Зейнетақыларды тағайындау үшін қажет құжаттардың тізімі, зейнетақыны тағайындауға, оның мөлшерін қайта есептеуге, зейнетақының бір түрінен екіншісіне ауысуға қатысты жолдану тәртібі, зейнетақы құжаттарын толтыру заңдарда белгіленген тәртп бойынша жүзеге асырылады.
Зейнеткерлердің қалауы бойынша зейнетақы зейнеткерлердің есепшотына ауыстырылуы мүмкін немесе заңдарда белгіленген тәртіпте берілетін сенімхет бойынша төленуі мүмкін. Зейнеткерлердің зейнетақы алатын жері жыл сайын расталатын болса, мерзімі бір жылдан асатын сенімхат бойынша зейнетақы төлеу сенімхаттың әрекет ететін бүкіл мерзімінде жүзеге асырылады.
Еңбек зейнетақысы зейнетақының көрсетілген түріне өтініш берген күннен бастап, бірақ ол осы зейнетақына алуға құқық туындағаннан соң ғана тағайындалады.
Арызбен қажетті құжаттарды зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органға бір мезгілде берген күн орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш берген күн болып есептеледі. Арыз бен қажетті құжаттарды поштамен жіберген жағдайда Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтінш берген күн болып бұларды поштадан жіберген күн есептеледі.
Еңбек зейнетақылары келесі мерзімдерге тағайындалады:
- жасына байланысты еңбек зейнетақысы -өмір бойына
- мүгедектігіне байланысты еңбек зейнетақысы –мүгедек деп тану мерзіміне
- асыраушысынан айырылуына байланысты еңбек зейнетақысы –бұл зейнетақыны алушы еңбекке жарамсыз болған бүкіл кезеңге.
Зейнетақыларды төлеу келесі жағдайларда тоқтала тұрады:
- егер зейнеткер зейнетақыны қатарынан алты ай алмаса –зейнетақыны алмаған бүкіл кезеңге, аталған мерзім өткен айдан кейінгі айдың 1-күнінен бастап
- егер мүгедек белгіленген мерзімде қайта куәландырудан өтеуге келмесе –зейнетақыны төлеу тоқтатылады, ал бұл тұлғаны қайтадан мүгедек деп таныған жағдайда зейнетақы тоқтатылған күннен бастап, бірақ 1 айдан аспайтын мерзімге төлендеді.
Қайта куәландыррудан өту мерзімдерін себепті жағдайлармен өткізіп алған жағдайда, зейнетақыны төлеу қайта куәландырудан өту күнінен бастап, бірақ 3 жылдан аспайтын мерзімге төленеді.
Егер мүгедекке зейнетақы төлеу еңбекке қабілетінің қалпына келуіне немесе қайта куәландыруға себепсіз жағдайлармен келмеуіне байланысты тоқтатылса, одан кейін бұл тұлғаны мүгедек деп таныған жағдайда, зейнетақы төлеуді тоқтатқан күннен 5 жыл уақыт аспаса, зейнетақы төлеу мүгедектікті белгілеген күннен бастап қалпына келтіреді. Егер 5 жыл уақыт асып кетсе, онда зейнетақы жалпы негіздер бойынша тағайындалады.
Зейнеткерлердің басым көпшілігі үшін зейнетақы өмір сүрудің негізгі, кейде жалғыз көзі болып табылады. Зейнетақыдан ұстап қалу тек заңдарда көзделген жағдайларда ғана орын алуы мүмкін.
Зейнетақы тағайындау кезіндегі қателіктер салдарынан артық төленген сомаларды зейнетақы төлемдерін алушының өтініші негізінде ұстап қалатын жағдайлардан, сондай-ақ сотталғандардың, бас бостандығынан айырылғандардың табысынан ұстап қалатын жағдайлардан басқа мүмкін.