Мекен – жайлық әлеуметтік көмек

Атаулы әлеуметтік көмек. Бұл –жұмыссыздарға арналған арнайы әлеуметтік көмек. Бұл төлемдер жұмыссыз ретінде тіркелген, отбасының адам басына шаққандағы табысы белгіленген мөлшерден аспайтын тұлғаларға белгілі бір мезгілде төленетін төлемдер.

Жәрдемақының аталған түрі жұмыссыз, көмекке мұқтаж тұлғаларды материалдық қамсызданбдырудың жаңа түрі болып табылады. Мұндай жәрдемақымен қамсыздандырудың жағдайлары мен тәтібі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 маусымдағы “Мемлекеттікәлеуметтік көмек туралы” заңмен реттеледі, бұл заң жұмыссыздарды материалдық қамсыздандыру жүйесін түбірімен өзгертті.

Атаулы әлеуметтік көмекті алу құқығын ҚР азаматтары, оралмандар, босқын мәртебесіне ие тұлғалар, ҚР аумағында тұрақты түрде тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар иеленеді.

Заңдарда жәрдемақының отбасының жалпы табысына тәуелділігі белгіленген. Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері және оны алу мүмкіндігінің өзі, отбасының жиынтық табысына және отбасының әрбір мүшесіне тиесілі сомаға тәуелді болады. Бұл ретте жиынтық табысқа барлығы кіреді: тіпті заттай көмек те –балаларға берілетін сыйлық, тегін түстік ас, бау –бақшадан, малдан түсетін табыс және т.б мысалы, Жамбыл облысында бұл жәрдемақы алу үшін бастапқы деңгей 2004 жылы 1800 теңгені құрады.

Көмек жұмыссыз, бірақ халықты жұмыспен қамсыздандыру туралы уәкілетті органдарда тіркелмеген тұлғаларға тағайындалмайды. Бұл ретте мына тұлғаларға аталған ереже таралмайды: мүгедектерге және стационарлық емделуде бір айдан артық болған тұлғаларға, күндізгі оқу бөлімінде оқитын оқушылар мен студенттерге, туындаушылар мен курсанттарға, соның ішінде магистратура мен аспирантурада оқитындарға, сонымен қатар І және ІІ –топтағы мүгедектерді, 80 жастан асқан тұлғаларды, 7 жасқа дейінгі балаларды күтуші азаматтарға.

Себепсіз жағдайлармен ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан бас тартқан, қоғамдық жұмыстарға қатысудан, оқудан немесе қайта оқудан өз еркімен бас тартқан жұмыссыз тұлғалар атаулы әлеуметтік көмекті алу құқығынан алты айға бас тартады.

Мүдделлі тұлғалар жәрмақының бұл түрін алу үшін өз атынан немесе отбасы атынан атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін тұрғылықты жеріндегі уәкілетті органға әлеуметтік жеке кодтың нөмерін көрсете отырып, белгіленген үлгідегі өтінішті бере отырып жолданады. Өтінішпен бірге келесі құжаттарды да ұсыну қажет:

  • отбасы құрамы туралы мәліметтер
  • отбасы мүшелерінің табстары туралы мәліметтер
  • өзіндік қосалқы шаруашылықтың бар –жоқтығы туралы мәліметтер.

Атаулы әлеуметтік көмек отбасының оны алуға құқылы әрбір мүшесіне тағайындалады. Оны алушылар құрамына мыналар енбейді:

  • толығымен мемлекеттік қамсыздандырудағы балалар
  • үй- интернаттарда тұрақты түрде тұратын қарттар мен мүгедектер
  • мерзімдік әскери қызметтегі тұлғалар
  • бас бостандығынан айыру, мәжбүрлеп емдеу орындарындағы тұлғалар.

Атаулы әлеуметтік көмек ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді.

Атаулы әлеуметтік көмекті алу құқығы тоқсан сайын табыстар туралы құжаттарды ұсыну арқылы расталып отыр.

 

Жерлеу -бұл адам қайтыс болған жағдайда оның денесін ұлттық салт –дәстүрге сәйкес жерлеуге қатысты дәстүрлі әректтер. Жерлеу мәйітті жерге, суға, көму, өртеу арқылы жүзеге асыруы мүмкін.

ҚР қазіргі кездегі заңдары әрбір адамға ол қайтыс болған жағдайда оның еркін ескере отырып, жерлеуді кепілдейді. Ерік білдіру куәлардың қатысуымен ауызша нысанда не жазбаша нысанда көрініс табуы мүмкін. Қайтыс болған тұлғаның еркін орындаушылар болып ерік білдіруде көрсетілген тұлғалар (олардың келесімен) табылады, ал олар болмаған жағдайда немесе олар бұдан бас тартқан жағдайда қайтыс болған тұлғаның еркін білдірушілер ретінде оның ері немесе өзге де жақын туыстары не заңды өкілдері танылады.

Заңдарда көмекке мұқтаж азаматтардың қатарындағы жұмыссыздарды жерлеуге материалдық көмек көрсету көзделген. Мұндай жағдайда материалдық көмек жерлеуді жүзеге асырған отбасына немесе тұлғаға көрсетіледі.

Жерлеуді қайтыс болған адамның туыстары немесе өзге де азаматтар жерлеу істері жөніндегі арнайы мекемелердің көмегімен жүзеге асырады. Қайтыс болған адамның туыстары немесе оны жерлеуге ниет білдірген тұлғалар болмаған жағдайда жерлеуді тиісті мекемелер мемлекет есебінен жүзеге асырады.

Қазіргі кезде заңдар әрбір адамға ол қайтыс болған жағдайда оның ерркін және оның халқының сат –дәстүрі мен әдет-ғұрпын ескере отырып жерлеуді кепілдейді.

Егер жерлеуді арнайы мекемелер жүзеге асырса, онда қайтыс болған адамның жақындарына жәрдемақы төленбейді, бұл жәрдемақы аталған мекемелердің шығындарын жабуға жіберіледі.