Еңбек стажы –бұл зейнетақы төлеу кезінде есепке алынатын жұмыс пен өзге де қызмет кезеңдерінің қосынды ұзақтығы. Алайда, еңбек стажы тек ұзақтығымен ғана емес, сонымен қатар жұмыстың сипаттымен және еңбек қызметі өткен жағдайлармен де сипатталады.
Еңбек қызметінің ұзындығына және сипатына қарай еңбек стажы жалпы, арнайы және үздіксіз болуы мүмкін. Еңбек стажы жалпы, арнайы және үздіксіз болуы мүмкін. Еңбек стажын бұлайша түрлерге бөлу зейнетақының әртүрлітүрлерін тағайындауға сай келеді. Әрине, қазіргі заманғы жағдайларда үздіксіз стаж өзінің бұрынғы мәнін жоғалтты, бірақ, жалпы және арнайы еңбек стажының рөлі өсті, себебі жалпы негіздер бойынша жасына байланысты зейнетақыны тағайындау кезінде жалпы еңбек стажы талап етіледі, ал жеңілдікті жағдайларда зейнетақы тағайындау үшін арнайы еңбек стажы талап етіледі.
Жалпы еңбек стажы –бұл жұмыс орнына, уақытына және орын алған үзілістерге қарамастан адамның бүкіл өміріндегіеңбек қызметінің жалпы ұзақтығы. Жалпы еңбек стажының маңызы өте зор. Ол әрбір қызметкерді зейнетақылық қамсыздандырудағы басты жағдай болып табылады. Тағайындалатын зейнетақылардың мөлшері оның ұзақтығына тәуелді болады.
Арнайы еңбек стажы –бұл белгілі бір жағдайлардағы белгілі бір лауазымдардағы, белгілі бір табиғи –климаттық жағдайлардағы, радиоактивтік ластануға ұшыраған аумақтардағы және жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылармен жеңілдетілген қамсыздандыруға жататын кезеңдердегі жұмыстың ұзақтығы. Арнайы еңбек стажы жұмыстың жалпы стажынан ажратылады. Арнайы еңбек стажының жеңілдетілген жағдайларда, еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылар тағайындауда маңызы зор. Зейнетақыға шығудың мейлінше жеңілдікті жағдайлары жер астында, зиянды еңбек жағдайларында, ыстық цехтарда жұмыс істеген тұлғалар үшін белгіленеді.
Үнсіздік еңбек стажы – бұл қызметкердің бір жұмыстан екіншісіне ауысқан кездегі үзіліс заңдарда белгіленген мерзімдерден аспанға және қызметтен босату қызметкердің кінәсінан болмаған жағдайдағы үздіксіз еңбек қызметінің ұзақтығы. Алайда, қазіргі кезде үздіксіз еңбек стажы зейнетақылар тағайындау кезде үлкен рөлді иеленбейді.
Куәлардың еңбек стжының болғаны туралы көрсетулері. Еңбек стжының болғаны туралы құжаттар болмаған не оларды алу мүмкін болмаған, сонымен, қатар архив мәліметтері болмаған жағдайда еңбек стажы өтініш берушіні бірге жұмыс істейген жылдары бойынша білетін және өтініш берушінің жұмыс істегеніне қатысты көрсету беріп отырған кезеңдегі өз жұмысы туралы құжаттарға ие екі немесе оданда көп куәлардың көрсетулерінің негізінде анықталады.
Бұл ретте заңдар құжаттардың жоқ болуының, сақталмауыныңсебептерін екі негізгі топқа бөледі:
- әскери әрекеттермен, табиғат зардаптары мен, апаттарымен және өзге де төтенше жағдайлармен байланысты
- кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның таралуымен немесе өзге де себептер бойынша архив мәліметтерінің жоқ болуына байланысты.
Бірінші жағдайда еңбек стажы және оның ұзақтығы белгілі бір кезеңде бір кәсіпорында, мекемеде, ұйымда немесе бір жүйеде бір істеген жұмысы бойынша анықталады.
Екінші жағдайда еңбек стажы және оның ұзақтығы бір кәсіпорында, мекемеде, ұйымда немесе бір жүйеде бірге істеген жұмысы бойынша өтініш берушіні білетін және аталған орында және аталған кезеңдегі өз жұмысы туралы құжаттарға ие кем дегенде екі куәнің жеке көрсетулері бойынша анықталады.
Куәлардың көрсетулері бойынша анықталған еңбек стажының ұзақтығы зейнетақыны тағайындау үшін талап етілетін стаждың жартысынан аспауы тиіс.
Куәлардың көрсетулерімен анықталған жұмыс стажы зейнетақы алу құқығын анықтау кезінде де, сонымен қатар оның мөлшерін еңбек стажының ұзақтығына қарай есептеу кезінде де ескеріледі.
Жасына байланысты зейнетақы ретінде азаматтардың белгілі бір жасқа толған кезде және одан қажетті еңбек стажы болған жағдайда алатын зейнетақы атайды. Еңбек зейнетақысын алуға құқық беретін жас және еңбек стажының ұзақтығы заңдарда анықталған.
Зейнетақылық жасқа толу азаматқа жұмыс беруші мен еңбек қатынастарын тоқтату құқығын береді, ал мемлекетте мұндай азаматты өмір сүру құралы –жасына байланысты зейнетақымен қамтамасыз ету қажеттігі туындайды.
Сонымен, жасына байланысты еңбек зейнетақысына екі белгі тән: зейнетақылық жасқа толу және белгілі бір ұзақтығы еңбек стажының болуы. Бұл ретте еңбек зейнетақысын тағайындағыннан кйін көптеген зейнеткерлердің өзінің еңбекке қабілетін сақтап, еңбек қызметін әрі қарай жалғастыруына рұқсат беріледі. Яғни, оларға одан кейінгі бүкіл өміріне төленетін зейнетақы тағайындалады: олар жұмыс істеп жүрген кезге де, жұмыс істей алмайтын кезге де.
Бұдан шығатын қорытынды, жасына байланысты еңбек зейнетақысының тағы да бір айырықша белгсі болып мына жағдай табылады.