Жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметінің құрылымы және оны ұйымдастыру

Жоғарыда атап өткеніміздей, жинақтаушы зейнетақы қорлары елдің зейнетақыл жүйесінің тек бір деңгейі ғана емес, сонымен қатар оның орталық буыны да болып табылады.

Зейнетақы жүйесін реформалау мақсаттарында біздің мемлекетіміз ҚР Зейнетақы қорын Зейнетақыларды төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа өзгертті дәне жинақтаушы зейнетақы қорларының жүйесін құрды. Жинақталатын жеке зейнетақы қаражаттарын қалыптастыру үшін жинақтаушы зейнетақы қорларының екі түрі құрылды: мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры (МЖЗҚ) және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры( МЕЖЗҚ).

1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, кем дегенде алты айлық еңбек стажына ие азаматтар зейнетақыны толыққанды жүйеден де және егер зейнетақылық жарналарды төлеп отырса, жинақтаушы зейнетақы қордан жа алатын болады. жинақтаушы жүйеге толығымен ауысу. Зейнетақыларды төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық төлемдерді төлеуді тоқтатқан кезде, тек 2045 жылға қарай ғана орын алуы мүмкін. Бұл кезге дейін азаматтардың басым көпшілігі зейнетақыны зейнетақыларды төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан да, өздерініғң жинақтаушы зейнетақы қорынан да алады.

Зейнетақымен қамсыздандырудың қазіргі кездегі жүйесінің ерекшеліктері болып мыналар табылады:

  • зейнетақылақ төлемдер бұрынғыдай ұрпақтар арасында емес, бір ұрпақтың өз ішінде ғана көзделген, яғни әрбір азамат еңбекке қабілетті жасында өз қаражатынан болашақ зейнетақыға жарналар слаынады
  • зейнетақы қоры жианқ қорлырына, инвестицияларға және зейнетақы төлемдеріне өзі билік жасайды
  • мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж тұлғаларға тек әлеуметтік зейнетақыларды береді, бюджет қызметкерлері үшін зейнетақы жарналарын есептейді және жеке зейнетақы жүйесінің заңды жұүмысының кепілдігін қамтамасыз етеді.

ҚР зейнетақы реформасында келесідей өзгерістер орын алады:

  • барлық артықшылықты зейнетақылар жойылды. Зейнетақыны алуға қойылатын талаптар, барлық азаматтар үшін бірдей болады.
  • зейнетке шығу жасы еркектер үшін 63 жасқа дейін, әйелдер үшін 58 жасқа дейін өсті
  • жинақтаушы зейнетақы қорында әрбір қызметкерге жеке зейнетақы шот ашылады (ӘЖК –пен шатастыруға болмайды), бұл шотқа қызметкердің міндетті зейнетақы жарналары және инвестициялық табысы аударылады.
  • Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары жабық түрдегі акционерлік қоғамдар түрінде құрылады және екі түрде болуы мүмкін –ашық және корпоративтік.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары елдің зейнетақы жүйесінің тек бір деңгейі ғана емес, сонымен қатар, оның орталық буыны да болып табылады. Жоғарыда атап өткеніміздей, 2045 жылға қарай Зейнетақыларды төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан барлық төлемдердің тоқтатылуы және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне толығымен ауысу жоспарлануда, бұл кезде зейнетақылар тек жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленеді.