бастауыш пен баяндауыштың қиысуынан мәлімет беру.
- Қиысу – синтаксистік байланыстың жиі ұшырайтын бір түрі. Ол сабақтаса байланысқан сөздердің бағыныңқысының басыңқы сөздерге икемделе олардың грамматикалық мағыналары мен түлғаларына үйлесіп тұратын сөздер арасында болады. Қиысуға тұлғалық үйлесімі бар сөздер тіркесі түгел ене бермейді, тек сөздер тіркесінің бағыныңқы бөлегі басыңқы бөлегіне бейімделіп үйлесуі ғана енеді.
- Қиысу әр тілде әт түрлі екені белгілі. Мысалы, орыс тілінде бастауыш пен баяндауыш род, жақ, сан жағынан, анықтауыш анықтайтын сөзімен род, жақ, сан жағынан, септіктер арқылы қиысады. Латын мен грек тілінде анықтауыштар анықтайтын сөзімен род, септік жалғаулары арқылы қиясады да, бастауыш пен баяндауыш тек сан жағынан қиысады екен.
- Түркі тілдерінде, оның бірі қазақ тілінде, қиысу негізінде, біріне-бірі бағынышты тіркестегі бастауыш пен баяндауыш арасында болады.
Қазақ тілінде сөздер бір-бірімен орыс тіліндегідей, септік жалғауларында қиыспайды, тек оңашаланған айқындауыштар ғана айқындайтын сөздері қандай септік жалғауда тұрса, сол жалғауда тұрып қиысуы мүмкін. Баяндауыштың бастауышпен қиысуы жақтық не көптік болады.
Баяндауыштың тиісті жіктік жалғауда бастауыш болатын сөздердің жақтық мағынасын айқындап алу керек сияқты. Баяндауыштың белгілі жақтық мағынада, жақтық тұлғада айтылуы еркін бастауыштық қызметте жұмсалатын сөздердің жақтық мағынасы билейді. Бастауыш болатын негізгі сөздер — зат есімдер мен жіктеу есімдіктері. Олардан басқа сөздер де субстантивтеніп, бастауыштық қызметте жұмасала береді. Сол сөздердің тек төртеуі – бірінші және екіншісі жақтық жіктеу есімдіктер (мен, біз, сен, сіз) І, ІІ жақтық бастауыш болады да, олардан басқа сөз атаулының бәрі (тәуелдік жалғаулардың І,ІІ жағында не басқа тұлғада тұрса да) бастауыш қызметінде тек ІІІ жақтық мағынада айтылады. Сондықтан Жұмабай айтты деген сөйлемнің де, Жолдасым айтты, Жолдасың айтты деген сөйлемдердің де баяндауыштары ІІІ жақтық бастауышпен қиысып, сол ІІ жақта тұрады. Жоғарыдағыдай, бастауыш қызметінде тұрған сөздердің тәуелдік жалғаулардың жақтық мағыналары бастауыштық жақтық мағына болмайды, сол жалғауларды керек етіп, ілік жалғауда айтылатын сол жақтағы есімдіктердің меншіктелуші жағы болады.