Еңбек атқарған жылдары үшін зейнетақы

Еңбек сіңірген жылдары –бұл қызметкерлердің жекелеген санаттарының арнайы еңбек стажының ерекше түрі, олар кәсіптік еңбек қабілеттің жоғалуына және заңдарда белгіленген жағдайларда зейнетақылық қамсыздандыруға құқық береді.

Еңбек сіңірген жылдарға да жалпы еңбек стажының сипаттары тән, алайда еңбек стажының бұл түрінің өзінше бір ерекшеліктері де бар

Еңбек сіңірген жылдарын есепке алу кезінде зейнетақы белгілі бір жасқа толумен байланысты емес, ал қызметкерлердің кейбір жекелеген санатарының белгілі бір уақыттан соң өздерінің кәсіптік қасиеттерін жоғалтуына және белгіленген зейнетақы жасына дейін өз мамндығы бойынша толыққанды жұмыс істей алмауына орай тағайындалады. Сол себепті, оларға зейнетақы мамндығы бойынша жоғалған кәсіптік еңбекке қабілетін ішінара өтеу ретінде тағайындалады.

Еңбек сіңірген жылдары бойынша мемлекеттік зейнетақылық қамсыздандыру бұрыннан бар. Еңбек стажының бұл түрін шамамен алғанда ХХ –ғасырдың 20 –жылдарының ортасында, кәсіптік әскери қызмет пайда болған кезеңде енгізілген.

Орталықтан толық көлемінде төленетін зейнетақы төлемдері әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының және Әділет министрлігінің Қылмыстық атқару комитетінің қызметкерлеріне ақшалай қаражаттың елу проценті есебінен төленеді.

Орталықтан толық емес көлемде төленетін зейнетақы итөлемдері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек сіңірген жылдарының және еңбек стажының әр жылға шаққанда ақшалай қаражаттың екі проценті есебінен белгіленеді.

Зейнетақы төлемдері әскери қызметтегі, ішкі істер органдарындағы және Әділет министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитетіндегі қызметте жиырма бес жылдан астам еңбек сіңірген жылдарының әр жылы үшін екі процентке, еңбек стажының әр жылы үшін бір процентке көбейтіледі.

Еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақының жалпы мөлшерін ақшалай қаражаттың алпыс бес процентінен асыруға болмайды. Арнайы атақтар беріліп, ҚР заңдарымен ішкі сітер органдарынынң қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылытын әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне айлық зейнетақы төлемдерінің ең доғарғы мөлшерін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жетпіс бес еселенген мөлшерінен асыруға болмайды.

Ақшалай қаражат мөлшеріне лауазымдық айлық ақысы, әскери атағы бойынша айлықақысы кіреді.

Әскери қызметшлерге, ішкі істер органдарының және Әділет министірлігінің Қылмыстық атқару комитетінің қызметкерлеріне атғайындалған зейнетақы төлемдерін республикалық бюджет қаражаты есебінен төлеу қызметтен босаған күннен бастап, бірақ оларға ақшалай қаражат төленген күннен кейін жүзеге асырылады.

Әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының және Әділет министрлігінің Қылмыстық атқару комитетінің қызметкерлеріне тиісті қызметтерді ұстауға көзделген қаражат есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру алушылардың еңбек ақысын немесе басқа да табысы болуына қарамастан толық жүргізіледі. Әскери қызметшілерді, ішкі істер органдырының және қылмыстық атқару жүйесі комитетінің қызметкерлерінің зейнетақы қамсыздандыруда жүзеге асыратын органдар.

Әскери қызметшілерге ішкі істер органдардың және қылмастық атқару жүйесі комитетінің қызметкерлеріне зейнетақы төлемдерін тағайындауды ҚР қорганыс министрлігі, Әділет министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті т.б.

тиісті мемлекеттік органдар. ҚР үкімет билейтін тәртіппен жүзеге асырады.

Жоғарыда аталған зейнеткерлер санатын зейнетақы жинақтаушы зейнетақы қорларына салынатын міндетті және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы қамсыздандыру ҚР “ҚР –да зейнетақымен қамсыздандыру” туралы заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.