Әлеуметтік қамсыздандырудың мәні келесі функциялардан көрініс табады:
- саяси
- экономикалық
- әлеуметтік
- еңбек
- демографиялық
- сауықтыру.
Әлеуметтік қамсыздандырудың саяси функциясы әлеуметтік тұрақтылықты сақтаудан және халықтың әртүрлі тобының өмір деңгейінің ерекшеліктеріне толы қоғамдағы әлеуметтік шиеліністі әлсіретуден көрініс табады.
Әлеуметтік қамсыздандырудың экономикалық функциясы жасына, еңбекке қабілеттігінен айырылуына немесе асыраушысынан айырылуына байланысты жалақыны немесе өзге де табыстың орнын толтырудан және тұрмыс жағдайы нашар тұлғаларға көмек көрсетуден көрініс табады.
Әлеуметтік қамсыздандырудың әлеуметтік функциясы әлеуметтік қорғалмаған, өзгенің жәрдем көрсетуіне мұқтаж азаматтар санаттарына оларға қосымша қаожы бөлу жолымен көмек көрсетуден көрініс табады.
Әлеуметтік қамсыздандырудың еңбек функциясы әлеуметтік қамсыздандырудың барлық түрлері үшін қаржының қайнар көзі болып осы қоғамдағы еңбек қатынастарының табылуынан көрініс табады.
Әлеуметтік қамсыздандырудың сауышқтыру функциясы мүгедектер мен халықтың өзге де әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарының қоғамдық мәртебесін қалпына келтіру үшін қалыпты жағдайлар жасаудан көрініс табады.
Әлеуметтік қам сыздандыру құқығының пәні болып азаматтарды зейнетақылармен, жәрдемақылармен, өтемақылармен қамтамасыз етумен, сонымен қатар процедуралық және құқық қорғаушылық сипаттағы қызметтер көрсетумен байланысты қоғамдық қатынастар табылады.
Әлеуметтік қамсыздандырудың пәнінде, негізгі зенетақылық қатынастармен қатар туынды, процедуралық қатынастарды да бөліп қатастыруға болады. Оларға Зейнетақы қорын қалыптастыруға және пайдалануға қатысты қатынастар, әртүрлі жәрдемақыларды төлеуге қатысты қатынастар, азаматтарға медициналық және санаториялық –курорттық көмек көрсетуге өатысты қатынастар жатады.
Процедуралық сипаттағы құқықтық қатынастар келесідей заңды мәнге ие әрекеттерді жасаумен байланыс ты туындайды:
- оларсыз материалдық қатынастар туындамайтын заңды фактілерді белгілеу (мүгедектігі бойынша зейнетақыны тағайындау бүшін мүгедектік фактісін анықтау қажет, ал еңбекке жарамсыздық фактісін анықтау қажет )
- әлеуметтк қамсыздандыруға құқықты жүзеге асыру, яғни әлеуметтік қамсыздандырудың кез келген түрін тағайындау кезінде.
Іс жүргізушілік сипаттағы құқықтық қатынастар осы салада туындайты,н дауларды қараумен және лауазымды тұлғалардың немесе мемлекеттік органның шешімін әкімшілік не сот тәртібінде шағымдаумен байланысты . Бұл даулар әртүрлі мәселелер бойынша туындауы мүмкін: қандайда бір әлеуметтік қамсыздандыру түрін тағайындаудан бас тартуға қатысты немесе оның мөлшерін ақшалай нысанда анықтау кезінде, мүгедектің себептерін не тобын, жеңілдіктерге құқықтарды анықтау кезінде және т.б.