауру, туғаннан орын алған мүгедектік, әскери қызметшілер үшін- Отанды қорғау немесе әскери қызметтің өзге де міндеттерін орындау кезінде алынған жаралану, зақым немесе соғыста болуымен байланысты ауру және т.б.орын алуы мүмкін.
Мүгедек тікті белгілеу үшін негіздер болып мыналар табылады:
1) аурудың, жарақаттың немесе кемшіліктердің салдарынан ағза функцияларының тұрақты түрде бұзылуы,
2) өмір сүру қабілетінің толығымен немесе ішінара бұзылуы, яғни қабілеттердің немесе еңбекпен айналысу мүмкіндіктерінің шектелуі, сонымен қатар өзіне- өзі қызмет көрсету, жүріп –тұру, қарым- қатынасқа түсу, оқу, өзіне -өзі бақылау жасау, кеңісткте қозғалу және т.б.қабілеттерін жоғалту немесе бұл қабілеттредің шектелуі;
3) әлеуметтік қамсыздандыру шараларын алудың қажеттігі.
Аталған негіздердің тек біреуінің болуы мүгедектікті белгілеу үшін жеткілікті негіз бола алмайды.
Мүгедектікті белгілеген күн болып, азаматтың барлық қажетті құжаттарды қоса отырып, өтінішін медициналық санитарлық сараптамалық комиссияға берген күні саналады.