Зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік Орталықтан зейнетақымен қамтамасыз ету

Зейнетақыларды тағайындау тәртібі. Жасына , мүгедектігіне, асыруышысынан айырылуына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылар осы тұлға белгіленген жасқа толған кезед және еңбек стажы болған жағдайда, сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жағдайда тағайындалады.

Әлеуметтік зейнетақылар қандай да бір себептермен зейнетақының өзге түрлерін алу құқығын иеленбеген ааматтар үшін тағайындалады. Әдетте, әлеуметтік зейнетақылар зейнетақылық жасқа жеткен, бірақ қажетті еңбек стажы жоқ тұлғаларға тағайындалады. Мұндай жағдайда, зейнетақы жалақыдан есептеле алмайтындықтан, ол тиісті зейнеақы ең төменгі мөлшерінде белгіленеді.

Орталықтан зейнатақы төлемдерін тағайындау туралы арыз зейнетақы төлемдерін есептеу үшін қажетті стажы мен табысын растайтын құжаттармен қоса азаматтың тұрғылықты жері бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органға беріледі.

Орталықтан зейнатақы төлемдері зейнетақы тағайындауға өтініш берілген күннен бастап тағайындалады. Арыз бен қажетті құжаттарды зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органға бір мезгілде берілген күн Орталықтан зейнатақы төлемдері зейнетақы тағайындауға өтініш берілген күн болып есептеледі. Арыз бен қажетті құжаттарды поштамен жіберген жағдайда Орталықтан зейнатақы төлемдері зейнетақы тағайындауға өтініш берілген күн болып бұларды поштадан жіберген күн есептеледі.

Орталықтан зейнатақы төлемдері зейнетақы тағайындауды зейнетақы төлемдерін тағайындаушы орган ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Орталықтан зейнатақы төлемдері зейнетақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органы бас тартудың себептерін жазбаша түрде негіздеп, табыс етелген құжаттарды арыз берушіге қайтаруға міндетті.

Зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органның шешіміне сот тәртібімен шағымдануға болады.