1.Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының субъектілеріның түрлері. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастар бір жағынан –азаматтың, екінші жағынан –мемлекеттік органның арасында туындайды. Алайда, жекелеген жағдайларда, мысалы, асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы төлеу кезінде құқықтық қатынастар отбасы мен мемлекеттің арасында туындайды. Яғни, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастардың субъектілері болып мыналар табылады:
- жеке тұлға (немесе отбасы)
- мемлекеттік органдар
Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың субъектілері болып келесі жеке тұлғалар табылады:
- ҚР азаматтары
- Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылық құқықтық қатынастар болған жағдайда –отбасы
- Егер заңдарда және халықаралық шарттарда ерекше көзделмесе, ҚР аумағында тұрақты түрде тұратын шетелдік азаматтар
- Егер заңдарда және халықаралық шарттарда ерекше көзделмесе, ҚР аумағында тұрақты түрде тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының субъектілері болып әлеуметтік қамсыздандыруға қатыстьы қатынастардың қатысушысы болып табылатын, әлеуметтік қамсыздандырушылық құқық субъектілікке ие тұлғалар табылады.
Жеке тұлғалар құқық субъектілігі болған жағдайда ғана әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастардың субъектілері бола алады. Олардың құқық субъектілігі құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттіліктен тұрады, бұлардың туындау уақыты әртүрлі болуы мүмкін.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының субъектілері –жеке тұлғалардың арасында қарт адамдар, жүйке ауруына шалдыққандар, кәмелетке толмағандар көп. Сол себепті, әлеуметтік қамсыздандыру саласында өкілдік иниституты дамыған.
2.Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың объектілері болып әлеуметтік қамсыздандырудың нақты, белгілі бір түрі әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастар. Әлеуметтік қамсыздандырудың нақты түрлерін шартты түрде материалдық және материалдық емес игіліктер немесе объектілер деп бөлуге болады.
Оларға мыналар жатады: зейнетақы, жәрдемақылар, өтемақылар жатады.
Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың материалдық емес игіліктері немесе объектілері ретінде әлеуметтік қамсыздандыруда заңды мәнге ие фактілерді санауға болады. Заңдар бұлармен әлеуметтік қамсыздандырудың қандай да бір түріне құқықты, сонымен қатар шын мәнінде немесе жалған бұзылған, осы себепті қорғалатын құқықты байланыстырады. Оларға мыналар жатады:
- процедуралық құқықтық қатынастардың объектілері –бұл мемлекеттік органдардың әлеуметтік қамсыздандырудың нақты бір түрін тағайындау туралы шешім қабылдауына қатысты әрекеттері. Бұларсыз материалдық құқықтық қатынастарды, яғни зейнетақыларды, жәрдемақыларды, өтемақыларды төлеуді немесе өзге де қызметтер көрсетуді не жеңілдіктерді белгілеуді жүзеге асыру мүмкін емес.
- процедуралық құқықтық қатынастардың объектілері –бұл жоғары тұрған органдардың азаматтың заңдарда белгіленген мөлшерде әлеуметтік қамсыздандырудың нақты бір түріне қатысты бұзылған құқығын қалпына келтіру жөніндегі шешім қабылдаумен байланысты әрекеттер.