сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілерін танып-білу.
- Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілерінің бірі – н ү к т е . Нүкте сөйлеуге қатысты бір сөйлемді басқа сөйлемдерден ажыратып, бір ойды екінші оймен шатастырмау үшін қолданылады.
Кез келген сөйлемдерден кейін нүкте қойыла бермейді, ло тек жай не құрмала сөйлем түрінде жұмсалған хабарлы сөйлемдерден соң қойылады. Мысалы: Халықтар бейбітшілік үшін күреседі. Белок дұрыс синтезделмесе, организмнің қалыпты жұмыс істеуі бұзылады.
- Сұрау белгісі сұраулы сөйлем соңына қойылып, оны сөйлеуге қатысты басқа сөйлемдерден ажыратып көрсету үшін қолданылады.
Сұраулы сөйлемдер арқылы берілген ойдың, интонацияның және ондағы сөздердің синтаксистік байланыстарының аяқталғандығы сұрау белгісімен белгіленеді. Мысалы: Өткен жылы рекорд берген кім екен?
- Леп белгісі лепті сөйлемдер мен кейбір оқшау сөздерден соң (жоқ, иә, қаратпа, одағай сөздерден кейін) қойылады да, оны сөйлеге қатысты басқа сөйлемдерден ажыратып көрсету үшін қолданылады. Мысалы: Сапқа тұрыңдар, жолдастар! Жасасын ерікті адамдардың мейрамы! Жасасын 1 май!
- Көп нүктенің қолданылатын жерлері
- Жазушы айтып келе жатқан ойын үзіп, одан әрі көп сыр, айтылмаған көп сөз бар екенін білдіру үшн көп нүкте қояды: Осылай, жіңішке жолға көлденең жатқан бір соқпа тас қысыңды, бораныңды, өлгеніңді, өксігеніңді танымайтын жаңа бір күштің мұрындығына соғылып, аударылып қалды.
- Жазушы белгілі бір іс-әрекет, оқиғаны толық суреттеп уақыт алмау үшін, оларды үзік-үзік сөйлемдермен беріп, араларына көп нүкте қояды:
…Бір уақытта табақшылардың әбігері қайтадан қыза жөнелді… Бос табақтар бөлме-бөлмеден сумаң-сумаң шығып, тағы да асүйге қарай тапия қалып келе жатыр… Сол бос табақтардың ең соңғылары Құнанбай бөлмесінен шығып бола берген кезде асүй жақтан тағы-тағы қайқайма табақ палау қаптады…
- Сөйлеуші белгілі бір себептермен (асып-сасу, қуану, әлсіреу т.б.) сөздерін, ой желісін бөліп-бөліп айтқанда, сөйлемдер, сөздер, тіпті жекелеген әріптер арасына көп нүкте қойылады: Ол: — Былай… Бас аяғыңды!.. Әпкел! Бол… Бол. Шапшаң! – деп, Майбасар, Жақыптарға да шолақ-шолақ бұйрықтар береді.
- Тұтас цитатты қысқартып бергенде, түсірілген сөздердің, сөйлемдердің орнына көпнүкте қойылады: Академик В. В. Радловтың сонау ерте кездің өзінде-ақ айтып кеткен мына сөзі көңіл қоярлық: “Қазақтың өз өлеңдерінде бағалы санайтыны ертегілердегідей әлдеқандай бір жан түршігерлік және ғажайып дүние емес, ол өзінің сезімі мен талап-тілегін, қоғамның әр мүшесі аңсайтын арман-мұратты жыр етеді…”
- Айтылған жайға басқаша тосын, күтпеген сөз қосылса, оның алдынан көп нүкте қойылады:
Осы желмен құлпыра, толқып, су бетіндей жыбыр қағып шалқып жатқан алкүре көде мен селек, далалары… дала емес – теңіздері – қандай!