Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге төленетін әлеуметтік жәрдемақылар

Зейнетақылар азаматтарға не заңдарда белгіленген жасқа толған кезде, не олар өмір сүрудің негзгі көзі ретіндегі жаоақыны жоғалтқан кезде, заңдарда белгіленген жағдайлар орын алғанда беріледі.

Алайда, азаматтардың еңбекке қабілетін жоғалтпай-ақ және өмір сүруі шектелместен де, тіпті одан әрі еңбек ету мүмкіндігін иелене отырып та, яғни жалақысын жоғалтпастанда материалдық көмекті қажет ететін кездері болады. Мысалы, ауырған кезде, бала туған кезде және т.б. мұндай жағдайларда мемлекет өз азаматтарына жәрдемақы түрінде көмек береді.

Жәрдемақылыр заңдарда көзделген жағдайларда беріледі. Олар, әдетте, әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған тұлғаларға негізінен бюджеттік қаражат есебнен немесе жұмыс берушілердің қаражаты есебінен беріледі.

Әлеуметтік қамсыздандырудағы жәрдемақылар –бұл заңдарда көзделген жағдайларда берілетін, азаматтарға мемлекеттік көмек көрсету сипатына ие мерзімдік ақшалай әлеуметтік төлемдер.

Жәрдемақылар, әлеуметтік көмек сияқты, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінде маңызды орынды иеленген. Біздің мемлекетіміздің тарихында жәрдемақылардың кейбір отбасылардың өмір сүруінің жалғыз көзі болып табылған кездері болған. Бқл 90-жылдарда әлеуметтік күйзеліс пен жұмыссыздық белең алған кезде, әсіресе, көпбалалы жас отбасылар үшін аса қажет болады.

Жәрдемақылар ақшалай нысанда беріледі, олар көмекке мұқтаж отбасылар мен азаматтардың табыстарын реттеуге бағытталған. Жәрдемақылардың негізгі мақсаты отбасылар мен азаматтар заңдарда көзделген кезеңдерде, мұқтаждыққа ұшыраған кезде мемлекеттің оларға материалдық көмек көрсетуінен тұрады.

азаматтардың еңбекке қабілетін жоғалтпай-ақ және өмір сүруі шектелместен де, тіпті одан әрі еңбек ету мүмкіндігін иелене отырады.

Еңбекке уақытша жарамсыздықты қызметкердің науқастануына, еңбек жарақатын алуына орай немесе заңдарда әлеуметтік деп танылған өзге де себептер орын алған жағдайда еңбекке қабілетінің жоғалуына немесе төмендеуіне байланысты өзінің еңбек міндеттерін орындай алмауы ретінде түсінуге болады. Жәрдемақылар ақшалай нысанда беріледі, олар көмекке мұқтаж отбасылар мен азаматтардың табыстарын реттеуге бағытталған. Жәрдемақылардың негізгі мақсаты отбасылар мен азаматтар заңдарда көзделген кезеңдерде, еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақыны берудің мақсаты болып еңбекке қабілетті қалпына келтіру, сонымен қатар қызметкердің қызметтестерінің және оның отбасы мүшелерінің денсаулықтарын қорғау мақсаттарында сөзылмалы аурулардың, қызметкерде қандай да бір аурудың туындауының немесе дамуының алдын алу.