пысықтауыштың сөйлемдегі қызметінен мәлімет беру.
- Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің бірі – пысықтауыш. Ол анықтауыш сияқты, басқа сөздің әйтеуір бір сапасының, ерекше белгілерін білдіру үшін жұмсалатын бағыныңқы мүше. Солай болғандықтан пысықтауыш анықтауышқа ұқсас. Дегенмен ол екеуінің елеулі айырмашылығы бар: анықтауыш заттық ұғымы бар сөздердің – зат есімдердің субстантивтенген басқа есімдердің — әр алуан сапасын меншіктілік – пәндік қатынасын білдіру үшін жұмсалса, пысықтауыш негізінде заттың қимылдық сапасының сапасын, белгісін білдіреді. Басқаша айтқанда, анықтауыш зат есімнен болған мүшені пысықтауыш етістіктен болған мүшені айқындайды.
- Сондықтан көбінесе анықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер етістікке қатысты болып, етістіктен болған мүшені “анықтаса” оларды пысықтауыш деп атаймыз. Мысалы: Найзадай шоқылар дегенде, найзадай – анықтауыш, (бірдеңе) найзадай қадалды дегенде – пысықтауыш. Сол сияқты, ол – жақсы оқушы дегенде, жақсы оқушы дегенде жақсы – анықтауыш, ол – жақсы оқыды дегенде, жақсы – пысықтауыш. Үйге үш кісі кірді дегенде, үш – пысықтауыш.
Бұл сөйлемдерде найзадай, жақсы, үш анықтауыш қызметінде де пысықтауыш қызметінде де өздері қатысты сөздермен қабыса байланысқан, екеуінде де лексикалық материалы мен тұлғалары бірдей. Дегенмен олардың айырмашылығы бірде зат есімдерге, бірде етістіктерге қатыста болуында ғана емес, сол арқылы грамматикалық мағыналардың да өзгеше болуында. Бұл ерекшелікті оларға қойылатын сұрақтарға қарап байқауға болады: Найзадай (қандай шоқы?), найзадай қадалды (қалай қадалды?).
Пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер үстеулер, үстеу мәндес есімдер, сапалық есімдер мен мекендік, мезгілдік, мақсаттық, амалдық мағыналарда жұмсалатын септеулі (жатыс, барыс, шығыс, көмектес септіктеріндегі) зат есімдер. Пысықтауыштар мағыналарына қарай: мезгіл, мекен, мақсат, себеп-салдар, амал пысықтауыш болып бөлінеді.